47
мүмкіндік береді.
«Стойиди» тəсілі нүктеде
тұрып біршама ұзақ
өлшеу жүргізіп, қозғалуды одан ары жалғастыруды көздейді.
Жоғарыда аталған тəсілдерде далалық зерттеулер жəне уақытқа
бөлінген өңдеулер жүргізіледі.
«Шынайы уақыттағы кинематика» (RTK-Real Time
Kinematic) сандық радиоарна болғанда жəне базалық
қабылдағыштан деректерді қозғалыстағы қосындарға беру
мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады. Бұл тəсілмен
топографиялық түсіріс барысында координаттарды 2-3 см
дəлдікпен анықтауға болады. Жер серіктік əдісте қолдануға тиімсіз
болатын телімдерді түсіру үшін Жердің жасанды серіктерімен
байланыстырылған электронды тахометрлер қолданылады.
Пайдаланылатын əдебиеттер тізімі:
1. Картография с основами топографии./ Г. Ю. Грюнберг, Н. А. Лап-
кина, Н. И. Малахов и др.; под ред.
Г. Ю. Грюнберга – М.: Просвещение,
1991– 364с.
2. Берлянт А. М. Картоведение. – М.: Аспект-Пресс, 2003.– 477 с.
3. Берлянт А. М. Картография. – М.: Аспект-Пресс, 2002.– 270 с.
4. Южанов В. С. Картография с основами топографии. М.: Высшая
школа, 2001.– 300с.
5. Фокина Л. А. Картография с основами топографии.- М.: ВЛАДОС,
2005 – 335с.
6. Кравцова В. И. Космические методы картографирования. –М.: МГУ,
1995. – 240 с
.
Білімді бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. Географиялық карталарды масштабына, аумақты қамтуына,
мазмұны мен атқаратын қызметіне қарай жіктеңіз.
2. Жер бедерінің карталарын, көлденең қима-сызбалар мен блок-
диаграммаларды құру əдістерін, атқаратын қызметтерін ашып көрсетіңіз.
3. Сандық карталарды, электронды карталар мен картографиялық
аннимациялардың ғыдыми-тəжірибелік маңызын анықтаңыз.
3. Картографиялық үлгі ретіндегі географиялық карталардың маңызды
қасиеттерін ашып көрсетіңіз.
4. Математикалық картография мен картометрияның зерттейтін ны-
сандарын анықтаңыз.
1.
Жердің пішіні мен өлшемінің тəжірибелік жəне теориялық
мəселелерді шешудегі алатын орнын ашып көрсетіп, ойыңызды мысалдар-
мен нақтылаңыз.
48
2. Жер элипсоидын шармен ауыстырудың ғылыми-тəжірибелік
маңызын анықтаңыз.
3. Жер элипсоидын шармен ауыстыру барысында қолданылатын
кескіндеудің негізгі түрлерін атаңыз.
4. Жердің жасанды серіктерімен позициялау əдісінің атқаратын
қызметін жəне оның негізгі жүйе тармақтарын атаңыз.
5. Позициялау əдістеріның негізгі түрлерін жəне олардың жер бетіндегі
нүктелердің орнын анықтаудағы маңызын ашып көрсетіңіз.
Студенттердің іскерлік-дағдыларын қалыптастыруға аналған
тапсырмалар
Тапсырманы орындауға арналған əдістемелік нұсқау:
1. Тапсырманы орындау үшін а) Каир мен Санкт-Петербургтың
ара- қашықтығы географиялық ендігін анықтаңыз.
2.
A
B
l
L
ϕ
ϕ −
=
формуласын пайдаланып 1
0
меридианның
ендік бойынша ұзындығын табыңыз. Мұндағы L - 1
0
меридианның
ендік бойынша ұзындығы,
l
– екі нүктенің ара қашықтығы,
A
B
ϕ
ϕ −
екі нүктенің ендіктерінің градус айырмасы.
3. Тапсырманы орындау үшін
π
2
⋅
l
жəне
;
2
π
l
R =
2
4
R
S
π
=
формулаларын пайдаланамыз. Мұндағы L – 1
0
меридианның жəне
экватордың ұзындығы,
π
шеңбердің ұзындығын, радиусын, ауда-
нын анықтауға арналған тұрақты шама. R –
жер элипсоидының
радиусы, S – жердің беткі ауданы.
Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест
тапсырмалары
1. Географиялық карталардың қасиеттерін, пайдалану əдістерін
зерттейтін ғылым
А) картометрия;
B) картатану;
C) математикалық картография;
D) картографиялық ақпараттану;
Е) геодезия. картатану;
49
2. Картада кескінделетін географиялық нысандардың нақты орнын
анықтайтын ғылым саласы....
А) математикалық картография;
B) картатану;
С) картографиялық ақпараттану;
D) картометрия;
Е) геодезия.
3. Карталарды пайдаланып жүргізілетін өлшемдерді анықтау
мəселелерін зерттейтін ғылым саласы...
А) картографиялық ақпараттану;
B) картатану;
С) картометрия;
D) геодезия;
Е) математикалық картография.
4. Картографиялық өнімдердің маңызды қасиеттерінің бірі:
А) жер бетінің үлгісі болып табылуы;
В) картографиялық проекциямен кескінделуі;
С) көрнекілігі мен бейнелілігі;
D) жер бетінде кескіндеу жұмыстарын жүргізу нəтижесінде құ ры луы;
Е) жауаптың барлығы дұрыс.
5. Картографиялық өнімдердің қандай қасиеті картада қамтылған
аумақтағы құбылыстар мен нысандарды жылдам əрі оңай есте сақталуына
мүмкіндік береді?
А) картографиялық проекциясы;
В) көрнекілігі;
С) масштабы;
D) қосалқы жабдықтау элементтері;
Е) негізгі жабдықтаушы элементтері.
6. Барлық ойлы-қырлылығын қоса есептегендегі құрлық бетін дейміз.
А) жердің физикалық немесе топографиялық беті;
В) жердің беткі деңгейі;
С) Жер элипсоиды;
D) Геойд;
Е) нүктенің абсолют биіктігі.
7. Солтүстік жəне оңтүстік полюстар Р Р
1
нүктелерін қосатын РМ
Р
1
М
1
Р
доғасы .....
А) географиялық бойлық;
В) экватор;
С) географиялық ендік;
D) меридиан;
Е) параллель.
4–1171