Методическое пособие Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5,34 Mb.
Pdf просмотр
бет14/46
Дата21.11.2018
өлшемі5,34 Mb.
#22923
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46

 
32 
орындауға  бағдарланбаған  арнайы  оқу  жоспарларына  және  бағдарламаларына 
сәйкес білім алады [19].   
Танымдық  қызметінің  және  тұтас  жеке  тұлғасының  анық  жетілмеуі 
себебімен  зерде  бұзылыстары  бар  оқушылар  оқу  процесінде  айтарлықтай 
қиыншылық  көреді.  Әлеуметтік  тұрғыдан  дұрыс  ұйымдастырылған  оқу  мен 
тәрбие  әсерінен  балалардың  білім  сапасы  дамиды,  белгілі  білім,  білік, 
дағдыларды  алады.  Бірақ  оқудағы  осындай  ілгері  басқан  қадамдар  түрлі 
оқушыларда  бірдей  бола  бермейді.  Ақыл-ой  кемістігі  бар  балаларды  оқыту 
мүмкіндіктерінің  түрлілігі  даму  бұзылысындағы  тереңдігіне  және  таралуына 
байланысты болады.  
Дегенмен,  критериалды  бағалау  жүйесін  қолдану,  ақыл-ойының 
дамуында  кемістіктері  бар  балалардың  да  даму  динамикасындағы  оң 
өзгерістерді  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Түрлі  мақсаттарға  сәйкес, 
оқушылардың  жетістіктерін  қадағалау  және  бағалау  орындалуы  тиіс,  олар 
жалпы  бағалау  нормаларына  негізделе  алмайды.  Баға  оқушының  ілгері 
басуының  дәрежесін  ескеріп,  оның  оқу  және  даму  процесін  белсендендіріп, 
тәрбиелік  және  түзете-дамыту  міндеттерін  орындауы  керек.  Ақыл-ойының 
дамуында  кемістіктері  мен  ауытқушылықтары  бар  балалар  үшін  олардың  оқу 
жетістіктерін  бағалаудың  критериалдық  жүйесі  бойынша  Ы.  Алтынсарин 
атындағы Ұлттық білім академиясы «Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу 
жетістіктерін  критериалды  бағалау  жүйесі»  тақырыбында  әдістемелік 
ұсынымдарын әзірлеген [20]. 
Инклюзивті  білім  беру  жағдайында  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 
бағалауға қойылатын басты талаптардың бірі, олардың жеке ерекшеліктері мен 
мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  жалпы  оқу  мақсаттарының  орындалуын 
қамтамасыз ету.  
Сонымен  қатар,  бағалау  критерийлерін,  жалпы  оқушылардың  оқу 
жетістіктерін  бағалаудың  қабылданған  принциптеріне  сүйене  отырып  әзірлеу 
қажет  және  ол  білу  деңгейінен  бастап,  нәтижені  бағалау  деңгейіне  дейінгі 
аралықты қамтиды.  
Оқушы:  
− 
өтілген оқу материалын білетінін және түсінетінін көрсете алады;  
− 
алған білімін стандартты және өзгеше жағдайларда қолдануға қабілетті;  
− 
тиісті  тәсілдерді  қолдана  отырып,  қандай  да  бір  тапсырмаларды 
зерделей алады, заңдылықтарын таба алады, олардың арасындағы байланысты 
анықтай алады;  
− 
шартты  белгілер  мен  тиісті  сәйкес  терминологияларды  қолдана 
отырып, ақпаратты түсінікті жеткізуге қабілетті;  
− 
оқу  міндеттерін  шешу  мақсатында  таңдалған  тәсілдердің  дұрыстығы 
мен тиімділігін зерделеп, ойын айта алады. 
Критерийлер оқу тапсырмасының қандай деңгейде орындалғанын нақты 
бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерге жіктеледі, ал бұл көрсеткіштердің 
әрқайсысы оқушының оқу мақсаттарын орындауда нәтижеге қандай дәрежеде 
жақындағанын анықтап береді. Критериалды бағалау жүйесін қолдануда әрбір 


 
33 
тапсырма  бағаланып  отырады.  Нәтиже  әрбір  тапсырманың  жекелеген 
элементтерінің  дұрыс  орындалуына  қойылған  бағалаудан  тұратын  жиынтық 
балдық көрсеткішпен өлшенеді.  
Критериалды  бағалау  жүйесі  кері  байланыс  функциясын  атқарады. 
Сондықтан күнделікті ағымдағы оқу тапсырмаларын орындау барысындағы ең 
қанағаттанғысыз нәтиженің өзін оқушы жеке оқу жетістіктерін жақсарту үшін 
берілген  ұсынымдар  деп  қабылдайды.  Критериалды  бағалау  жүйесінде  әр 
балдық  көрсеткіш  жетістік  деңгейін  көрсетеді.  Маңыздысы,  бағалау 
шкаласының нөлден басталатынында, бұл оқушының жеке тұлғалық қасиеттері 
емес, керісінше оқу іс-әрекеті бағалаудың тағы бір көрсеткіші [19]. 
Оқушының  білімін  критериалды  бағалауға  арналған  дескрипторлар 
тексерілетін әр тапсырмаға құрастырылады.  
Қазіргі  уақытта  білім  алушының  оқу  жетістіктерін  бағалауда  жалпы 
қолданысқа  енген  бірыңғай  критерийлер  жоқ.  Себебі,  оқушылардың  оқу 
жетістіктерін  бағалау  критерийлері  қандай  да  бір  педагогикалық  мақсаттар 
таксономиясының негізінде жасалады.  
Бүгінгі  күні,  деңгейлер  санымен,  сол  деңгейлердің  негізінде  жасалған 
критерийлерімен,  әрбір  деңгейлерді  тармақтарға  жіктеп  көрсететіндігімен 
ерекшеленетін көптеген таксономиялардың түрлері бар екені белгілі. Дегенмен, 
бұл  мақсаттардың  барлығы  да  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау 
критерийлерін қалыптастыруға болатын негізгі төрт деңгейді қамтиды.  
Инклюзивті  білім  беретін  мектеп  сыныптарындағы  білім  алушылардың 
оқу  жетістіктерін  бағалау  критерийлерін  әзірлеуде  қандай  мақсаттар 
таксономиясын негізге алуға болатындығы сол сынып оқушыларының үлгерімі 
мен  сабақ  үстіндегі  өзара  әлеуметтік  қарым-қатынас  орнату  белсенділіктеріне 
байланысты анықталады.  
Топтық  тапсырмаларды  орындау  кезіндегі  белсенді  өзара  әлеуметтік 
қарым-қатынас білім алушылардың өз мүмкіндіктерін толық ашуына және бір 
біріне  қолдау  көрсетуіне  бағытталған.  Сондықтан,  мұндай  жұмыстарды 
белсенді  ұйымдастыру  мүмкіндігі  бар  инклюзивті  білім  беретін  мектеп 
сыныптарында  критериалды  бағалау  жүйесін  қалыптастыру  негізіне  жоғары 
эвристикалық мақсаттарды алуға болады. Бұл ерекше білім беруде қажеттілігі 
бар оқушылардың өз мүмкіндіктерін толық ашуына және алдағы уақытта жан-
жақты дамуына ықпал етеді.  
Қалыптастырушы  бағалауда  жиі  қолданылатын  өзін-өзі  бағалау  және 
өзара  бағалау  тәсілдері,  инклюзивті  оқыту  сыныптарындағы  білім 
алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалаудағы  тиімді  әдістердің  бірі.  Өзін-өзі 
бағалау және өзара бағалау білім алушылардың жауапкершілігін арттырып, өз 
нәтижесін  зерделеуге  жетелейді  және  жиынтық  критериалды  бағалау 
нәтижесінде білім деңгейлерінің жоғарылағанын көрсетеді.  
Жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартын  игеру  жалпы  білім  беретін 
мектептерде қамтылған ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардан да 
талап  етіледі,  сондықтан  инклюзивті  білім  беру  жағдайындағы  критериалды 
бағалау жүйесі де бірыңғай болуы тиіс. 


жүктеу 5,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау