Методическое пособие Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 5,34 Mb.
Pdf просмотр
бет19/46
Дата21.11.2018
өлшемі5,34 Mb.
#22923
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46

 
43 
Бақылау  мен  сұхбат  баланың  сабақ  үстіндегі  әр  түрлі  бағыттағы 
тапсырмаларды  орындау  кезіндегі  оқу  іс-әрекеттерінің  ерекшеліктерін 
зерттеуге бағытталған. Бақылау арқылы оқушының тапсырмаларды орындауға 
қанша  уақыт  жұмсайтынын  және  оған  себеп  болып  отырған  факторларды 
анықтауға,  сабақ  барысындағы  оқушының  белсенділігін  анықтауға  болады. 
Білім алуға ерекше қажеттілігі бар баланың білімін тексеру барысын бақылауда 
алынған деректер маңызды.  
Мұғалімнің  міндеті  алдымен  баланың  оң  қабылдауын  қалыптастыру, 
содан  кейін  пәннің  оқытылуын  дидактикалық  қамтамасыз  етіп,  ұйымдастыру 
болып табылады.  
Сұхбат.  Бағалаудың  алғашқы  этапында  сұхбат  жүргізіледі.  Сұхбат 
көмегімен  баланың  оқуға  қызығушылығын  және  кейін  жеке  оқу  жоспарында 
ұзақ  мерзімді  мақсатқа  айналатын  сабақтан  тыс  уақыттағы  қалауы  туралы 
білуге  болады.  Сұхбат  құру  алдында  мақсатты  анықтап  алу  қажет,  содан  соң 
сұхбат желісін жасап шығу керек. Айтылған ойлар әңгімеге тартып, бағыттап, 
ойды аяқтауға жетелеп отыруы керек.  
Тестілеу.  Оқушының  басым  және  әлсіз  тұстарын  анықтау  үшін, 
маңыздырақ  мәліметтер  жинау  мақсатында  ресми  және  бейресми  әдістерді 
қолдану  арқылы  бағалау  түрлері  қолданылады  (тестілеу).  Ресми  тестілеу 
баланы  қалыпты  нормадағы  топпен  салыстыруға  негізделген  (белгілі  жас 
ерекшелігіндегі барлығымен салыстырғанда  репрезентативті болып табылатын 
балалардың көпшілігі). Бейресми бағалау техникасы оқушының нақты бір пән 
бойынша  білім-білік  дағдыларын,  білімін  зерттеуге  бағытталған;  жас 
ерекшелігіне қарамастан жекелеген  оқушылардың басым және әлсіз тұстарын 
анықтауға құрылған. 
Белгілі  нормаларға  бағытталған  тесттерден  бөлек,  критерийлерге 
негізделіп  жасалған  тесттер  бар.  Мұндай  тесттердің  мәні,  оқушының  тестілеу 
кезінде  көрсеткен  нәтижесін  бағдарламада  берілген  нақты  оқу  мақсаттарына 
сәйкес алдын ала белгілі жетістік деңгейлерімен салыстыруға негізделген.  
Тест  қорытындылары  (мұғалімнің,  мектептің  немесе  тест  авторының 
пікірі  бойынша)  білімді  меңгеру  дәрежесі  болып  табылатын  жетістік 
деңгейлерімен (критерийлер) салыстырыла отырып, баллмен есептеледі.  
Оқу  бағдарламасының  негізінде  бағалау  оқушылар  қазір  игеріп  жатқан 
нақты  білім  мен  дағдыларды  өлшейді.  Табыстылық  «тесттері»  оқу 
бағдарламасының  негізінде  әзірленеді.  Әдетте,  тестілеудің  әрбір  бөлігінің 
ұзақтығы  уақытпен  шектелген  (бірнеше  минут).  Бағалау  рәсімін жиі  қайталап 
және  өзгертуге  болады.  Деректер  оқушының  үлгеріміне  мониторинг  жасауға 
мүмкіндік беретін график түрінде беріледі.  
Жылдам бағалау және белгілі бір оқушы туралы ақпарат алу мүмкіндігі 
оның  артықшылықтары  болып  табылады.  Бағалау  оқу  бағдарламасының 
мазмұнымен  байланысты  болғандықтан  мұғалім  оқушының  ағымдағы  білім 
деңгейін ескере отырып, оқыту тәсілдерін, оқу материалының көлемін түзетіп, 
бейімдеуді немесе түрлендіруді қажет ететін оқу бағдарламасының бөлімдерін 
(ерекше  білім  беруге  қажеттілігі  бар  оқушыларға  қатысты)  ерекшелей  алады. 
Сондай-ақ,  тапсырманы  орындау  дағдыларының  қалыптасу  дәлдігі  мен 


 
44 
нәтижелілігі  (жылдамдығы)  туралы  ақпарат  береді.  бағдарламалық  білімді 
меңгеру  барысында  түзету  стратегиясын  жасауда  маңызды  ақпарат  болып 
табылатын бұл факторға көңіл бөлінбейді.  
Куррикулум негізіндегі бағалау – оқытуды бағалаудың ең нәтижелі және 
релевантты  әдісі.  Куррикулум  негізіндегі  бағалауда  оқушының  білімі  мен 
дағдыларын өлшеу үшін тірек ретінде куррикулум тапсырмалары қызмет етеді. 
Куррикулум негізіндегі бағалау технологиясы сегіз кезеңнен тұрады: 
1.  Шешім  қабылдау  үшін  себептерді  анықтау.  Бағалау  барысында 
мұғалімге  қандай  да  бір  әдістемелік  және  ұйымдастырушылық  шешімдер 
қабылдау  қажет  болады.  Әр  кезде  олар  ақталған,  яғни  педагогикалық 
тәжірибенің  қағидаларына  сай  және  олар  бағытталған  оқу  контекстінің 
ерекшеліктері ескерілген болуы керек.  
2. Куррикулумды талдау. Талдау оқушының меңгеруге тиісті білім, білік 
және  дағдыларының  кешенін  нақты  анықтауға  мүмкіндік  беретін  білім  беру 
стандарттары мен бағдарламаларын әдістемелік өңдеуді қарастырады.  
3.  Өлшенетін  (спецификалық)  міндеттерді  тұжырымдау.  Олар  бағалауға 
арналған  параметрлерді  белгілейді.  Жақсы  қойылған  міндетте  оқушының 
белгілі  бір  білім,  білік  немесе  дағды  элементтерін  меңгергендігін  байқауға 
болатындай  ол  нені,  қайда,  қашан,  қаншалықты  жиі  және  қандай  жағдайда 
көрсету керектігі нақты берілген.  
4.  Бағалаудың  дұрыс  рәсімін  әзірлеу.  Әдетте,  куррикулум  негізіндегі 
бағалау рәсімі сабақтың табиғи жағдайында нәтижелі болады.  
5.  Деректер  жинау.  Куррикулум  негізіндегі  мұқият  бағалауда  әртүрлі 
күндері  және  әртүрлі  өлшеу  құралдарын  (процессуалды  немесе  басқа) 
қолданып жүргізілген бағалау нәтижелерін есепке алу қарастырылады. Мұндай 
тәсіл  оқушы  үлгерімінің  шынайы  көрінісін  құрастыруға  мүмкіндік  береді. 
Бағалау  нәтижелерінің  сенімділігі  қосымша  куәгерліктермен  расталып,  содан 
соң  салыстырмалы  сенімді  қорытынды  қалыптастыру  үшін  әдістер  мен 
стратегиялардың  кешеніне  сүйену  қажет.  Бақылау  деректерін  жинау 
бағдарламаны әзірлеу, оны ендіру мен бағалау процесінің міндетті құраушысы 
болып  табылады.  Ол  оқушының  оқу  қажеттіліктеріне  сәйкес  келетін  нақты 
мақсаттарды жоспарлауға мүмкіндік береді.  
6.  Деректерді  жалпылау.  Жалпылау  кезеңінде  сіз орнатқан  академиялық 
критерийлеріне  қатысты  үлгерімнің  жалпы  деңгейін  көрсететін  барлық 
жүргізілген  бақылау  мен  байқау  нәтижелерінің  қысқаша  түйіндемесін  құру 
қажет. 
7.  Деректерді  беру.  Егер  сіз  сандық  есептеуге  көнетін  және  сан  немесе 
пайыз  түрінде  көрсетіле  алатын  (мысалы,  тест,  шығармашылық  тапсырмалар 
немесе  қрылымдық  бақылау  нәтижелері  бойынша  бағалар)  деректер  жинап, 
жалпыласаңыз және егер сіз бұл деректерді белгілі мерзім барысында тіркеген 
болсаңыз, жеткен прогресті графикте көрсетуге болады.  
8. Деректерді өңдеу және шешімдерді қабылдау. 
Жетістік  индикаторлары.  Күтілетін  нәтижені  көрсету  үшін  міндеттерді 
жүзеге  асыруда  прогресті  бағалау  үшін  критерий  болатын  жетістік 
индикаторлары бар.  


жүктеу 5,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау