Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет18/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   141

54

градус торлары мен координаттар жүйелерін оқып-үйрену, 

нысандардың географиялық орындарын анықтау жəне тағы басқа 

мəселелерді қарастыру барысында қолданылады.  

Глобусты орта мектеп географиясымен қатар теңіз жəне əуе 

навигациясында, космонавтикада пайдаланады. Мысалы, ұшақ 

бір қаладан екінші қалаға ұшып бару үшін ұшудың қысқа жолын 

глобусқа белгілеп, жанармайды аз жұмсап, аз  уақыт ішінде жетуді 

қамтамасыз етеді Екі нүктенің арасындағы қысқа жол шардың 

бетінде үлкен шеңбердің доғасы, басқаша айтқанда, шардың 

жазықтықпен қилысында түзілетін жəне  орталығы арқылы өтетін 

екі нүктені қосатын  сызық   түрінде болады [3.1-сурет]. 



2.1-сурет. Мəскеу мен Гаванна қалаларының аралығының глобустағы  

жəне картаға көшірілген ортодромясы (үшкен шеңбердің доғасы)

Бетінде меридиандар мен параллельдер кескінделген 

глобустың көмегімен кез келген бағыттың үлкен шеңберінің 

бағытын оңай табуға болады. Мысалы, Мəскеу мен Гаваннаның 

бағытын анықтау үшін глобустың бетіне де жіп тартқан жеткілікті. 

Жіптің орны үлкен шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын тура 

жол ортодромияны көрсетеді. Картографияда жер элипсоидының 

үлкен шеңбер арқылы жүргізілген екі нүктені қосатын сызықты 

ортодромия дейміз.        

Тұрақты румб түзіп, меридиандарды қиып өтетін жер 

элипсоидының бетіндегі қысқа жолды локодромия дейміз

Ғарыш 

кемелерінде жоғарғы нүктесі əрқашан кеме Жер бетінің қандай 

нүктесінің үстінде тұрғанын автоматты түрде көрсететін айналып 

тұратын шағын глобус орнатылады.




55

Ұсақ масштабты карталардың масштабы. Жер  бетінің  

жазықтықта  неше  есе  кішірейтілгенін  көрсетілген  сандық 

шама географиялық картаның масштабы   деп аталады. Жер 

бетінің шағын бөлігі кескінделетін ірі масштабты топографиялық 

карталар мен сұлбаларда (пландарда) ғана масштаб тұрақты бо-

лады. Ғаламшардың сфералық бетінен жазықтыққа көшірілуіне 

байланысты Жер бетінің біршама ірі бөлігі кескінделетін ұсақ 

масштабты шолу карталарында бір бөлігінен екінші бөлігіне

тіпті бір нүктенің əр түрлі бағытына ауысқанда масштабы өзгеріп 

отырады. Сондықтан  ұсақ масштабты шолу карталарының бас 



масштабы мен  жеке масштабы болады. 

Картаның  негізі ретінде алынған глобустың масштабын бас 



масштаб дейміз. Ол картаның оң жақ бұрыштамасының астын-

да сандық, атау жəне сызықтық масштаб түрінде жазылады. 

Бас масштаб бұрмалануға болмайтын жекелеген сызықтар мен 

нүктелерді дəл өлшеуге мүмкіндік береді.  

Элипсоид пен картаның жеке бөліктеріндегі белгілі бір нысан-

дар өлшемінің сəйкестігін көрсететін масштабты  жеке масштаб 

дейміз.  Созылулар мен сығылуларға байланысты жеке масштаб 

бас масштабтан ұзын немесе қысқа болуы мүмкін. Ұзындықтың 

жеке масштабы μ картаның бетіндегі шектеусіз шағын бөліктің  

ds’ элипсоидтың немесе шардың бетіндегі шектеусіз шағын бөлік 

ds қатынасын, ал ауданның жеке масштабы r шектеусіз шағын 

бөліктің ауданы  dp’ элипсоидтың немесе шардың бетіндегі 

шектеусіз шағын бөлік dp қатынасын көрсетеді. Оны төмендегі 

формуламен өрнектеуге болады: 

μ=ds’/ds жəне p= dp’/

 dp

Картографиялық кескіндеу масштабы кішірейген сай-

ын қамтитын аумағы артатындықтан бас масштаб пен 

жеке масштабтың айырмашылығы да артады.  Формулада 

көрсетілгендей ұзындықтың бұрмалануы бүтін жəне бөлшек сан-

нан тұрады. Бас масштаб пен жеке масштаб тең болса ұзындықтың 

бұрмалануы жоқ деп есептеледі.

Қазақстан Республикасында топографиялық жəне топография-

лық шолу карталары үшін масштабтар жүйесі белгіленген 

[2.1-кес 

те]. Жоғарыда  көрсетілген масштабтардың ішінде 

қалалардың тақырыптық карталары




56

1:40 000 масштабты (қырық мыңдық) облыстардың карталары 

аумағының ірілігіне байланысты 1:600 000 (алты жүз мыңдық)  

немесе 1:1 000 000 (миллиондық )масштабпен құрылады. Шолу 

карталары миллионнан ұсақ кез келген масштабта (1:500 000, 

1:2 500 000, 1:10 000 000 жəне тағы басқа)  құрылады. Мұндай 

жүйелер көптеген елдерде 1:20 000, 1:80 000, 1:250 000 тағы басқа 

масштабта  қолданылады. 



2.1-кесте.

  

Жалпы географиялық карталардың масштабы

 

Сандық масштабы

Картаның атауы

1:5000


бес мыңдық

1:10 000


он мыңдық

1:25 000


жиырма бес мыңдық

1:50 000


елу мыңдық

1:100 000

жүз мыңдық

1:200 000

екі жүз мыңдық

1:300 000

үш жүз мыңдық

1:500 000

бес жүз мыңдық

1:1 000 000

миллиондық

Ұсақ масштабты географиялық карталардағы бұрмалану-

лардың түрлері.  Жер элипсоидының бетін жазықтықта кескін-

дейтін картографиялық прокциялардың көптеген əдістері бар. 

Кар тографиялық проекция Жер элипсоидындағы нүктенің геогра-

фиялық координатының жазықтықтағы  (картаның бетіндегі) сол 

нүкте нің тік бұрышты  координатының арасындағы сəйкестікті 

анықтайды.  

Элипсоидтың сфералық бетін созылусыз немесе сығылусыз 

жазықтыққа көшіру мүмкін болмайтындықтан ұзындықтың, 

аудан мен көлденең бұрыштардың бұрмалануы пайда бола-

ды. Ұзындықтың бұрмалануы мүлдем жоқ картографиялық 

проекциялар болмағанымен, ауданның немесе бұрыштың 

бұрмалануынан арылған проекциялар болады. Сондықтан кез-

келген географиялық картадағы кескіндер  белгілі дəрежеде 

бұрмаланады.  




жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау