Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет33/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61

 
100 
адамдардың,  ойшыл  –  ғылымдардың,  ақын-жазушылардың, 
саясаткерлердің кӛзқарастары мен тұжырымдары зор ықпал етеді. 
Олар  бұқара  халықтың  ой-арманын,  қажеттіліктерін  айқындап, 
нақтылап,  жариялап,  қоғамдық  ӛмір  айналымына  түсіреді. 
Қоғамдық  сана  әрбір  жеке  адамдардың  ойларының  біріккен 
жиынтығы  емес.  Ол  маңызы,  объективтік  дүниені  бейнелеуі 
жағынан жеке санадан әлдеқайда жоғары, күрделі сана. 
Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, сонымен 
бірге  болмысты  ӛзгертеді,  дамытады.  Сондықтан,  қоғамдық  сана 
шығу тегі жағынан екінші болғанымен, оның қоғамдық болмысқа 
пәрменді әсер ететінін естен шығармаған абзал. 
Қоғамдық сана түрлі ақпарат институттары (радио, теледидар, 
газет және т.б.) арқылы халық санасына сіңіріледі. Қоғамдық сана 
қоғамдық  болмыстан  алда  болуы  да  мүмкін.  (мысалы,  ғылыми 
болжаулар,  идеялар  және  т.б.)  Қоғамдық  сана  бітімдеріне: 
идеология,  құқық,  мораль,  дін,  ғылым,  ӛнер,  философия  жатады. 
Бұлардың  әрқайсысы  шындықтың  белгілі  бір  салаларын 
бейнелейді.  Саяси  сана  таптардың,  ұлттардың,  мемлекеттердің 
түбегейлі  мақсаттарын  қолдап,  уағыздап  отыратын  қоғамдық  ой 
бітімі.  Құқықтық  сананың  басты  мақсаты  –  демократияны, 
заңдылық  нормаларын,  адамдардың  құқығы  мен  бостандығын 
қорғау.  Ӛнер  шындықты  кӛркем  образдар  арқылы  бейнелесе, 
ғылыми ұғымдарда, теориялар мен заңдарда бейнелейді. 
 
Негізгі ұғымдар: 
Онтология.  Болмыс.  Субстанция.  Монизм.  Дуализм.  Материя. Кеңістік.  Уақыт.  Қозғалыс. 
Тыныштық. Даму. Бейнелеу. Тітіркену. Түйсік. Инстинкт. Сана. Кӛмескі сана. Ӛзіңдік сана. 
Рефлексия. Интуиция. Нейрофизиология. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1. 
Болмыстың негізгі формалары кандай? 
2. 
Адам болмысының ерекшеліктері неде? 
3. 
«Бірінші табиғатқа» және «екінші табиғатқа» не жатады? 
4. 
Қозғалыс және даму ұғымдарының ара қатынасы қандай? 
5. 
Қозғалыстың қандай формалары бар? 
6. 
Материя категориясын қалай түсінесіз 
7. 
Әлеуметтік уақыт және кеңістік деген ұғымдарды қалай түсінесіз? 
8. 
Қандай философиялық бағыт сіздің ойыңызша дұрыс болып табылады? 
9. 
Монизм, дуализм және плюрализм ұғымдарының айырмашылығы қандай? 
10.  Материализм мен идеализм сананың пайда болуын қалай түсіндіреді? 
11.  Сана мен тілдің арақатынасы қаңдай? 
12.  Қоғамдық сана дегеніміз не? 
13.  Бейнелеу және сана ұғымдарының ара қатынасы қандай? 


 
101 
 
Реферат тақырыптары: 
1. 
Субстанция мәселесі және оның маңызы. 
2. 
Материя ұғымының ғылыми-философиялық түсінігінің қалыптасуы. 
3. 
Философия дүниенің бірлігі мен кӛп жақтылығы туралы. 4. Кеңістік пен уақыт – 
материяның ӛмір сүру формасы. 
4. 
Қозғалыс және даму. 
5. 
Философия тарихындағы сана мәселесі. 
6. 
Қоғамдық сана және оның бітімдері. 
7. 
Сана және ӛзіндік сана. 
8. 
Материя қозғалысының формалары. 
9. 
Қоғамдық сананың формалары. 
10.  Сана және тіл. 
 


 
102 
Тақырып № 9. Диалектика теориясының 
мәселелері 
 
1.  Диалектиканың  тарихи  түрлері.  Объективті  диалектика 
және субъективті диалектика. 
2. Диалектика категорияларының мәні. 
3.  Диалектиканың  заңдары  мен  категориялары,  объективті 
дүниені бейнелеудің жалпыға ортақ формалары. 
 
1. Диалектиканың тарихи түрлері. Диалектика (грек сӛзінен 
аударғанда  тікелей  мағынасы  пікірталас,  талқылау  )  философия 
тарихында  әр  түрлі  мағынада  пайдаланылады.  Ол  ежелгі  грек 
мәдениетіңде дүниеге келді. Диалектиканы пікірталас, ой талқылау 
ӛнері  деп  түсіну  Сократтан  басталды.  Сократ  шәкірті  Платон 
диалектика  ұғымын  анализдеу  және  синтездеу  әдісі  деп 
қарастырды. 
Дүниедегі  табиғат  болсын,  заттар,  рухани  дүние  болсын 
үздіксіз  ӛзгерісте,  қозғалыста  болады.  Мұны  ежелгі  грек 
философтары ерте заманнан-ақ байқаған. Олар дүниенің түпнегізі 
ретінде  табиғаттың  ең  жылжымалы,  ӛзгермелі  заттарын  алған. 
Анаксимен  –ауаны,  Анаксимандр  –  апейрон,  Фалес  –  суды 
субстанция ретінде қарастырады. Осылайша, олар дүниенің үнемі 
ӛзгерісте, қозғалыста, бір күйден екінші күйге ауысып отыратынын 
байқаған.  Сӛйтіп,  олар  тұрпайы,  стихиялы  диалектиканың  негізін 
қалады. Бұл – диалектиканың бірінші тарихи формасы. 
Диалектиканың 
екінші 
тарихи 
формасы 
Гегельдің 
диалектикасы  болды.  Гегель  бүкіл  табиғи,  әлеуметтік  дүниені 
үздіксіз  қозғалыста,  ӛзгерісте  болатынын  айтты.  Гегель 
диалектиканың 
негізгі 
заңдарын 
тұжырымдап, 
оның 
категорияларының негізгі жүйесін жасады. Категориялардың ӛзара 
байланысы  арқылы  Гегель  дүние  мен  танымның  әмбебап 
байланысын бейнелейтін заңдылықтарды ашты. Бірақ мұның бәрі 
идеалистік  жүйеде  жасалынды.  Гегель  бұл  заңдар  мен 
категорияларды  объективті  дүниенің  емес,  Абсолютті  идеяның 
ӛзіндік дамуының заңдары мен категориялары ретінде қарастырды. 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау