Бірінші бағанадағы сұрақтар мен тапсырмалардың тұсына мұғалім
тәсіл мазмұны мен орны туралы мынадай белгілер түсіреді: «Картадан»,
«Диафильмнің 7-кадры», «Тақтаға сұлбасын сызу», «Магниттақтаны
пайдалану». Бұл жерде жауап беруші оқушының ата-тегін көрсетуге де
болады.
Сабақ жоспары. Мұғалім оқытумен бірге күшейтілген жоспар жасауды
игереді. Онда сабақтың құрылымдық элементтері пункттер бойынша
көрсетіліп, сабақтың әрбір кезеңіндегі мұғалім мен оқушы әрекетінің қандай
болатыңдығы қамтылуы тиіс.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Тарих сабағына қойылатын негізгі талаптардың бірі?
2. Сабақ жоспарын қалай жасаймыз?
3. Сабақтың мақсатын айқындаудың жолдарын Ю.К.Бабанский қалай
жүйелеген?
4. Басты тарихи дерекке нені жатқызамыз?
Тақырып№4: Тарихты оқытудың әдістері және әдістемелік тәсілдері
Дәріс мақсаты: Тарихты оқытудың әдістері және әдістемелік тәсілдерін
көрсету
1. Тарихты оқыту әдістері туралы ұғым. Оқытудың «әдісі» мен «тәсілдер»
ұғымдарының қатынастылығы
2. Тарихты оқыту үрдісіндегі әдістер мен тәсәлдердің танымдық,
тәрбиеләк, дамытушылық ролі
3. Тарихты оқыту әдістерінің жіктелуі
Оқыту әдістері дегеніміз - оқу процесіндегі оқушы мен мұғалімнің
өзара байланысты әрекеті мен оқу материалын игеруді ұйымдастырудың
тәсілдері. Көрнекті педагог М.Н.Скаткиннің анықтамасы бойынша әдіс
дегеніміз - мұғалімнің оқушыны білмеуден білуге, ебедейсіздіктен ептілікке
жетелейтін жолы, оның ақыл-ой күшін дамыту жолы. Әдістер қалай оқыту
керек деген сұраққа жауап береді. Кез-келген оқыту әдісі мақсаттан, әрекет-
жүйесінен, оқыту құралынан, күткен нәтижеден тұрады. Оқыту әдістемесінің
субъектісі де, объектісі де оқушының өзі.
Кез-келген әдісті таза күйінде қолдану өте сирек кездеседі. Әдетте
мұғалім бір сабақтың өзінде бірнеше оқыту әдістерін қатар қолданады. Ал
жеке оқыту әдісі таза күйінде арнайы жоспарластырылған сабақта немесе
зерттеу мақсатында қолданылуы мүмкін.
Мектепте тарих пәнін оқытуда басқа пәндердегі сияқты жалпы
педагогикалық-психологиялық әдістер басшылыққа алынады. Дегенмен,
тарих пәнінің мазмұнының ерекшелігіне және мақсат, міндеттеріне сәйкес
өзіндік әдіс-тәсілдерді де қолданылады.
Әдістерді топтастырғанда бірнеше негіз басшылыққа алынады.
Мысалы: 60 жылдары логикалық ойлау операциялары негіздерінде
индуктивті, аналитикалық әдістер, дидактикалық мақсатта материалды оқып-
үйрену, бекіту, алған білімді тексеру әдістері орын алды. Ғалымдар мен
әдіскерлер білім көзіне (сөздік, көрнекі, практикалық және оқушылардың
танымдық әрекетінің дербестік деңгейіне қарай әдістерді топтастыруға
ерекше ден қояды. Танымал дидактиктер М. Н. Скаткин мен И. Я. Лернер
оқушылардың танымдық әрекетінің деңгейін және олардың дербестігінің
үнемі артып отыратындығын ескеріп, оқыту әдістерін топтасырудың
мынадай әмбебап жүйесін жасады. Оларды салыстыра талдап көрейік.
Оқыту әдістері
М. Н. Скаткин бойынша
И. Я. Лернер бойынша
ақпараттық-нұсқаулық
түсіндірмелі-безендіру
қайта жасау әдісі
қайта жасаушы әдіс
өзекті мәселені мазмұндау
өзекті мәселені мазмұндау
эвристикалық
ішінара ізденушілік
зерттеушілік
зерттеушілік
Қайта жасаушы әдістер дайын білімді мұғалімнің мазмұндауы және
оқушының игеруімен байланыстырылады. Жоғарыдағы кестеде келтірілген
алғашқы екі әдіс осы топқа жатады. Басқа әдістер — өнімдік әдістерді
құрайды. Олар үш бағыттан тұратын оқушылардың дербес ізденушілік
әрекеттерімен байланысты: 1) ізденуге танымдық және практикалық
тапсырмалар мен міндеттерді қосу (құжаттармен, тарихи карталармен,
атистикалық мәліметтермен жұмыс, археологиялық қазбаларға ығысу), 2)
мұғалімнің нақты жағдайды дәлелдеу және мазмұндауда таным
процесіне
жол ашу, 3) мұғалімнің басшылығымен оқушылардың тұтас зерттеу
жұмыстарымен айналысуын ұйымдастыру (талдау және деректерді жинақтау
негізінде құжаттарды, ғылыми әдебиеттерді зерттеу).
Сөздік, көрнекі және практикалық әдістер
Сабақтағы жанды сөз монологтық (тарихи материалды мұғалім немесе
оқушының мазмұндауы) және әңгіме түрінде өтеді.
Тарихты оқытуда мұғалімнің ауызекі сөзі жетекші рол атқарады. Оның
көмегімен оқушыларға тарихи білім беріледі және олардың танымдық
әрекетіне басшылық жасалады. Ауызекі сөз — адамзаттың жүйеленген және
жинақталған тәжірибесін жеткізудің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Мұғалімнің
жанды сөзі оқу процесіне ғылымның соны жаңалықтарын, қазіргі күннің
мәселелерін шұғыл енгізуге мүмкіндік береді. Ауызекі сөз ең бастапқы білім
көп бола тұрып, басқа да білім көздерін қолдануға көмектеседі.
Тарих сабағындағы мұғалім сөзі біріншіден, ақпараттық қызмет
атқарып, өткен кезбен бүгінгі күннің тұтас болмысын жаңғыртады.
Екіншіден, қисынды қызмет атқарып, оқушылардың санасына адамзат
ойының ақиқатқа ұмтылған дәлелдік қуатын сіңіреді. Үшіншіден, тәрбиелік
қызмет: атқарады.