Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Тақырыбы:Картографияның карталарды құрудағы және жасаудағы рөлін түсіндіру
Тексерген:Қуан Н.Т
Тексерген:
Факультет: «География және табиғатты пайдалану»
Кафедра:«Картография және Геоинформатика»
Орындаған:Орынбасаров.Б,Халилаев.Н,Өжетов .Қ
СӨЖ
Жоспар:
1)Кіріспе
Картография ұғымын анықтау
2)Негізгі бөлім
Қазіргі уақытта картографияның маңыздылығын көрсететін факторларын көрсету
3)Қорытынды
4)Пайдалынған әдебиеттер
Картография— географиялық карталарды, оларды жасау және пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым. Картографияның кең тараған бұл анықтамасы оның техника жағын басымырақ көрсетеді. Географиялық карталарды кеңістіктің көрнекті образды-белгілік моделі деп қарайтын қазіргі ғылми көзқарас картографияның пәні мен әдісіне бұдан да дәлірек анықтама ту-ғызды. Картография— табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байла-нысың, олардың кеңістіктегі орналасуын және олардың мезгілге қарай өзгеруін т. б. картографиялық кескіндеудің көмегімен бейнелейтін және зерттейтін ғылым. Бұл анықтама картография шұғылданатын ұғымдарға аспан денелері мен жұлдыздық аспанның карталарын, сондай-ақ глобустар мен рельефтік карталарды және картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдерін де жатқызады. Картография пәні (құбылыстардың кеңістікте орналасуы, үйлесуі мен өзара байланысы) және тақырыптық карталардың дамуы Картографияны жаратылыс ғылымдарының қатарына жатқызуға мүмкіндік береді.
“Картография” ұғымы
Картаны пайдалану – картографиялық өнімдерді (карта, глобус, атлас, т.б.) тәжірибелік, ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу салаларында, оның ерекшеліктері мен бағыттарын үйрететін картографиялық өнімдермен жұмыс істеу әдістері жасалатын, алынған нәтижелердің сенімділігі мен ықпал ету деңгейіне баға берілетін картографияның бір бөлімі.Ерте заманнан қазіргі күнге дейін карталар жергілікті жердің бағдары мен теңіз және құрлық үсті маршрут-сызбаларын анықтауда қолданылып келсе, бүгінгі күнде карталар ғарыш пен әуе бассейніндегі навигациялық қызметті атқаруда. Карталарды Жер мен қоғам туралы білімді беруде, инженерлік құрылысты жобалау құжаттарында, өнеркәсіп, ауылшаруашылық нысандары мен қалалар және басқа да елді-мекендерді орналастыруды жоспарлауда кеңінен қолданылады. Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен басқа да картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құрастыру, пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым. Әрбір географиялық картаның өзіндік атқаратын қызметі болады. Оны білім мен өндірістің белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік-танымдық жорық жетекшілері, оқушылар білім мен маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады. Картаны құрастырушылар кескіндейтін аумақты терең зерттеп, оқып үйренген сайын сол аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындап, ашып көрсетеді. Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды, оның маңызды құрамды бөліктеріне – картатану, картографиялық ақпараттану, математикалық картография мен картометрия, сондай-ақ картаны жобалау мен құрастыру, безендіру, жасау және пайдалану әдістемесі кіреді.
Қазіргі картография зерттейтін басты проблемалар: 1) ғылымның теориялық негізі, оның ішінде картографияның пәні мен әдісі, карта туралы ілім; соңғысына картографиялық проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (белгілер жүйесі) теориялары жатады (бұл салада карталардың түрлері, типтері, жіктелуі әрі оларды талдау сөз болады). 2) Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы. 3) Картографиялық деректер тану (картографиялық деректерді үнемі шолу әрі саралау және оларға қатысы бар ғылми-информация теориясының мәселелерімен айналысу). 4) Карталарды жобалау және оны дайындау теориясы мен технологиясы. 5) Карталарды пайдаланудың теориясы мен әдісі.
Карталардың көмегімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын, қоршаған ортаны қорғау мен қалпына келтіру іс-шараларын, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды жобалайды. Карта әскери өмірде де қолданылады, әрі ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де маңызға ие. Картографиялау үдерісінің өзінде де карталар жаңа өнім жасаудың негізі мен бастауы болып табылады. Картографияның міндеті ретінде осыған дейін тек картаны құрастыру қарастырылып келсе, ХХ ғасырдың ортасынан бастап, оны пайдалану маңыздылыққа ие болып отыр. Мемлекеттік стандарттар мен энциклопедиялық басылымдарда, оқулықтар мен сөздіктерде «Картография –карта жасау мен пайдаланудың өндірісі мен ғылыми саласы»,-деген ұғыммен түсіндіріледі. Ғылым мен тәжірибеде картографиялық зерттеу әдістері алуан түрлі. Ол көптеген теориялық ізденістердің ажырамас бөлігі. Тіпті карталар Жер мен қоғам туралы ілімдердің тірек негізіне айналып үлгерді. Картографиялық әдістер физикалық география, геология, геофизика, әлеуметтану, экономика және тарих ғылымдарында кеңінен қолданыс табуда.Карталарды таным құралы ретінде пайдалану жаңа экология, медициналық география, салыстырмалы ғаламтану (планетология) тәрізді ғылым салалаларының дамуына мүмкіндік берді. Картографиялық әдістер халық шаруашылығының нысандарын жобалау-жоспарлау жұмыстарына қатысты маңызды шешім шығаруда, аумақтық-өндірістік кешенді дамытуда, табиғатты қорғауда қызмет етуде.
Қазіргі картография – ежелгі немесе осыдан 30 жыл бұрынғы қолданылу мақсатын түбегейлі өзгертті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекияда және Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Алғашқы адамдар өздерінің жүріп өткен жолында мол азық қорлары бар аумақтарды байқаса, келесі жолы осы орынды адаспай табу мақсатында ағаштардың қабықтарына әр түрлі таңбалармен шартты белгілер тастап отырған. Алғашқы қолданысы жол бағдарлаудан басталған карта тарихы орта ғасырларда, әсіресе Ұлы географиялық ашулар кезеңінде жиһангез-саяхатшылар үшін жаңа жерлер мен байлықтарды игеруде таптырмас құрал болды.Қазір картография ғылымы жаңа заманауи технологиялар мен бағдарламалардың пайда болуымен өзінің зерттеулеріне ғарыштан түсірілген әуесуреттерді, сондай-ақ сандық карталар жасуға мүмкіндік ашқан әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды қолдануда.Осы жұмыста картография ұғымы мен оның қалыптасу тарихына, картография ғылымының бүгінгі міндеті мен іске асыру тетіктері қарастырылған. Сондай-ақ, тақырыпқа сай, өз еліміздегі картография ілімінің тарихы мен қалыптасу жолы сипатталып, оның даму мүмкіндіктері мен осы саладағы кейбір мәселелерді шешу жолдары көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |