37
Жиынтық бағалау тоқсанды аяқтауы бойынша білім алушылардың білімді
меңгеруініңкіріктірілген деңгейімен дағдыларының қалыптасуын айқындауға
арналған. Оқу тоқсаныныңаяғында жүргізіледі.
Бағалауды жүргізу тәртібі бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу
жетістіктерінкритериалды бағалау Ережесінде көрсетілген [31].
Осы құжат қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жүргізу тәртібін,
тоқсандық жиынтық бағалау модерациясын жүргізу тәртібін, сонымен қатар,
білім алушыларға тоқсандық және жылдық баға қою тәртібін енгізеді.
Сонымен қатар, білім алушылардың оқу жетістігін бағалау
өлшемшарттары қарапайым балаларға да арналған. Сонымен, ерекше
қажеттілігі бар балалар үшін де тілдік емес пәндер және тілдік пәндер бойынша
екі түрге бөлінеді.
Ерекше оқыту қажеттілігі бар білім алушылардың оқу жетістігін бағалау
өлшемшарттары келесі ережелерге негізделген:
-
Біледі – нақты фактілерді, ақпаратты және сипаттамаларды қайта
жаңғырту немесе есте сақтау қабілетінің бағасы.
-
Түсінеді – ақпаратты дұрыс қайта жаңғырту, болжау немесе түсіндіру
арқылы меңгерілген материалды түсіну және түсіндіруқабілетініңбағасы.
-
Қолданады – проблемаларды шешу мақсатында меңгерілген материалды
нақты жағдайларда және жаңа жағдаяттарда қолдану қабілетінің бағасы.
Практикалық жұмыс, эксперименттер, проблемаларды шешу мен жаңа
және/немесе түрлі өнімдер жасау білімді қолдануды көрсетудің тәсілдері болып
табылады.
-
Талдайды – түрткілер мен себептерді, ой қорытындыларын анықтау,
ортақ ережелерді негіздеу үшін дәлелдер табу арқылы ақпараттық
материалдарды
құрамдас
бөліктерге
бөлу,
ақпаратты
зерделеу
қабілетініңбағасы.
-
Жинақтайды – бөліктерді (идеялар, элементтер) жаңа мәнмәтінге
біріктіру, қиыстыру қабілеті, мысалы қолдағы бар мәліметтерді реттейтін
хабарлама (баяндама, сөз), іс-әрекет жоспары, сызбалар. Оқытудың тиісті
күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу шығармашылық сипаттағы қызметті
болжамдайды.
-
Бағалайды – қандай да бір материалдың (пікірлер, көркемдік
шығармалар, зерттеу деректері) маңызын бағалау қабілетінің бағасы.
Ерекше қажеттілігі бар білім алушылардың оқу жетістігін бағалау
өлшемшарттары тілдік пәндер бойынша қызметтің 4 түріне негізделген:
-
Тыңдалым – түрлі тақырыпта ауызша айтылғандардың негізгі мазмұнын
түсіну; олардан негізгі ақпаратты айырып көрсету; айтушының пікірін тани
білу; мәнмәтін бойынша сөздің мағынасын айқындау; түрлі стратегияларды
қолдана отырып, білім алушылардың деңгейлеріне сәйкес мәтіндердің әр
түрінің мазмұнын қабылдау және түсіну қабілетінің бағасы.
-
Айтылым – түрлі тақырыптардағы әңгімеде сөйлесудің ресми және
сөйлеу стильдерінің сөздерін қолдану; қажет ақпарат алу үшін анағұрлым
күрделі сауалдар қою; өз ойын білдіру; күтпеген түсініктерге пікір білдіру;
38
құрдастарымен тапсырманы орындау барысында қарым-қатынас жасау; арнайы
лексиканы сауатты қолдану; тарихты және оқиғаларды қайта айтып беру
қабілетінің бағасы.
-
Оқылым – түрлі тақырыптардағы көркемдік және ғылыми мәтіндердің
негізгі мазмұндарын түсіну, олардың ішінен ақпаратты іздестірудің түрлі
стратегияларын қолдана отырып түйінді ақпаратты айырып көрсету; мәнмәтін
бойынша сөздердің мағыналарын анықтау; автордың қатынасын және пікірін
тани білу; сөздердің мағынасын тексеру және оқылғанды түсінуін тереңдету
үшін қағаздағы және сандық дереккөздерді пайдалану қабілетінің бағасы.
-
Жазылым – түрлі тақырыптарға жазбаша жұмыстарды жоспарлау, жазу,
редакциялау және түзету; қазір болған және ойдан шығарылған оқиғалар
туралы, оқылғанға сыни пікірлер жазу; орфографиялық және грамматикалық
қателер жібермей, барынша сауатты жазу; белгілі стильді ұстану; түрлі тізбек-
сөздерді қолдана отырып, сөйлемдерді параграфтарға байланыстыру
қабілетінің бағасы.
Бағалауды жүргізу тәртібі бойынша бастауыш білім берудің оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың
оқу жетістіктерін критериалды бағалау Ережесінде егер білім алушы
бөлімдер/өтпелі тақырыптар немесе тоқсандық жиынтық бағалау өткізу кезінде
дәлелді себептермен, оның ішінде ауырып қатыспаған жағдайда, білімалушы
бөлімдер/өтпелі тақырыптар немесе тоқсандық жиынтық бағалаудан мектепке
келгеннен кейін екі апта көлемінде өтуі қажет деп қарастырылған, сонымен
қатар, жиынтық бағалау тапсырмаларының қосымша нұсқалары қолданылады
[31].
Ерекше қажеттілігі бар білім алушылар үшін жаңа бағалау жүйесін
қолданудың ерекшелігі, ерекше қажеттілігі бар балаларда тоқсанда және оқу
жылы ішінде сол және басқа да өлшемшарттарға қол жеткізу үшін жеткілікті
уақыттың болуы болып табылады.
Сонымен, критериалды бағалау жүйесі ерекше қажеттілігі бар білім
алушылардың жетістіктерін өлшеу құралы және осындай категориядағы білім
алушылар үшін білім беру қызметі сапасын анықтауға мүмкіндік беретін білім
беру процесінің диагностикасы және ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларды
оқыту стратегиясы, мазмұны мен әдістемесі бойынша түбегейлі шешім
қабылдау болып табылады.
Инклюзивті оқытуда бақылау, тексеру және оқыту нәтижелерін бағалау –
оқыту-тәрбиелеу үдерісінің ажырамас құраушысы болып табылады, оларсыз
мұғалім мен оқушы арасында толыққанды өзара әрекет ету мүмкін емес.
Бағалау – бұл қолданыстағы бағдарламалардың талаптарымен салыстырғанда
пән мазмұнын меңгерудегі оқушының білім деңгейін анықтау үдерісі.
Бағалау келесі көрсеткіштермен сипатталуы керек:
-
адекваттылықпен, яғни орындалып жатқан әрекет (дидактикалық және
оқу мәселелерін шешу) бойынша (оқушы, мұғалім) пайымдауларының өзін-өзі
бағалау сәйкестігімен (сәйкессіздігі) анықталынады;
-
сенімділікпен, яғни бағалау тәсілі ретінде қолданылатын
көрсеткіштермен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |