Методическое пособие Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5,34 Mb.
Pdf просмотр
бет12/46
Дата21.11.2018
өлшемі5,34 Mb.
#22923
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46

 
27 
болып  табылатын  сипаттаушы  баға,  баланың  мектепте  бар  екендігі  туралы 
жалғыз  құжат  болып  табылады.  Сипаттаушы  бағаның  негізінде  ата-аналар 
баланың  мектептегі  қызметтің  барлық  түрлеріне  қосылатынын,  тіпті  оқу 
үлгерімі ең төмен оқушымен де жұмыс жасап, нәтижелерге қол жеткізу мүмкін 
екеніне көз жеткізуі тиіс. Ата-аналардың бойында осы жұмысқа қосылуға деген 
ынтасын ояту қажет.  
Бағалау  жүйесін,  әсіресе  инклюзивті  білім  беру  жағдайында  жұмысқа 
қабілетті  қылып,  мына  төмендегілерді  орындай  алатындай  етіп  жетілдіру 
қажет: 

оқушы  оқу  материалын  қаншалықты  табысты  игергенін  немесе 
практикалық дағдыны қалыптастырғанын анықтауға мүмкіндік беру; 

танымдық  қызметінің  әр  саласында  оқушының  табыстары 
динамикасын көрсету; 

мадақтаушы,  дамытушы,  оқушылардың  өзін-өзі  бағалауына  ықпал 
ететін тетікті негізге алу; 

«мұғалім  –  оқушы»,  «ата-ана  –  сынып  жетекшісі»,  «әкімшілік  – 
педагогикалық ұжым» байланысын көздеу. 
Бұл  оқу  үдерісінің  қалыптасуына  жүйелі  көзқарасты  қалыптастырады, 
яғни оның тұтастығын білдіреді. 
 
 
 
 
 
 
 


 
28 

Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  ерекше  білім  беруде  қажеттіліктері 
бар  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  критериалдық  бағалау  жүйесіне 
қойылатын талаптар 
 
Критериалды бағалау білім алушылардың оқу жетістіктерін оқу процесіне 
қатысушылардың  барлығына  алдын  ала  белгілі  бағалау  критерийлерімен 
(қалыптастырушы бағалаудағы жетістіктер критерийлерімен және жинақтаушы 
бағалаудағы  балл  беру  критерийлерімен)  салыстыру  арқылы,  білім  берудің 
мақсаты  мен  мазмұнына  сәйкес  жүргізіледі.  Критериалды  бағалау  жүйесіне 
қойылатын талаптар оқу жоспарында көрсетілген нақты оқу пәндеріндегі әрбір 
тақырыптың  бөлімі  бойынша  оқу  мақсаттарының  жүйесіне  сәйкес  жүзеге 
асырылады. Критериалдық бағалау жүйесі бағалаудың келесі түрлерін: 
− 
қалыптастырушы бағалауды; 
− 
ішкі жиынтық бағалауды; 
− 
сыртқы жиынтық бағалауды жүзеге асырады.  
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына (15 сәуір 2016 жылы 
өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізілген)  сәйкес  уәкілетті  орган  білім 
алушылардың  білімін  бағалау  өлшемшарттарын  әзірлейді  және  бекітеді. 
Осыған байланысты, жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламаларына 
сәйкес  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау  талаптары  сатылап 
критериалды бағалау жүйесіне көшіріледі [1, 15]. 
Инклюзивті  білім  беру  жағдайындағы  білім  алушылардың  оқудағы 
жетістіктерін  анықтауға  негіз  болатын  бағалау  критерийлері  нормативтік 
құжаттарда  көрсетілгендей  оқушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын 
талаптарына сәйкес әзірленуі тиіс [1, 10, 16, 17].  
Ескеретін  жағдай,  мектепте  оқитын  ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар 
балалардың  басым  көпшілігі  зерде  дамуы  қалыпты  және  зерде  дамуының  тек 
жеңіл бұзылыстары бар балалар болғандықтан, дамуында ауытқушылығы жоқ 
өзінің құрбыластарымен білім мазмұнын бірдей игереді. 
Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  критериалды  бағалау  жүйесін 
жетілдіріп,  оның  келесі  мүмкіндіктерін  беретіндей  көп  атқарымды  және 
қолданысқа жарамды болуын қарастыру қажет: 
−  оқушының  оқу  материалдарын  қаншалықты  табысты  меңгергенін 
МЖМБС талаптарына қаншалықты сай келетінін анықтауға мүмкіндік беруі; 
−  танымдық іс-әрекет салаларында оқушылардың жетістік динамикасын 
қадағалап отыруға мүмкіндік беруі; 
−  критериалды  бағалау  жүйесінің  талаптарына  түзетулер  енгізу  үшін 
жеке дамыту жұмыстарының нәтижесін ескеріп отыру; 
−  оқушының  жеке  қажеттіліктеріне  және  оқу  бағдарламасының 
мазмұнын игеру қарқынына байланысты бағалау талаптарына енгізілуі мүмкін 
түзетулерді болжау. 
Критериалды  бағалау  жүйесі  мектеп  бітіруші  түлектің  тұлғасына 
қойылатын  қазіргі  заманғы  білім  беру  парадигмасының  талаптары  бойынша, 
балалардың  әртүрлі  мүмкіндіктерінің,  соның  ішінде  ерекше  білім  беруде 


 
29 
қажеттіліктері 
бар 
балалардың 
мүмкіндіктерін 
ескере 
отырып 
қалыптастырылады. 
Сондықтан,  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау  жүйесі  мектептегі 
құзыретті білім беру шарттарында келесі қағидаттарды ескеру арқылы әзірлену 
қажет:  
− 
меңгеру деңгейін саралау;  
− 
критериалды бағалау;  
− 
бағалаудың объективтілігі;  
− 
бағалауды дараландыру;  
− 
бағалауды жариялау 
[
19
]
.  
Инклюзивті  сыныптарда  оқыту  адамгершілік  тұрғыда,  тұлғаға 
бағытталған  негізде,  дамытушы,  дифференциалды  және  жеке  қажеттіліктерін 
ескере отырып жүзеге асырылады. 
Жоғарыда  аталған  бағалау  принциптерін  ескере  отырып,  мектептің 
құзыретті  білім  беруге  жағдайында  қалыптастырылған  оқушылардың  білім 
жетістіктерін  бағалау  жүйесі  мектеп  практикасындағы  жаңа  білім 
парадигмаларының  талаптары  мен  бағалау  құралдарының  арасындағы 
қайшылықтарды жоюға көмектеседі.  
Атап айтқанда:  
−  оқу  материалдарын  игеруіне  қарай  деңгейлеп  дифференциациялау 
арқылы  қалыптастырылған  бағалау  шкаласының  критериалды  бағалау 
платформасы  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  объективті  бағалауға 
мүмкіндік береді; 
−  бағалаудағы  жариялылық  көптеген  психологиялық  тұрғыдағы 
мәселелерді шешуге көмектеседі, соның ішінде, білім алушылар мен олардың 
ата-аналарының  арасындағы  қанағаттанғысыз  бағаға  қатысты  қақтығыстар, 
білім  алушылар  мен  олардың  мұғалімдерінің  арасындағы  балаға  қойылған 
бағаға  келіспеушілік  тұрғысындағы  даулар,  мұғалімдер  мен  ата-аналар 
арасындағы қостарапты түсініспеушіліктер. 
Зерде дамуының бұзылыстары бар балаларды қоспағанда, дамуында және 
денсаулығында ауытқушылықтары анықталған, білім алуға арнайы қажеттілігі 
бар балалардың жалпы мектептегі пәндер бойынша оқу жетістіктерін бағалау, 
кейбір  бұзылыс  түрлеріне  байланысты  шектеулерді  ескермегенде  (көру,  есту, 
сөйлеу,  тірек-қимыл  аппараттарының  бұзылыстары,  әлеуметтік-эмоционалдық 
бұзылыстар), жалпы сыныпқа арналған критерийлер мен көрсеткіштер арқылы 
бағаланады. 
Түзете  дамыту  пәндері  бойынша  бағалау  критерийлері  кез  келген 
тақырыпты игеру барысындағы оқу материалдарымен және қалыптастырылған 
дағдыларымен тығыс байланысты болуы тиіс. Олар білім алушының әртүрлі іс-
әрекеттерінің  жиынтығы  болып  табылады  және  жұмыс  барысында  оқу 
әрекеттерін  жүзеге  асыра  отырып,  білім  деңгейін  шыңдауына  көмектеседі. 
Осылайша белгілі бір білім дағдыларының қалыптасуын жедел бақылап отыру 
жүзеге асырылады.  


жүктеу 5,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау