Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту



жүктеу 41,94 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі41,94 Kb.
#1008
түріСабақ

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту

Әубәкірова Зәуреш Ғимадитденқызы,

Павлодар қаласындағы

№ 9 жалпы орта білім беру

гимназия - мектебінің

қазақ тілі мұғалімі.


Тәуелсіздік алғаннан бері, мемлекетімізде көптеген өзгерістер болып жатыр. Елімізде жалпы білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңіс- тігіне енуге бағыт алуда.

Қазіргі заман ағымына қарай білім берудегі мақсат - өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, қоғам мүддесіне үлес қосуда өзін - өзі белсенді етуге дайын, басекеге қабілетті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалып -тастыру. Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзы- реттілік» болып отыр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсе- тілген.

Құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Ол, ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Құзіреттілік - оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуника - тивтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамытудың маңызы зор. Оқушылар қарым – қатынас моделдерін, мәдениеттік стереотиптерді, мәдениет образдары мен символ- дарын білулері керек. Бұл оқушылардың қазақ тілінде емін еркін сөйлесуін қамтамасыз ете алады.

«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) – қажетті тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалар- мен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруді қамтиды. Оқушы хат жаза, анкета толтыра, арыз жаза, сұрақ қоя, пікір таластыра т.б. білуі тиіс. Коммуни- кативтік құзыреттілік - екінші тілді үйренуші оқушыларға тілдің заңдылықта- рын жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік және қатысымдық тәсілдерді орынды қолданумен байланыстыру. Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның ру- хани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.

Өз іс-тәжірибемде оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалып- тастыру мен дамыту жолдарын қарастырамын. Осы мақсаттарға жету үшін өз жұмысымда қазіргі заманға сай сабақтарды өткіземін, өйткені заманауи сабақ – оқушының қандай да бір құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Өз сабақ- тарымда құзыреттілік тапсырмаларды қолданып жүрмін:

- жазбаша қатынас

- мәтіннің желісі бойынша өз пікіріңді білдір

- диалог құру

- өнімді топтық қатынас

- мәтіндердің мазмұнын өз өміріңмен байланыстырып айт.

Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуға бағдарланған тап- сырмалар топтамасын дайындадым: «Тілдескіш» (сөйлесу үлгілерінен құрас- тырылған сөздікше), «Баяндамашы», «Жазбаша қатынас». Аталмыш топта -малар мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастырады, өмірлік жағдайларда қазақ тілінде қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туғызады,оқушы бойынан табиғатынан берілген шығармашылық әлеуітін іске асыруына ықпал етеді. Осы әдіс-тәсілдерді қолдану барысында, өз сабақтарымда сөйлесімнің барлық компоненттеріне тән дағдылары меңгеріліп, оқушылардың жеке тұлға ретінде өздеріне деген сенімділігі артып, шығармашылықпен жұмыс істеу дағ- дылары қалыптасуда. Мысалы, бастауыш сыныптарда «Дәрігерде», «Дүкенде» деген тақырыптарды өткен кезде «Тілдескіш» әдісін қолдандым. Оқушы «Тіл- дескішті» қолдана отырып, берілген жағдаятқа серіктесімен әнгіме құрасты- рып, өзара әңгімелесе алды.

«Жазбаша қатынас» әдісі 5-6- сыныптардағы «Менің отбасым»,«Менің досым» т.б. тақырыптарын өткен кезде тиімді. «Жазбаша қатынас» үлгісін қолдану арқылы, оқушылар ата-анасына, достарына хат жазуды үйренеді.

«Баяндамашы» әдісі жоғары сынып оқушыларына тиімді. Сабақтың бір кезеңінде белгілі бір тақырыпта баяндама жаза отырып, мәдениетті сөйлеуге, қазақша ойлауға дағдыланады.

Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың бойында коммуникативті құзіретті- лікті қалыптастырып, дамыту үшін тақырыпқа байланысты диалог, койылым- дар әзірлеу, рөлдік ойындар ойнау т.с.с. тапсырмаларды орындатуға болады.

Қорыта келгенде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру - заман талабы. Сондықтан оқушыларымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты, қазақ тілінде өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында коммуникативтік құзыреттілікті дамыту ұстаздың қолында.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

2. Ә. Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А. Арыс, 2007



3. Левитан, К.М. О содержании понятия "коммуникативная компетентность". Перевод и межкультурная коммуникация. / К.М. Левитан. Екатеринбург.: Издательство АБМ, 2001. №.2.89-91б

4. Пассов, Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. - М., 1991.
жүктеу 41,94 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау