«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе



жүктеу 0,7 Mb.
Pdf просмотр
бет19/27
Дата23.11.2018
өлшемі0,7 Mb.
#24141
түріКонспект
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27

 

Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері. Жұмыстың бұл түріне де тарих 

сабақтарының  белгілі  үш  міндетін  орындауға  үлес  қосу  жүктеледі. 

Айырмашылығы ол міндеттер сыныптан тыс жұмыстарда басқа материалдар 

мен құралдардың көмегі арқылы орындалады. 

Сыныптан  тыс  жұмыстардың  басты  міндеттерінің  бірі  -  оқушылардың 

білімін қоғам тарихының түрлі салаларынан хабар беретін жаңа фактілермен, 

ұғымдармен  толықтыру.  Өйткені  сыныптан  тыс  жұмыстар  оқушыларды 

тарихи  білімнің  археология,  нумизматика,  геральдика  сияқты  қосымша 

салаларымен таныстырады. 

Бұл  жұмыстың  тағы  бір  маңызды  міндеті  оқушылардың  тарихқа  деген 

қызығушылығын  арттыру.  Сыныптан  тыс  жұмыс  дұрыс  ұйымдастырылса, 

тарих  пәніне  деген  оқушылардың  көзқарасы  мүдде  өзгереді,  олар  тарихтың 

қоғамдағы маңызды ғылымдардың бірі ғана емес, сонымен қатар оның әрбір 

адамға күңделікті өмірде аса қажет білім саласы екенін саналылықпен ұғады. 

Осы  тұрғыдан  келгенде  тарихтың  сыныптан  тыс  жұмыстарының 

тәрбиелеушілік  мүмкіндіктері  айқын  байқалады.  Оқушылар  сыныптан  тыс 

жұмыстардың  түрлі  формаларына  қатыса  жүріп  қазіргі  кезең  тарихындағы 

өзін  толғандырған  мәселелерге  ерекше  назар  аударатын  болады,  оларға 

жауап табуға тырысады. 

Сыныптан  тыс  жұмыстардың  тағы  бір  артықшылығы  оның  дерек 

көздерінің  алуан  түрлілігі.  Олар:  мемлекет  атынан  қабылданып  жататын 

түрлі  қаулы-қарарлар,  маңызды  тарихи  құжаттар,  қоршаған  ортада  болып 

жататын  жаңалықтар  мен  өзгерістер,  материалдық  мәдениеттің  құнды 

ескерткіштері мен  қазір жасалып жатқан тамаша ғимараттары, түрлі көркем 

бұйымдар,  мерзімді  баспасөз,  көркем  әдебиет  пен  өнер  туындылары, 

театрлар  мен  кино  залдарында  күнделікті  қойылатын  шығармалар  мен 

фильмдер,  архив,  мұражайлардағы  құжаттар  мен  экспонаттар  т.б.  Осы 

аталған және басқа да деректер оқушылардың білімін, ақыл ойын дамытуға, 

оларда  күнделікті  өмірге  қажетті  біліктерді  қалыптастыруға  үлес  қосады. 

Бұлар  әсіресе  көрсеткіш  және  энциклопедиялық  басылымдармен  жұмыс 

жасап, бибиографиялық тізім құрастырғанда, архив құжаттары мен басқа да 

деректермен  жұмыс  істегенде,  оқушылар  мен  үлкендер  арасында  хабар, 

баяндамалар  жазғанда,  тарихи  фильмдер,  көркем  әдебиеттер  туралы  пікір 

жазғанда, 

тарихи 


оқиғалардың 

куәгерлерімен 

кездесіп, 

олармен 


әңгімелескенде,  оны  қағаз  бетіне  түсіргенде,  туған  өлкесінің  өткен  тарихы 

және  қазіргі  жағдайы  туралы  материал  жинағанда,  тарихи  орындарға, 

мұражайларға  экскурсия  жасағанда,  түрлі  тақырыптарда  көрмелер 

ұйымдастырғанда,  түрлі  кестелер,  сызбалар,  көрнекі  құралдар,  макеттер, 

модельдер  жасағанда  біртіндеп  қалыптасып,  одан  әрі  дамып,  жетіле  түседі. 

Осы  жұмыстардың  бәрі  оқушыларға  өткендегі  және  қазіргі  тарихи 

құбылыстар  мен  оқиғаларға  ғылыми  тұрғыдан  қарауды,  қоғамның  даму 

зандарын  түсінуді,  өзі  меңгерген  тарихи  білімін  өмірде  қолдана  алуды 

үйретеді. 



Оқушы  сыныптан  тыс  жұмыстардың  өзі  таңдаған  формаларына  қатыса 

отырып,  белгілі  бір  ұжым  мүшелерімен  жұмыс  істейді:  қиындықты  да, 

жұмыстың  нәтижесін  де  бірлесіп  көреді,  бұл  оларды  ұйымшылдыққа, 

бірлесіп шығармашылық жұмысты істеуге тәрбиелейді т.б. 

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі ерекшеліктері: 

Жұмыстың бұл түрінің тарихи білімді күнделікті оқытуды ұйымдастыру 

формалары арқылы үйретуден бірқатар өзгешеліктері бар. Оларды жеке-жеке 

атап өтейік. 

Алдымен  назар  аударатын  ерекшелік  бұл  жұмыстың  еріктілік  сипаты. 

Тарихшы  мұғалімдер  оқу  жылы  басында  өз  шәкірттерін  мектепте 

ұйымдастырылатын  сыныптан  тыс  жұмыспен,  оның  формаларымен 

таныстырғаннан  кейін,  оқушылар  жұмыстың  қандай  түріне  қатысатынын 

өздері  таңдайды.  Мұғалім  тек  білімдік,  тәрбиелік,  дамытушылық  жағынан 

тиімдірек  түрлерін  басымырақ  ұсынады.  Ал  оқушыларды  сыныптан  тыс 

жұмыстардың  түрлеріне  бөлгенде  олардың  ынтасын,  бейімділігін  ескеру 

керек. 


Сыныптан  тыс  жұмыс  қазіргі  кезеңмен  тығыз  байланысты  жүргізіледі. 

Мұның өзі бұрын болып өткен оқиғаларды қазіргі жағдайлармен салыстыру, 

өткендегінің  қазіргімен  байланысты  тұстарын  ашып  көрсету,  қазіргі 

қоғамдық-саяси, әлеуметгік-экономикалық, мәдени жағдайларды жақсы білу, 

түсіну  үшін  тарих  пәнінің  өмірлік  маңызы  зор  екенін  және  де  Қазақстан 

Республикасының  тәуелсіздік  алғаннан  бергі  жылдардағы  қол  жеткен 

табыстарын айқын сезіну үшін қажет. Өткенді қазіргімен байланыстырудың 

басқа  да  жолдары  бар,  бірақ  қандай  тәсілді  қолдансақ  та,  ол  оқушылардың 

ойлау қызметінің одан әрі дамуына, тәрбиелілігінің жақсара түсуіне әсер етуі, 

демек әдістемелік жағынан тиімді болуы тиіс. 

Сыныптан  тыс  жұмыстар  оқушылардың  зерттеу  әдісімен  танысуына, 

оны  іс  жүзінде  байқап  көруіне  мүмкіндік  береді.  Бұл  жұмыс  алдымен 

оқушылардың  сабақ  үстіндегі  өздігінше  атқаратын  жұмысында  басталады. 

Бірақ та сабақ үстінде зерттеу жұмысын жүргізу шектеулі. Ал сабақтан тыс 

уақытта  бұған  мүмкіндік  мол.  Мұнда  оқушыларға  күрделірек,  көлемді 

тапсырмалар  беріледі,  ал  тапсырмалар  көбіне  жалпы  беріледі,  оларды 

шешудің нақты жолдарын оқушылар өздері іздеп табады. Мұны біз Алматы 

қаласындағы №12 мектептің жоғары сынып оқушыларымен өткен ғасырдың 

80  жылдарының  екінші  жартысында  Республикалық  Мемлекеттік  архивте, 

Республикалық 

Мемлекеттік 

өлкетану 

мұражайында 

жүргізген 

жұмыстарымыз  кезінде  байқадық.  Мұндай  жұмыстар  Қазақстан  тарихы 

бойынша қазір көптеген мектептерде жолға қойыла бастады. 

Сыныптан  тыс  жұмыстардың  көбінің  қоғамдық  пайдалы  бағыты  бар, 

яғни  жұртшылық  үшін  пайдалы  іс  деген  сөз.  Мәсселен,  жоғары  сынып 

оқушылары халық арасында саяси үгіт-насихат жұмысын жүргізеді, тарихи-

мәдени  ескерткіштерді  тауып,  оларды  қамқорлыққа  алады,  ұйымдар  мен 

мекемелердің  тапсырмаларын  орындайды  (үлкен  қалалардағы  бірқатар 

мектептер  қалалық  әкімшілікпен  бірлесе  отырыи  белгілі  ауданның, 

көшелердің  экологиялық  тазалығын  қамқорлыққа  алады  т.б.),  ғылыми 



жүктеу 0,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау