30
Түзете дамыту пәндерін қалыптастырушы бағалау критерилері жаңа
сабақты игеру мүмкіндігіне қарай ерекше білім беруде қажеттіліктері бар
оқушылар үшін, олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып әр сабаққа
жасалады.
Ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылар үшін оқу жетістіктерін
критериалды бағалау жүйесін қалыптастыру барысында келесі ерекшеліктер:
− оқу процесінің тұтастығын қамтамасыз ету (пәндік бағалау, пәнаралық
және білім деңгейлеріне өту аралығыдағы тұлғалық қалыптасуы) ;
− бағалау критерийлерін әзірлеуге біртұтас көзқарас, яғни жалпы білім
беру жүйесі мен түзете дамыту жұмыстарының үйлесімділігін сақтау;
− бақылау және бағалау әрекетіне білім алушыларды белсенді
қатыстыру;
− оқу мазмұнын игеру процесінде тәжірибелік және танымдық
тапсырмаларды орындауда танытқан қабілеттерін жүйелі бағалау;
− білім алуда арнайы қажеттіліктері бар оқушылардың оқу
жетістіктерінің динамикасын бағалау;
− білім сапасының артуын қамтамасыз ету мақсатында ішкі және сыртқы
бағалау тетіктерін үйлестіру;
− білім алушылардың оқу жетістіктерін қорытынды бағалау мен
аттестаттауда дербестікті сақтау және білім жүйесінің даму тендециялары мен
білім деңгейін сараптауда, басқа да аттестаттау мақсаттарында тәуелсіз
бағалауды ұстану;
− жоспарланған жұмыстардың нәтижесін қалыптастыруға және
деректерді ұсыну барысына қажетті деңгейде көңіл бөлу;
− оқушылардың жеке оқу жетістіктерінің динамикасын сипаттайтын
жинақтаушы бағалау жүйесін (портфолио) қолдану;
− стандартты жазбаша немесе ауызша бағалау әдістерімен қатар,
практикалық жұмыс, жобалау, шығармашылық жұмыс, өзін-өзі бағалау,
бақылау және тағы басқа тәсілдерді қолдану ескерілуі тиіс [19].
Ерекше білім беруде қажеттілігі бар оқушылардың ерекшеліктерінің
ескерілуі жан-жақты бағалау өлшемдерін енгізуді талап етеді. Аталған бағалау
өлшемдері бағдарламаны игеру процесінде білім алушының аздаған
жетістіктерін және алға ілгерілеушілігін ескеруге мүмкіндік береді, түзете-
дамыту жұмыстарының нәтижесін бағалауға және алдағы жеке дамыту
жұмыстарының жоспары мен білім, білік, дағдыды икемді қалыптастыруға
ықпал етеді.
Біріншіден, ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу
жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі, арнайы қажетті жағдайлар
жасалғанда ғана объективті болады.
Атап айтқанда:
− білім, білік, дағдыларды тексеру жұмыстарын (шағын топтарда, жеке
дара), ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың жеке ерекшеліктері
мен қажеттіліктерін ескере отырып қолайлы ұйымдастырған жағдайда;
− сыныптағы оқу-тәрбие жұмыстарына қолайлы жағдай туғызу (өз
мұғалімінің немесе қажет болған жағдайда бөлінген әлеуметтік қызметкердің
31
қатысуы, үйреншікті құралдар мен тірек аппараттары: сызбалар, аудио
жазбалар, қажетті көрнекіліктер, тапсырманы орындаудың жалпы алгоритмі);
− бастапқы кезеңде жалпы ұйымдастыру жұмыстарының этаптарының
сақталуын және қалыптасуын қадағалап отыру.
Екіншіден, ерекше қажеттілігі бар баланы инклюзивті білім беру
жағдайында оқытудағы критериалды бағалау жүйесінің тағы бір ерекшелігі,
мұғалім оқу процесінде қолданылып отырған әдіс-тәсілдердің тиімділігін
анықтап, алдағы уақытта жетілдіру үшін білім алушының оқу жетістіктерін
зерделеп отырады.
Нәтижесінде ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылардың оқу
жетістіктерін жалпы білім беру стандартына сәйкес, тиісті критерийлермен
бағалау мүмкіндігі артады. Бұл түпкілікті нәтижеге жетуге бағытталған жұмыс
болып табылады.
Оқу бағдарламасындағы түзете-дамыту компонентінен ерекше білім
беруде қажеттіліктері бар оқушымен түзете-дамыту жұмыстары жүргізілген
жағдайда, пән мұғалімі жеке дамыту бағдарламасының нәтижелерін өз
жұмысының барысында ескеруі тиіс. Бұл жағдайда, критериалды бағалау
жүйесінің икемділігі мұғалімге қалыптастырушы бағалау критерийлерін
жекелеген тақырыптарды өту барысында өзгертіп отыруына мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта оқушыға қойылатын нақты талаптарды күрделендіріп отыруға
болады.
Сондықтан ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылар мен білім
алуда жеке қиындықтар туындаған оқушылар үшін оқу жетістіктерін бағалау
тапсырмаларын бейімдеу келесі мәселелерді қамтуы қажет:
− тұжырымдар мен анықтамалардың мазмұнын және грамматикасын
жеңілдету;
− көпбірлікті нұсқаулықтарды шағын бірлікті қадамдарға бөлу арқылы
тапсырманың орындалуын жеңілдету;
− тапсырмаға берілген жазбаша нұсқаулықтардан бөлек, қажеттілігіне
қарай, мұғалім тапсырманы қосымша дауыстап, мағынасын келтіре отырып,
баяу оқып беру;
− тапсырманың мәтінін ерекше білім беруде қажеттілігі бар
оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеу (үлкейтілген шрифт,
тапсырмаларды бөліп беру және т.б.);
− қажеттілігіне қарай жеке дара көмек көрсету: ынталандыру (мақұлдау,
эмоциялық қолдау), ұйымдастырушылық (назарын қарата білу, зейінін
жұмысқа аудару, өзін-өзі бағалау қажеттігін есіне салу), бағыттаушы (қайталау
және тапсырмаға берілген нұсқаулықты түсіндіру);
− тапсырманы орындауға берілген уақытты ұзарту;
− сабақ барысында баланың шаршауы, жалығуы байқалған жағдайда,
қысқа мерзімді (10-15 мин) сергіту сәттерін ұйымдастыру;
− педагог тарапынан теріс көзқарастың болуына жол берілмейді, білім
алушының эмоциялық күйзеліске түсуінің алдын алу қажет.
Зерде бұзылыстары бар (ақыл-ой кемістігі бар) оқушылар, танымдық
қызметіндегі айтарлықтай шектеулері болуы салдарынан, МЖМБС талаптарын
Достарыңызбен бөлісу: |