ОӘК 042-18-14.1. 10 / 02-2013
|
№ 1 баспа
|
беттің 3-і
|
«ГЕОДЕЗИЯ»
5В071100 «Геодезия және картография» мамандығына арналған
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Семей 2013
Алғы сөз
1. ӘЗІРЛЕГЕН
Құрастырған –Тлебалдина А.Х., Аубакирова С.М Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, «Геодезия және құрылыс» кафедрасының аға оқытушылары
«_01__» __09___2014 ж. № _1_
2. ТАЛҚЫЛАНҒАН
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Геодезия және құрылыс» кафедрасының отырысында
Хаттама «_02_» __09___ 2013 жылғы, № _1_
Каф. меңгерушісі ____________ Күдеринова Н.А.
3. МАҚҰЛДАНҒАН
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» факультетінің оқу-әдістемелік бюросы отырысында
Хаттама «_11_» __09___ 2013 жылғы, № _1_
Төрайым ____________ Бекбаева Р.С.
4. БЕКІТІЛГЕН
Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында келісіліп, баспаға ұсынылды
Хаттама «_18_» __09___ 2013 жылғы, № _1_
ОӘК төрайымы________________Искакова Г.К.
Мазмұны
1
|
Жалпы ережелер
|
|
2
|
Пәнді оқуға арналған әдістемелік құралдар
|
|
3
|
Курстың форматы мен саясаты
|
|
4
|
Баға қою саясаты
|
|
5
|
Пәннің мазмұны мен сабақ сағаты
|
|
6
|
ОCӨЖ және СӨЖ мазмұны
|
|
7
|
Пән бойынша оқу процесінің календарлық жоспары
|
|
Жалпы ережелер
Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
Оқытушының тегі, аты, әкесінің аты – Тлебалдина Айым Хауановна,
Аубакирова Сымбат Муратовна
Кафедра – Геодезия және құрылыс;
Байланыс ақпараты – тел: 35-84-38 , № 1 корпус,
кабинет № 1003;
Дәрісті өткізетін орын – № 1004, 1010 аудиториялар;
Пәннің атауы – «Геодезия»;
Кредит саны – 4;
1.2 Жұмыс оқу жоспарынан үзінді
1 – кесте. Жұмыс оқу жоспарынан үзінді
Курс
|
Семестрі
|
Кредиті
|
ДC (сағ)
|
ТС (сағ)
|
ЗС (сағ)
|
CОӨЖ (сағ)
|
СӨЖ (сағ)
|
Барлығы
(сағ)
|
Қорытынды бақылау формасы
|
1
|
2
|
4
|
30
|
-
|
30
|
30
|
90
|
180
|
Емтихан
|
1.3 Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы.
«Геодезия» пәні 5В071100 «Геодезия және құрылым» мамандығында оқитын студенттерге базалық таңдау пәні түрінде оқытылады. Пән ІІІ және ІV класты нивелирлеуді, жүрістер жүйесін, полигонометриядағы бұрыштық және сызықтық өлшемдерді, ірі масштабты топографиялық түсірістерді, далалық материалдарды өңдеуді оқытады.
1.4 «Геодезия» пәнін оқытудың мақсатына:
- нивелирлеуді ұйымдастыру және жүргізу, қолданылатын аспаптармен таныстыру;
- полигонометриядағы бұрыштық және сызықтық өлшемдерді алу әдістерін игеру;
- ірі масштабты топографиялық түсірістердің әдістерін үйрену және т.б. жатады.
1.5 Пәннің міндеті:
- болашақта кәсіби шеберлігін шыңдауда, өндірістік және ғылыми-техникалық жұмысында көмекші болатын бастапқы теориялық және тәжірибелік білім беру;
- нивелирлік және полигонометриялық жүрістерді, полигондар жүйесін жобалау;
- геодезиялық торларға пландық-биіктіктік бекіту және олардың теңдігі;
- ірі масштабты топографиялық түсірістер үшін толықтыру торларын және түсіріс негіздемесін жасау болып табылады.
Бұл курсты оқу осы мамандықтың оқу жоспарында қарастырылған.
1.6 Пәнді оқып бітіргеннен кейін студент білуі керек:
- геодезиялық өлшемдер жүргізуді;
- алған өлшемдерді өңдеу жұмыстарын;
- жергілікті жерде теодолитттік, нивелирлік, мензулалық және тахеометрлік түсірістерді;
- геодезиялық аспап-құралдармен жұмыс жасай білуді.
1.7 Курстың пререквизиттері:
1.8 Курстың постреквизиттері:
- жок
Пәнді оқуға арналған әдістемелік құралдар
Пәнді оқыту бойынша жасалатын әдістемелік нұсқаулықтар студент осыны оқу арқылы, пәнді игеру үрдісін өзі жетілдіре алуы керек. Нұсқаулықты әзірлеу барысында берілетін материалдардың жартысын студент өзі игеріп, әзірленуі керектігі ескерілуі қажет. Әдістемелік нұсқаулықта мынадай мәліметтер болуы керек:
пәнді оқуға кететін уақытты ұйымдастыру мен жоспарлауға кеңес беру;
пәнді оқу сценариін жазу немесес студенттің осы пәнді игеру барысындағы іс-әрекеті;
ОӘК материалдарын пайдалануға нұсқау;
әдебиетпен жұмыс жасауға нұсқау;
Пәнді оқыту үш түрлі формада жүргізіледі – дәріс, оқытушы көмегімен студенттің аудиториядағы өздік жұмысы және студенттің өздік жұмысы. Ең маңыздысы лекция болып табылады, себебі мұнда: пәннің күрделі тақырыптары ашылып, зертханалық тәжірибені анықтайды, белгілі бір эксперименттердің жүргізілу барысы көрсетіледі, қорытынды шығарылады. Ал студенттер өз күшімен түсініп, оқи алатын тақырыптар CОӨЖ және СӨЖ түрінде беріледі.
3 Курстың форматы мен саясаты
Курстың саясаты:
дәріс және зертханалық сабақтарға кешікпей келу, сабақ кезінде ұялы телефонды өшіріп қою;
себепсіз сабақты босатпау, ауырып қалған жағдайда анықтама қағазын әкелу;
босатылған сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта қайта тапсыру керек, тапсырмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;
оқу процесіне белсенді қатысу, оқу материалдарына қызығушылық таныту;
CОӨЖ және СӨЖ жұмыстарын уақытында және өз-өзімен орындау;
тәртіпті, ұқыпты және жауапкершілігі бар болуы;
спорттық киіммен сабаққа кірмеу.
4 Баға қою саясаты
Студенттердің үлгерімін бақылау ағымдық, аралық және қорытынды бағалаумен есептеледі. Бағалау қолданыстағы «Студенттердің білімін рентингілік бағалау туралы қаулы» бойынша іске асады. Қорытынды бақылауда емтихан алынады, ол тест немесе бақылау сұрақтары ретінде ауызша алынады. Қорытынды балл әрбір сабаққа қатысу, рефераттарды қорғау, сондай-ақ емтихан тапсыру нәтижесінде қойылады. Баға курс бойынша қойылып, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау қорытындысынан шығарылады.
5 Пәннің мазмұны мен сабақ сағаты
2 – кесте – Пәннің мазмұны. Дәрістің түріне қарай сағат санын бөлу.
Тақырыптардың аты мен қысқаша мазмұны
|
Сағат саны
|
|
Лекциялық дәріс
|
Тригонометриялық нивелирлеу әдістері және мәні. Қолданылатын аспаптар. Тригонометриялық нивелирлеу тәсілі. Нивелирлік белгілер. Желілі құрылыстарды трассалау.
ІІІ және ІV класты нивелирлеу жүргізу. Нивелирлік торлар мен жүрістерге қойылатын талаптар. Нивелирлеу дәлдігі. Нивелирлеудің әдістері және қолданылатын аспаптар. Электронды нивелирлер.
|
2
|
Квадраттар бойынша нивелирлеу. Далалық нивелирлеу өлшемдерін өңдеу. Нүктелердің биіктіктерін анықтау. Квадрат бойынша нивелирлеудің планын салу, ситуацияны түсіру және планда горизонтальдарды жүргізу тәсілдері. Қиысқтарды бөлу.
|
2
|
Тахеометрлік түсіріс. Тахеометрлік түсірістің мәні және оның қолдану аясы. Тахеометрлік түсіріс кезінде қолданылатын аспатар туралы жалпы түсінік. Тахеометрлік түсіріс планын өңдеу.
|
1
|
Мензулалық түсіріс. Түсірістің мәні. Мензулалық түсірісте қолданылатын аспатар. Кипрегельді тексеру. Аспап биіктігі мен белгі биіктігін анықтау. Тура және жанама қиылысуды графикалық тұрғыдан шешу жолы. Мензулалық түсірістегі геодезиялық торлар туралы түсінік. Ситуацияны және рельефті түсіру.
|
1
|
Өлшеу ерекшеліктері және олардың қателіктерінің түрі. Бір қалыпты дәл өлшеулер. Жарыққашықтық өлшеуіштердің классификациясы. Жарыққашықтық өлшеу полигонометриясы. Қос бейнелі қашықтық өлшеуіштің құрылыс мен теориясы. Қашықтықты өлшеу және есептеу. Дәлдігін есептеу.
|
1
|
Пландық жүйелерді жиілету. Мемлекеттік жүйелердің түрі және бағыты. Полигонометрия тораптары. Полигонометриялық жүрістер мен 4-класты және 1, 2 разрядты торларға қойылатын талаптар. Жұмысты ұйымдастыру және жүргізу. Дәлдігін анықтау.
|
2
|
Дәл теодолиттердің құрылысы. Электронды теодолиттер туралы түсінік. Бұрыштарды өлшеу тәсілдері. Қателіктердің туындауы, олардың әсерінің алдын алу жолдары. Электронды тахеометрлер.
|
1
|
Полигонометриядағы бұрыштық және сызықтық өлшеулер. Полигонометриядағы бұрыштық өлшеулер. Мемлекеттік геодезиялық жүйелерге полигонометрия жүрістерін байланыстыру тәсілдері. Тура және кері бірнеше рет қиылысу.
|
1
|
Полигонометриядағы теңестірілулерді есептеу. Түзетілген және түзетілмеген бұрыштар бойынша есептелген координата өсімшелерін шартты теңестіру.
|
1
|
Ірімасштабтағы топографиялық түсірістер.
Топографиялық карталар мен пландарды жасау әдістері. Геодезиялық және түсіріс негіздерін жобалау.
|
1
|
Құрама аэрофототүсіріс. Жалпы орындау сұлбасы. Рельефті түсіру, фотопландарда рельеф формасын салу.
|
1
|
GPS-технологиялары. GPS технологияларын қолдану, құрылымдық сұлбасы. Жергілікті жердің сандық моделі
|
1
|
6 СОӨЖ және СӨЖ мазмұны
3-кесте. CОӨЖ бен СӨЖ-дің жоспары
№
|
CОӨЖ
|
|
СӨЖ
|
|
1
|
Компенсаторлы нивелир.
|
2
|
ІІІ және ІV класты нивелирлік жүрісті жобалау.
|
3
|
2
|
Шеңберлерді қолдану тәсілі. Қашықтықты анықтайтын аспаппен өлшеу мәні.
|
3
|
Трассаның күрделі жерлерін нивелирлеу
|
2,5
|
3
|
Инварлы жіптермен қашықтықты өлшеу тәсілі.
|
2,5
|
Оптикалық жарыққашықтықтардың классификациясы
|
2
|
4
|
Оптикалық жарыққашықтық өлшеуішпен жұмыс істеу принципі.
|
3
|
Полигонометиялық жүрістің орталық ауырлық күшін анықтау және дәлдігін есептеу.
|
5
|
5
|
Полигонометриядағы бұрыштарды өлшеу арқылы қателіктерді анықтау
|
3
|
Дәлдігі жоғары теодолитерді зерттеу.
|
4
|
6
|
4 класты полигонометриялық жүрісті жобалау
|
5
|
Электронды теодолиттер
|
3
|
7
|
Жарыққашықтық өлшеуішпен жұмыс істеу принципі.
|
4
|
Электронды тахеометрлер
|
3
|
4 - кесте – Пәні бойынша оқу процесінің календарлық жоспары
Апталар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
Бағалау түрі
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
РБ 1
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
АБ
|
РБ 2
|
Балл
|
6
|
6
|
6
|
6
|
6
|
6
|
6
|
6
|
6
|
6
|
6
|
6
|
6
|
6
|
6
|
Достарыңызбен бөлісу: |