«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе



жүктеу 0,7 Mb.
Pdf просмотр
бет17/27
Дата23.11.2018
өлшемі0,7 Mb.
#24141
түріКонспект
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27

толықтырғаннан  соң  мәтін  оқулықтың  тақырыбына  қосылады.  Бұл  мәтін 

оқушыларға  барынша  түсінікті,  өйткені  оны  өздері  түзді  ғой.  Осы  жолмен 

қалыптасқан тарихи ұғым барынша тұрақты болмақ. 

Мұғалімнің құжаттарды таңдауына мектеп хрестоматиясы көмектеседі. 

Кейбір  хрестоматиялар  тек  құжаттарды  біріктірсе,  ендігі  бірі  -  құжаттар, 

оларға  түсіндірмелер,  ғылыми-көпшілік  әдебиетгердің  үзіңділерін  құрайды, 

ал  үішіншілері  -  көркем  немесе  басқа  әдеби  шығармалардан  тұрады. 

Сабақтың  мақсатына  қарай  мұғалім  аталған  хрестоматиялардың  бірін 

таңдайды. 

Тарихи дереккөздерінің конспектісі мен тезистерін дайындау 

Дереккөздерімен  жұмыс  жоғары  сыныптарда  ұйымдастырылады. 

Мұндай дерек көздеріне тарихшылардың, экономистер мен саясатшылардың 

ғылыми  еңбектері  мен  қолбасылардың,  мемлекет  басшыларының,  әдебиет 

пен өнер қайраткерлерінің естеліктерін қосуға болады. 

Мұғалім  сабақтағы  қысқаша  кірісіне  сөзінде  бұндай  еңбекпен  жұмыс 

жасаудың  міндеттеріне  тоқталады.  Онда  құжаттың  жасалған  уақыты, 

мақсаты  мен  міндеттері,  қысқаша  сипаты  айтылады.  Одан  әрі  еңбектің 

құрышымы,  негізгі  идеясы  сөз  болып,  тарихи  оқиғалар  мен  құбылыстарға 

баға  берудегі  маңызына  тоқталады.  Алғашқы  кезде  бүкіл  сынып  ғылыми 

еңбекті термин, ұғымдардың сөздігін жасай отырып түсіндіру арқылы оқиды. 

Мұғалім  мәтін  бойынша  сұрақтар  дайындайды.  Кейін  тек  күрделі  мәтіндер 

түсіндіріліп,  өзгесі  оқушылардың  өздігімен  оқуына  беріледі.  Олар  мәтіннен 

негізгі идеяны тауып, оған сипаттама беруге тырысады. 

Мұғалімнің тапсырмасымен оқушылар жай жоспардан күрделі жоспар 

жасауға,  одан  әрі  еңбектің  қисындық  күретамыры  —  тезис  жасауға 

ауысады.  Тезис  —  дерек  көзіне  ешқандай  сілтеме,  түсіндірме,  безендірме 

жасалмай  баяндалған  қысқаша  негізгі  мазмұн.  Тезисте  жалпы  ой  желісі 

басым болады. Алғашқы кезде оқушылар мұғалімнің көмегімен, кейін дербес 

жағдайда  еңбектің  тезисін  дайындайды.  Бір  құжаттың  негізінде  олар  тезис 

дайындап, конспект жасауға үйренеді. 

Конспектілеумәтіннің ең маңызды жағдайларын барынша қысқа етіп 

жазбаша  баяндау.  Оқушылар  құжаттың  жоспары  қалай  жасалып,  ол  қалай 

тезиске 

айналып, 

сонымен 

деректер 

және 

үлгілермен 



қалай 

толықтырылғанын  (конспектіге  айналғанын)  жетік  білуі  тиіс.  Конспектілеу 

арқылы жинақталған білім баяндама, реферат дайындағанда пайдаланылады. 

Конспект  дайындауға  байланысты  түрлі  жаднама  бар.  Солардың  бірі 

мынадай: 

1. Конспектілеу алдында шығарманы мұқият оқып, жоспарын қүру. 2. 

Конспектілеуді бастағанда автордың (немесе жинақ редакторының) дәл аты-

жөнін, жұмыстың толық атын, шыққан жері мен уақытын көрсету. 3. Ғылыми 

еңбектің  тарау,  бөлім,  параграфы  барлық  кезде  де  дәл  көрсетілуі  тиіс.  4. 

Мәтін қысқа мазмұндалады, бірақ негізгі ойлар мен дәлелдер толық жазылуы 

тиіс.  5.  Конспектілегенде  цитата  қолданылуы  керек.  6.  Конспектілеу 

барысында түрлі шартты белгілер жүйесін қолдану керек, олардың конспект 

бойынша жауап бергенде көмегі көп. 



Оқушылар  осылайша  құжаттарды  тұтастай  немесе  фрагмент  түрінде 

конспектілеуді,  сол  бойынша  тарихи  тұлғалар,  оқиғалар  мен  құбылыстарға 

баға беріп, құжатпен дербес, шығармашылық жұмыс жасауға үйренеді

 

 



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар: 

1.  Тарихи құжаттар және олардың түрлері? 

2.  Тарихи құжаттармен сабақ өтудегі басты бағыт? 

3.  Құжаттармен қалай жұмыс істеуге болады? 

4.  Конспектілеу дегеніміз не? 

      


 

 

Тақырып№6:  Тарихты  оқыту  үрдісінде    оқушылардың  білімін, 

іскерлігін тексеру және бағалау жүйесі   

Дәріс мақсаты: Тарихты оқыту үрдісінде  оқушылардың білімін, іскерлігін 

тексеру және бағалау жүйесін көрсету   

1.  Тарихты оқыту үрдісінде оқушылардың білімін, іскерлігін тексеру 

және бағалау жүйесінің қызметі    

2.  Білімді тексеру талаптары 

3.  Оқушылардың білімін, іскерлігін тексеру және бағалау түрлері, 

формасы мен тәсілдері  

 

          1

. 

Білімді  тексеру  мен  бағалау  жүйесінің  мақсаты  мен  мағынасы. 

Білімді  есепке  алу  және  бағалау.Оқушылардың  білімін  бағалау  –  күрделі 

педагогикалық  мәселе.  Білім  бағалау  барысында  әрбір  мұғалім  алдында 

мақсат  қойып,  шәкірттерінің  одан  әрі  өсу  жолын  ойластырады.  Мұғалімнің 

білімі  мен  іскерлігі,  тәжірибесі  мен  сезімталдығы,қоғам  мен  ұрпақ 

алдындағы 

жауапкершілігі, 

адамгершілігі 

мен 


мамандық 

әдебі 


педагогикалық саясат негізімен қабысып жатқанда ғана ол бұл бағытта дұрыс 

шешім қабылдай алады. Соның өзінде де мақсат билігінен көріндім деу қиын. 

 

Мектеп  мұғалімдерінің  оқушы  білімін  бағалауы  туралы  әр  түрлі  пікір 



айтылып  жүр.  Тіпті  бір-біріне  қарама-қарсы  келетіндері  де  аз  емес.  Бірақ 

өзіндік  ерекшеліктері  бар  бағалау  жүйелерімен  жұмыс  істейтін  мұғалімдер 

тәжірибесінің  жақсы  жақтарын  көре  білу  де  маңызды.  Ең  басты,  баланың 

оқуға ынтасын арттыру. 

 

Сонау кеңес дәуірінің соңғы жылдары оқу құралдары, бағдарлама, әдіс-



тәсілдер  үлкен  өзгеріске  ұшырады.  Оқыту  қиын,  балалар  игере  алмайды 

дедік. Оқу бағдарламасы қысқартылда. Толық үлгірім береміз деп жаман баға 

қою  шектелді.  Бірақ  бұдан  балалар  оқу  бағдарламасын  толық  игеріп  кете 

алмады,  қайта  кері  кету  орын  алды.  Қайтадан  жаман  баға  қою  керек  дедік. 

Бәрібір жақсара қойған үлгірім жоқ. 

 

Дегенмен  де,  оқу-тәрбие  сапасын  оқушы  –  мектеп  әкімшілігі  деген 



тізбектен  іздейтініміз  рас.  әлі  күнге    мектептегі  оқу-тәрбие  ісінің  жетістігі 

мен  кемшілігінің  нақтылы  критерийлері  жоқ.  Жұмысты  бағалау  – 

салыстырмалы дүние. Сондықтан да субъективтілікке жол беріледі. Айтылып 

жүрген  жұмыс  нәтижесі  өзара  байланысты  мәселеге  тәуелді.  Мысалы, 




жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау