Методическое пособие Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5,34 Mb.
Pdf просмотр
бет17/46
Дата21.11.2018
өлшемі5,34 Mb.
#22923
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46

 
39 
Оқу  жоспарының  инвариантты  бөлімінің  пәндері  бойынша  бастауыш 
мектептің 1-сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау – вербалды түрде, 
ал 2- сыныптан бастап бағалау баллдармен жүргізіледі. 
Бағалау үдерісінде өз әрекетін бағалай алу маңызды болып табылады. 
Жұмысты бағалау үдерісі келесі кезеңдерден тұрады: 

жұмысты орындау; 

бағалау критерийлерін жасау; 

белгіленген критерийлер бойынша оқушының өз жұмысын бағалауы; 

сол критерийлер бойынша мұғалімнің оқушы жұмысын бағалауы және 
тексеруі; 

мұғалім бағасы мен оқушы бағасын салыстыру; 

бағадағы келіспеушіліктерді анықтау. 
Өзін-өзі  бағалау  тиімді  болуы  үшін  оқушының  мұғаліммен  бағалануы 
қажет,  жұмыс  бөлігін  өзі  таңдай  алуы  керек.  Ол  бағалау  критерийлерін  өзі 
анықтай  алады.  Мұндай  тәсіл  бағалау  әрекетінде  оқушының  жауапкершілігін 
қалыптастырады. 
Ең алдымен, басқа балалардан ерекше, оқушының жеке бас жетістіктері 
бағаланады. 
Оқушы  бақылауға  алынған  тапсырманың  күрделілігін,  үй  жұмысының 
көлемі  мен  күрделілігін  өзі  таңдай  алу  құқығына  ие.  Мұндай  тәсіл  кезінде 
талаптану  деңгейі  мен  жетістікке  жету  деңгейінің  ара  қатынасы  мұғалім 
жұмысының арнайы пәніне айналады. Сөйлеу тілінің бұзылыстары (моторлық 
алалия,  дизартрия),  психикалық  дамуының  тежелуі  бар  бастауыш  мектеп 
оқушыларының талаптану деңгейі, соның ішіндегі жетістікке жетпеу реакциясы 
қалыптыға  сәйкес  болмайды.  Жаттығуларды  сәтті  орындағаннан  кейін 
оқушылар  күрделі  емес,  қарапайым  тапсырмаларды  орындауға  кіріседі. 
Балаларда  қорғаныс  реакциясы  –  төмендетілген  деңгейде  болса  да  жетістікті 
қолдауға  ұмтылуы  іске  қосылады,  яғни  оларға  талаптанудың  төмендетілген 
деңгейі тән. 
Оқушының  өзін-өзі  бағалауы  біртіндеп  дифференциалдануы  керек. 
Басқаша айтқанда, оқудың алғашқы күндерінен-ақ бала әр қайсының өз бағалау 
критерийлері  бар  көптеген  дағдалардың  жиынтығы  ретінде  өз  жұмысын  көре 
алуға үйрену керек.  
Мысалы,  математика  пәнінің  тапсырмасы  қателер  саны,  тазалығы, 
ынталылығы, күрделілігі бойынша бағаланады.  
Жазбаша жұмысты (мысалы, үй жұмысы) бағалау кезінде  орындалудың 
тек кемшіліктері мен қателіктерін ғана белгілемей, сондай-ақ сәтті орындалған 
барлық жерлерін белгілеп, ынталандыру жазбаларын жасау керек. 
Оқушы  мен  мұғалім  оқыту  әрекетінің  өнімдерін  портфолиоға 
орналастырады.  
Жоғарыда  айтылып  кеткендей,  мектепте  баллдармен  берілген  баға 
көрсеткішімен  де  бағаланатын  білім  деңгейіне,  икемділігіне  және  дағдыларға 
деген  талаптар  арасында  нақты  ара  қатынасты  орнататын  және  баға 
нормаларында  іске  асатын  оқушыларды  бағалау  критерийлері  жұмыс  істейді. 
Бағалау  объектілері  –  бұл  оқушының  оқу  әрекетінің  құрамдас  бөліктері: 


 
40 
мазмұнды,  операциялық,  мотивациялық.  Алайда,  оқушылардың  оқу  әрекетін 
бағалау  тек  білім  деңгейін,  икемділігін  және  дағдыларын  бағалаумен 
шектелмеу керек. Оқушылардың танымдық үдерістеріне, эмоционалды-еріктік 
саласына,  сөйлеу  әрекетіне  мақсатты  түрде  бағытталған  коррекциондық  әсері 
нәтижесінде  қалыптасатын  тұлғалық  өзгерістерді  қадағалау  және  бағалау 
маңызды.  
Бұл салада тұлғалық дамуды кешенді түрде анықтайтын сипаттамаларды, 
яғни  жалпы  оқыту  және  негізгі  ұғымдардың  қалыптасу  деңгейі,  практикалық 
және  шығармашылық  әрекеттердің  тәжірибесі,  эмоционалды-құндылықтық 
қатынастары,  кәсіби  бағытталуы  және  т.б.  сипаттамларды  бағалау  маңызды 
болып табылады.  
Алайда,  белгіленген  көрсеткіштердің  сандық  бағалары  мәселесін  тек 
практикалық  қана  емес,  сондай-ақ,  теориялық  жағынан  шешу  өте  күрделі. 
Өйткені  тіпті  білімді,  оған  қоса  тұлғаның  дамуын  сипаттайтын  құзыреттілік, 
сонымен  қатар  потенциалды  мүмкіндіктер  және  т.б.  бағалау  үшін  сенімді 
технологиялар жоқ. 
Портфолио  –  бұл  оқытудың  белгіленген  кезеңінде  тұрақты, 
жинақталынған  оқушының  басты  жұмыстары  және  жеке  бас  жетістіктерінің 
бағалары. Портфолио бағалау үдерісіне ғана емес, сондай-ақ, өзін-өзі бағалауға, 
жеке  тұлғаға  бағытталған  бағаға,  шынайы  бағалауға  жуықталған.  Дәстүрлі 
бағалау  әдістерінен  портфолионың  айырмашылығы  бұл  оқушының  өзіндік 
жұмыс  режиміндегі  әрекеттерінің  үдерісі  мен  нәтижелері  туралы  негізделген 
ақпаратпен  мұғалімді  қамтамасыз  етуі,  оның  өз  әрекетінің  нәтижелері  туралы 
өзіндік бағалық пайымдарын іске асырудың шығармашылық мүмкіндіктері мен 
дағдыларын жетілдіру.  
Портфолионың  ең  басты  артықшылығы  оның  оқыту  сапасын  әр  түрлі 
позициялар  бойынша  жан-жақты  және  сан  қырлы  сипаттайтындығында: 
оқушының  ойлау  әрекетін,  оның  салааралық  дағдыларын,  мәселені  анықтай 
алуын,  ерекше  міндеттерді  шеше  білуін,  оқу  пәндерін  білуі  және  дағдыларды 
меңгеруін, нәтижеге қол жеткізуге деген табандылығын және т.б. бағалау. 
Оқыту портфолиясының педагогикалық идеясы бағалау формасы ретінде 
келесі жағдайларды қарастырады: 

екпінді  оқушының  білмейтіні  мен  істей  алмайтынынан,  бұл  тақырып, 
бөлім, пән бойынша оның білетіні мен істей алатынына ауыстыруды; 

сандық және сапалық бағалардың интеграциясын; 

сыртқы бағалауға қатысты өзін-өзі бағалаудың басымдылығын. 
Инклюзивті сыныпта портфолио оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау 
критерийлерін  жете  толықтыратын  бақылау  мен  бағалаудың  маңызды  құралы 
болып табылады.  
Мұғалім әзірлейтін портфолио процессуалды, яғни оқу әрекетінің белгілі 
бір  мерзімін  қамтуы  және  визуалды  (оқушының  әрекет  өнімдерінің 
материалдарын  мұғалім  папкаға,  қағазға  арналған  қорапқа  және  т.с.с.  салады) 
болуы тиіс.  


жүктеу 5,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау