73
Алгоритмның әр объектісі сынып жетекшінің негізгі жұмыстарына қосылады, және
әрқашан психологиялық- педагогтік қызметінің іс-әрекеті қатарласа жұреді. Оқушылардың
мектепте оқу дайындығы, психологиялық- әлеуметтік бейімделуі, қарым-қатынас деңгейі,
мінездері алгоритм арқасында көптеген өзгерістерге әкеледі.
«Эрудит» жағында оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру жұмыстары орын
алды. Мектепте білім алуға қатысты жұмыстар тоқтауысыз жұріп отырады. Сол мезгілде
оқушылар еріксіз ынтымақтастық ұйымдастырады. Бүл жұмыстарда ішкі болмысына қарай
ерекше көрінген көшбасшы оқушылар көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. Өздерінің
керектігін сезініп, оқуға мотивациясы асқақтайды.
«Өзін- өзі басқару» жағында жүмыс арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау
дағдылары қалыптасады. Барлық оқушы қамтылған бұл жұмыс түрлері мектеп ішіндегі
оқушының міндеттерін айқындауға, тәртібін қадағалауға мұмкіндік береді. Сыныптағы
Эмоционалды көшбасшылар қабілеттерін көрсетуге мұмкіндік алады.
«Крестивті тұтану» жолында барлық оқушылар көшбасшылық туралы
түсініктерін кеңейтіп, пайдалануға болатын кеңес алып, талқылап жұреді. Тарихымызда
ерекше орын алған көшбасшы тұлғалардың нақыл сөздері интернет желісінде көп кездеседі.
Бұл мезгілде сынып жетекшінің міндетті оқушыларға сапалы парақшалар тауып, олардың
жақсы
әсер етуін, мағынасын ашуына көмектесу болып табылады.
5 сыныпта Абайдың нақыл сөздерін парақша ретінде дайындап алып келіп, сынып
оқушыларымен оны талдау керек. Оқушы есінде қалатындай ұлы адамның ақыл сөздері алға
тарту, мағынасын ашу болып табылады.
1.Әкесінің баласы –дұшпаның
Адамның баласы –бауырың
2. Жаман дос-көлеңке:
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың;
3.Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас
Абай өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын,
жеке адам бойындағы жақсы не жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымын көрсеткен. Қазақ
әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі Ғ. Мүсірепов мынадай пікір айтады: «Абайдың
қасиетті - өз табының тілегінің көп қиналыстар, толғаулар, тәнге – жанға түскен жаралар
арқылы
жыртылып айырылуында, өз заманынан биік тұруында».
75
технологияларды ұтымды пайдалану мәселелері
Жалимбетова Б.Қ.
№91 орта мектептің тарих, адам
және қоғам пәні мұғалімі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Қазақстан дамуының жаңа кезеңіндегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық
жаңғыртудағы жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамның анықтығы мен ақпараттануы қазіргі
білім беруге қойылатын талаптарды өзгертіп, еліміздің әлемдік стандарттар деңгейінде
сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керектігін талап етті [1].
Оқушының өзіндік білім алуға, ойлауға, әр түрлі мәселелерге үңіле қарауға, оны өз
бетімен шешу жолдарын табуға, өзіндік даму жолын анықтауға бағыт-бағдар беруші
мұғалімнің әдістемелік қоржынында педагогикалық технологиялар жеткілікті болу керек.
Сондықтан, әр ұстаз өзінің кәсіби деңгейін жоғары сатыға көтере отырып, оқушыға жаңа
инновациялық технологиялар негізінде нәтижеге бағытталған білім беріп, оның жан-жақты
дамуына жағдай жасау қажеттілігі туындайды [2]. Әр мұғалімнің негізгі міндеті – оқушыға
тек білім беріп қана қоймай, алған білімін өздігінен дамытып, жеке және қоғам қажеттілігіне
икемдеп, дұрыс, тиімді пайдалана және әлеуметтік бәсекелестікке төтеп бере алатын, мәдени
ортаға бейімделгіш, дара тұлға, білікті азамат дәрежесіне көтерілген адам дайындау деп
есептеймін. Тарих пәнінде қазіргі таңда да білім беру үрдісін ұлттық үлгі негізінде
қалыптастыра отырып, әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру қажет.
Сабақ – мектепте оқушыларға білім мен тәрбие берудегі негізгі үрдіс. Тарих пәні
сабақтарында өзімізге бұрыннан белгілі әңгіме, баяндау, пікір алысу сияқты әдістермен
қатар, картамен жұмыс, көрнекі құралдар қолдану, тарихи көркем әдебиетті пайдалану,
мерзімдік баспасөз, интернет материалдарына жүгіну қажеттігі де туындайды. Сонымен
қатар, баланы ғылыми ізденіске баулу, ғылымға деген ой-таным, көзқарасын қалыптастыру,
өмірдегі өз орның сезінуге, толыққанды шығармашыл адам етіп тәрбиелеу де пән
мұғалімінен талап етілетін міндет болып отыр [3].
Бүкіл әлемді шарпып өткен жаҺандану үрдісі білім саласын да шет қалдырған жоқ.
Дәстүрлі білім жүйесі XXI ғасырда өмір өзгерісін, білім талаптарын толық қанағаттандыра
алмайды, сондықтан сабақты жаңа технология жағдайында өткізу қажеттігінің өзі өмір
талабы болып отыр. Қазір оқушының танымдық белсенділігі, сабақта ұйымдастырылған
түрлі ситуацияларға қатысуы арқылы өзі де кейіпкерге айналып, сол жағдайдан шығу үшін
әр түрлі жолдарын іздеуі, ойлануы, жоспар құруы, нәтижесінде «өз жаңалығын» ашуы
оқушыны шығармашылық тұлға дәрежесіне дейін көтеріп отыр [4].
Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана
иеленіп қана қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып
табылады, міне ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Әлемдегі ең озық
мектеп жүйелері оқытудың сапасын арттыру мақсатында үш ұстанымға берік сүйенген екен:
1. Мұғалімдікке сәйкес адамдарды тарту (білім беру жүйесінің сапасы онда жұмыс
істейтін мұғалімдердің сапасынан артық болмайды);
2. Бұл адамдарды тиімді педагогтарға айналдыру (оқыту сапасын арттыру-оқушы
нәтижелерін арттырудың жалғыз жолы);
3. Жоғарғы кәсіби білім беру, әр балаға қолжетімді болатындай жүйе құру (әрбір
оқушының деңгейін көтеру-жалпы жүйенің нәтижелілігін жоғары деңгейге көтерудің бірден-
бір жолы).
Әлемдегі білім беру саласындағы реформаларға жүргізілген зерттеулер, осы үш
ұстанымның оқушының білім сапасын арттыруда шешуші рөл атқаратынын көрсетіп отыр.
Қазіргі Қазақстандық білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан өзгерістер жоғарыда
айтылған негізгі үш ұстанымның соңғы екеуінің жүзеге асып жатқанын дәлелдейді.