40
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
қатысқан ата-аналардың берген жауаптарында ай-
тылды.
Төмендегі мысалда ата-ана қорғаушының оның
жағдайына қалай көмек беруіне болатынын әңгімелеп
берді. Алайда бұл қызмет негізінен әлеуметтік
қызметкердің қызметіне кіреді.
«Қалай ойлайсыз, егер сіздің қорғаушыңыз болғанда
нәтиже басқаша болар ма еді?
Әрине, қорғаушы менің әлеуметтік және қаржылық
жағдайым туралы сотқа толығырақ мәлімет бе-
рер еді. Ол күмәнсіз менің толық емес отбасым бар
екенін және баламды туылғаннан бастап күйеусіз,
жалғыз асырап отырғанымды, сонымен қатар түрлі
қиыншылықтарымның бар екенін айтар еді. Мен қазір
қомақты айыппұл төлеуге мәжбүрмін»
169
.
Қазақстанның заңнамасына сәйкес КТМАС-та
қаралатын істерге кәсіби әлеуметтік қызметкердің
қатысуы талап етілмеген. Ол олардың КТМАС
тыңдауларына қатысу деңгейінің төмендігін көрсетеді.
Қазақстанның заңнамасы 10 жастағы немесе одан
үлкен баланың пікірі оның мүдделеріне қатысты кез
келген отбасылық істерде немесе кез келген сот неме-
се әкімшілік қарауларда, егер бұл оның мүдделеріне
қарсы болса немесе мұндай пікір қамқоршылық
пен қорғаншылық қызметін атқаратын орган та-
рапынан жүзеге асырылатын жағдайлардан басқа
болса, назарға алынуын талап етеді
170
. Алайда заңда
қамқоршылық пен қорғаншылық органдары өкілінің
кәсіби әлеуметтік қызметкер болуы тиіс екені және
кәмелетке толмағандардың істерімен жұмыс жасау
үшін оларды арнайы оқыту туралы айтылмаған.
Таңдалып алынған КТМАС-тарда азаматтық істерге
жүргізілген
бақылауларға
сәйкес,
азаматтық
істерді тыңдауда қамқоршылық пен қорғаншылық
органдарының немесе бала құқығын қорғау жөніндегі
ұйым өкілінің азаматтық істер тыңдауларына
қатысуына қарамастан
171
, олардың, шынымен де,
кәсіби әлеуметтік қызметкерлер екені белгісіз.
Бұдан басқа, олар психологтардың атқаратын
қызметтеріне ұқсас жұмыс жасайды, оның үстіне
олардың КТМАС тыңдауларындағы рөлі нақты
емес. Олардың жұмыстарына қатысты пікірлер
кәмелетке толмағандардың істерімен жұмыс жа-
сауда тәжірибелерінің ылғи бола бермейтінін, сол
сияқты тыңдауларға әрқашан жақсы дайындала
бермейтіндерін көрсетті
172
.
169
Жекелеген сұхбат, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске
қатысушы ата-ана [КТМАСтың мекен-жайы туралы ақпарат алы-
нып тасталды], тамыз 2014 ж.
170
Заң бұл пікірдің ата-ананың немесе заңды өкілдің қатысуымен
баланың тұрғылықты жерінде қабылдануы тиіс екенін ескерген
жөн.
171
Таңдалып алынған КТМАС-тағы азаматтық іс тыңдауларын
бақылау нәтижелеріне сәйкес. Ата-ана құқығынан айыруға
қатысты азаматтық сияқты істердің кейбір категорияларына
қамқоршылық және қорғаншылық органдары өкілінің қатысуы
міндетті болып табылатынын ескерген жөн. (Неке (ерлі-
зайыптылық) және отбасы кодексі, 79(4) бабы.
172
Азаматтық істер бойынша қорғаушы 1, Алматы қ. КТМАС, 1 қазан
2014 ж.; ата-ана 3, азаматтық іс, Алматы қ. КТМАС, 18 тамыз 2014
ж.
Бұл олардың жетіспеушілігінен туындаған мәселе
екені белгілі
173
. Қатысушылардың кейбіреулері
қамқоршылық пен қорғаншылық органдарынан
ешқандай пайда көрмегендерін және оларға сенім
артпағандары туралы пікірлерін білдірді
174
.
КТМАС судьялары арасында жүргізілген интернет-са-
уалнамада әлеуметтік қызметкерлер психологтармен
салыстырғанда пайдасы аздау мамандық иелері бо-
лып келеді. Бұл оларға арнайы дайындықтың қажет
екенін білдірсе керек және олардың өз рөлдерін
жақсы атқару үшін тәжірибелерінің жеткіліксіздігімен
байланысты. Әйтсе де қолдаудың дәл осы формасы
зерттеу нәтижесіне сәйес сот тарапынан пайдалы
екені дәлелденді. Төмендегі Кесте 15 –те толығырақ
ақпарат берілген.
173
Азаматтық істер бойынша қорғаушы 1, Алматы қ. КТМАС, 1 қазан
2014 ж.
174
Ата-ана 6, азаматтық іс, Алматы қ. КТМАС, 27 тамыз 2014 ж.
42
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
•
КТМАС істеріне қатысатын әлеуметтік қызметкерлердің, психологтардың және педагог мамандардың жеке-
жеке атқарымдық міндеттері бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықтар болуын қамтамасыз етуге кеңес беріледі.
•
Әр КТМАС-та сот қарайтын әрбір істе, соның ішінде, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерде сот үшін
қолжетімді кем дегенде бір штаттағы әлеуметтік қызметкер тағайындау мүмкіндігін қарастырған жөн.
•
Кез-келген сәтте, КТМАС-қа қажет болған кезде, балалар клиникалық психологтары өз кәсіби тәжірибесін,
білімін және психологиялық қолдауын тегін көрсете алуы үшін КТМАС-та жұмыс жасауға тағайындалған бала-
лар клиникалық психологтарының санын бірте-бірте ұлғайту мүмкіндігін қарастырған жөн.
•
Әлеуметтік қызметкер/психолог ювеналды әділсот істерінде және КТМАС-тағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істерде, әсіресе, жаза тағайындау туралы шешім қабылданар алдында (осы туралы толығырақ
жоғарыдағы «Жазаны тағайындау» бөлімінен қараңыз) балаға әлеуметтік байқау жүргізу нәтижелері туралы
есеп ұсынуын талап етуге кеңес беріледі.
•
Әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, педагог мамандар және қамқоршылық пен қорғаншылық
органдарының өкілдері КТМАС-та қаралатын істермен айналысудан бұрын кәмелетке толмағандардың
істерімен жұмыс жасау бойынша міндетті мамандандырылған дайындықтан өтуін және олардың дағдылары
мен білімі заманауи талаптарға сай бола беретінін кепілдендіру үшін КТМАС-тағы өз жұмысы барысында
міндетті жүйелі оқыту курстарынан өтуін қамтамасыз етуге кеңес беріледі.
ПСИХОЛОГТАР, ПЕДАГОГ МАМАНДАР ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫМДАР