401
10.4. Биіктік түсірудің мəні мен түрлері
Биіктіктік түсірудің түрлері мен мəні.
Жер бетіндегі кез-
келген нүктенің биіктігі географиялық жəне тік бұрышты коор-
динаттар жүйесінен кейінгі үшінші координат
болып табылады.
Географиялық карталарда геойдтың теңіздің деңгейінен алына-
тын абсолют биіктіктері белгіленеді.
Жергілікті жерде биіктік түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде
қайта-қайта теңіз деңгейінен алынған биіктікке жүгіне беру
мүмкіндігі болмайтындықтан, бастапқы өлшейтін биіктік ретінде
мемлекеттік биіктік торының белгілі абсолют биіктігі алынады.
Биіктікті анықтау абсолют биіктігі белгілі бастапқы нүктемен
биіктігін анықтайтын нүктенің биіктік айырмасы қима биіктік h
табу арқылы жүзеге асырылады [10.23 жəне 10.24-суреттер].
Жергілікті жердің топографиялық бетінің биіктік сипатын
анық тау мақсатындағы кешенді түсіру жұмыстарын нивелирлеу
дей ді.
10.23 сурет. Геометриялық
нивелирлеу қағидалары
Н
А
–А нүктесінің белгілі биіктігі
а
.b нивелирлік тақтайша бойынша
өлшеу
һ өзара биіктік айырмасы (һ-а- b)
Н
В
В биіктігі белгісіз нүкте
10.24сурет. Абсолют, шартты
жəне салыстырмалы
биіктіктің арақатынасы
Мемлекеттік жəне түсіру торларының тірек нүктелерінің
биіктігін анықтау, жергілікті жердегі түсіру, жол құрылысы, су,
газ, мұнай құбырларын, азаматтық жəне өндірістік құрылыстарды
салу барысында міндетті түрде нивелирлеу жұмыстары
26–1171
402
жүргізіледі. Жоғарыда көрсетілген қағидаларға негізделе отырып,
нивелирлеу кезінде биіктігі белгілі А нүктесі мен биіктігі белгісіз
В нүктесінің биіктік айырмасы анықталады. Биіктігі белгісіз В
(Н
В
) нүктесінің абсолют биіктігін табу үшін абсолюттік биіктігі
белгілі А нүктесінің биіктігіне екі нүктенің биіктік айырмасын
қосу (алу) арқылы анықтайды.
В
А
AB
H = Н + h
Егер В нүктесі А-н биік болса, биіктік айырмасы оң, төмен болса
теріс болып есептеледі. Көбінесе нивелирлік түсіру жұмыстарын
жүргізетін аумақта абсолют биіктігі белгілі қосындар (репер-
лер) болмайды. Ондай жағдайда шартты биіктік деңгейімен
анықтайды. Сондықтан оны салыстырмалы немесе шартты
биіктік белгісі деп атайды. Абсолют (Н) жəне шартты биіктік
(Н
1
) пен нүктелердің өзара биіктігі һ 10.24-суретте көрсетілген.
Жер бетінің шағын бөлігінде жердің беткі деңгейінің
көлбеулігі шамалы болғандықтан, көлденең жазықтық ретінде
қабылданады. Сондықтан, түсіру барысында жоғарыдағы суретте
берілген доға түріндегі мұндай деңгейлік беттер жүйесін шартты
түрде бағыттас көлденең түзулер түрінде ұсынуға болады.
Нивелирлік түсірудің негізгі əдістеріне геометриялық,
тригонометриялық жəне барометрлік нивелирлеу жатады.
Геометриялық нивелирлеуге арналған приборлар мен
құралдар. Түсіру кезіндегі жердің шартты (салыстырмалы)
деңгейінің жағдайын геодезиялық прибор нивелирдің көру
түтігінен көлденең бағытталған нысаналық сəуле арқылы
анықтайды. а мен b қиындысының шамасын биіктігі белгілі
жəне биіктігін анықтайтын нүктелерді тіктеп түзу орнатылған
нивелирлік тақтайша арқылы анықтайды.
Нивелирді А жəне В нүктелерінің ортасына орналастырады
да, көру түтігін алдымен артқы А нүктесіндегі тақтайшаға бағыт-
тап есебін алады. Содан соң В нүктесіндегі тақтайшаға бағыттап,
алдыңғы есепті алады. Қима биіктік h анықтайтын арт қы А нүкте-
сіндегі тақтайшаны пикетті нүкте дейді (ПК). осы дан төмен дегі
формуламен екі нүктенің биіктік айырмасы (h) анық талады:
b
a
h
−
=
,
ол үшін артқы тақтайшаның көрсеткішінен (а) алдыңғы тақтайша-
ның көрсеткішін (b) аламыз.
403
Жергілікті жердегі пикеттерді саны көрсетілген жердің беткі
деңгейіне дейінгі нүктелік қазықтармен белгілейді.
Нивелирлік түсіру жұмыстарын жүргізу үшін əртүрлі конструк-
циядағы нивелирлер мен оны орнататын үш аяқты штатив, екі
нивелирлік жолақты тақтайша жəне нивелирлік табандар қажет.
Қазіргі нивелирлер конструкциясының ерекшеліктеріне қарай
екі топқа бөлінеді. Олар цилиндрлі деңгейлі жəне қозғалмалы
призмалардың көмегімен нысананы автоматты түрде көлденең
түзу жағдайға келтіретін компенсаторлы нивелирлер.
Цилиндрлі деңгейлілер тобына бітеу НВ-1 техникалық
нивелирі жатады. Оның көру түтігі мен цилиндрлі деңгейі бір-
бірімен бітеу бекітілген. Екінші тобына көлбеу бұрыштардың
компенсаторы мен лимбасы бар Н-10КЛ нивелирлері жатады.
Нивелирлер негізінен жолақты өлшегіш тақтайшадан өлшеп
алуды қамтамасыз ететін жіп торлары бар көру түтігінен (3),
көлденең түзу жағдайға келтіретін цилиндрлі деңгейден (8),
көтергіш винттері бар бекіткіш столдан (4), жəне үш аяқты шта-
тивтен тұрады. Көру түтігі бекіткіш столдың втулкасына тік білік-
те орнатылғандықтан , кез келген бағытқа еркін қозғала алады.
10.25 сурет.
Нивелирлік түсіру
жолындағы күзет
қазығы мен нүкте
10.26 сурет. НВ-1
нивелиріның
құрылысы
Жолақты нивелирлік өлшегіш тақтайша қылқан жапырақты
ағаштардан дайындалады. Ережеге сай екі жақты жиналма-
лы үш метрлік болады. Негізгі шкалалары қара, қосалқылары
қызыл бояумен боялады, сонымен қатар жиналмалы 3-4 метрлік