«Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы ақ Қазақстан республикасы білім беру жүйесінің басшы жәНЕ



жүктеу 4,39 Mb.
Pdf просмотр
бет37/146
Дата20.11.2018
өлшемі4,39 Mb.
#22371
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   146

 
 
76 
 
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж 
университетінің  білім  беру  Факультеті  бірлесе  жасаған  Деңгейлік  Бағдарламасы  аясында 
мектеп  мұғалімдерін  оқыту  арқылы  оларды  тиімді  педагогтарға  айналдыруға  қадам  жасап 
жатса,  жеті  модульді  топтық  жұмыстар  арқылы  кіріктіре  оқыту  әр  балаға  қолжетімді 
болатындай етіп білім беруге негізделген [5]. Деңгейлік Бағдарламаның Қазақстанда қазіргі 
кездегі қолданыстағы ХХІ ғасыр талабына жауап бере алмайтын дәстүрлі білім беру жүйесін 
ығыстырып  шығатынына  әбден  көзіміз  жетті.  Сондықтан,  Қазақстандағы  жалпыға  бірдей 
білім  беретін  мектептердің  мұғалімдерін  Деңгейлік  Бағдарламасы  аясында  оқыту  маңызды 
үрдістердің бірі. Алғашқы 2012 жылы Деңгейлік Бағдарлама бойынша білімімді жетілдіріп, 
мектептегі іс-тәжірибеден өткеннен кейін, менің білім беруге деген көзқарасым мен мұғалім 
ретіндегі іс-тәжірибемде өзгерістер болды: курс барысында дұрыс ұйымдастырылған топтық 
жұмыстың  оқушылардың  арасындағы  диалогтық  оқытудың  дамуына,  олардың  бірін-бірі 
оқытуды  жүзеге  асыруына,  оқушылар  мен  мұғалімдердің  арасындаға  қарым-қатынастың 
дұрыс орнығуына т.б. зор ықпалы бар екенін түсіндім. Курс барысында ең үздік оқушыларды 
анықтайтын  сенімді  өлшемдер:  оқушылардың  есте  сақтауы  және  білімі  арқылы,  өз  білімін 
жетілдіруі  арқылы,  ойлау  қабілетінің  жылдамдығы  арқылы,  мәселені  шешуге  икемділігі 
арқылы,  күрделілікке  және  сүйіспеншілікке  қызығушылығы  арқылы,  ерте  жасынан  бастап 
ерекше  қабілеттерін  ұзақ  уақытқа  шоғырландыру  қабілеті  арқылы,  ерте  символдық 
белсенділігі  арқылы  жүзеге  асырылатына  көзім  жетті,  және  өзімнің  бірнеше  жылдық 
тәжірибемде қолданып келемін.  Негізгі сабақтарда топтық жүйе қолданылып, оқушы білімін 
бағалау да жаңаша сипат алды. Топ ішінде бағалау арқылы, біз оқушыларды әділ бағалауға, 
оқушы  жетістігі  мен  кемшілігін  саралай  білуге  үйретеміз.  Сонымен,  оқушының  ой-таным 
әрекеттерін арттырудың тиімді құралдарының бірі-оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен 
білім алу әрекеті болып есептеледі. Өз бетімен білім алу, жоғарғы сынып оқушыларына тән 
болғандықтан,  мұғалім  көбінесе  бағыт  беруші,  оқушының  ой-өрісін  дамытушы,  шеберлігін 
шыңдаушы    болмақ.  XXI  ғасыр  мұғалімі  қандай  болмақ  десек,  қазақтың  данышпан  ақыны, 
ұлы Абайдың отыз екінші қара сөзінде: «Білім ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі 
білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмей, іздегенмен табылмас»,  - 
дейді  [6]. Мұғалім оқушыға бағыт-бағдар бере отырып, өзі  де көп біліп, көп зерттеп, сабақ 
беру  барысында  оқушылардың  бойында  тарих  пәнін  оқып-үйренуге  деген  құштарлықты 
оятып, жауапкершілікке үйретіп, пәнді меңгеру тәсілдерін, яғни оқу қызметін қалыптастыру 
қажет. Осыдан барып оқушы бойында іскерлік пен дағды меңгеріледі. 
Сонымен  қатар,    жаңа  технологияларды  және  интерактивті  әдістерді  оқу  үрдісінде 
қолдану,  оқушылар  жинақталған  тәжірибесін  сыртқа  шығарып,  оны  өмірінде  пайдалана 
алады. Жалпы заман талабына сай білім беру қашан да өзекті мәселе. ХХІ ғасыр-техниканың 
озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында елімізде 
көптеген  мектептер  компьютермен  қамтамасыз  етілді.  Компьютер  оқушы  үшін  қоршаған 
әлемді  танудың  табиғи  құралы  болып  табылады.  Олай  болса  барлық  сабақтарды 
компьютердің  қуаттануымен  жүргізуді  үйрену-бүгінгі  күннің  кезек  күттірмейтін  өзекті 
мәселелерінің  бірі.  Біздің  №91  орта  мектептің  тарих  пәнін  оқыту  құралы  ретінде 
компьютерді қолдану-оқу үрдісін белсенділігін, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-
өзі  бақылауына  мүмкіндік  туғызып  отыр.  Білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  дегеніміз-
берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық 
білім  жүйесінің  барлық  түрлерінде  кәдімгі  технологияларды  тиімді  жаңа  комплекстік 
технологиялармен  алмастыру,  оларды  сүйемелдеу  және  дамыту  болып  табылады.  Оқу 
барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті 
құралдарды  қолдануға,  интернетте  жұмыс  істеуге,  компьютерлік  оқыту  бағдарламасына 
негізделеді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және 
ойын  бағдарламаларын  тиімді  пайдалануға  мүмкіндік  береді.    Демек,  ақпараттық 
бірліктердің  білімге  айналуы  әлемнің  жүйелік-ақпараттық  бейнесін  оқушылардың 
шығармашылық  қабілеттері  мен  құндылық  бағдарларын  дамыту  арқылы  қалыптастыруды 


 
 
77 
 
көздейтін,  адамның  дүниетанымының  құрамдас  бөлігі  болып  табылатын  интеллектуалды 
дамуды қалыптастырудың бір жолы. 
Электрондық  оқулықтарды  пайдалану  оқушылардың,  танымдық  белсенділігін 
арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек 
етуіне  жағдай  жасайды.  Осы  уақытқа  дейінгі  білім  беру  саласында  тек  мұғалімнің 
айтқандарын  немесе  оқулықты  пайдалану  қазіргі  заман  талабын  қанағаттандырмайды. 
Сондықтан  қазіргі  ақпараттандыру  қоғамында  бұл  оқулықтарды  пайдаланбай  алға  жылжу 
мүмкін емес. Оқыту үрдісінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай 
жаңа  оқыту  технологиясын  енгізу  оқыту  процесінде  толыққанды  дамуына  мүмкіндік 
жасайды.  Қазіргі  оқыту  үрдісіне  жаңа  педагогикалық  технологиялар  кеңінен  енуде. 
Оқушыны  пәнге  қызықтырумен  қатар,  саналы  ойлауға  тәрбиелейтін,  қоғамдық 
көзқарастарын  қалыптастыра  алатын,  өзіндік  пікірі  бар,  қоғамдағы  болып  жатқан  түрлі 
қарама-қайшылықтарды  түсіне  білетін,  еркін  сөйлеп,  өз  пікірін  ашық  айта  алатын  ойлы 
ұрпақ  тәрбиелеуде  сабақтың  маңызы  зор.  Сол  сабақ  атты  театрдағы  басты  кейіпкеріміз-
оқушы  болса,  онда  барлығымыздың  бағытымыз  бір,  бағдарымыз  байсалды  болмақ.  Әр 
мұғалім  оқушыға  көпқырлы  сабақ  беретін  болған  соң,  қазіргі  жаhандану  саясатына  сәйкес 
жаңа  технологияны  өз  ыңғайына,  пәніне  лайықтап  пайдалануы  тиіс.  Мұғалім  шеберлігі-
ізденіс  нәтижесі.  Сондықтан,  орыстың  ұлы  педагог-ғалымы  К.Д.  Ушинскийдің  «Мұғалім  – 
өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның 
мұғалімдігі  де  жойылады»-деген  [7].  Бұл  “Ұстаз”  атты  ұлы  сүрлеуге  соқпағын  салып  жол 
тартқан  көкірегі  ояу,  көзі  ашық  әрбір  адамға  берілген  елеулі  ескерту.  Сабақты  тартымды 
өткізіп,  оқушылардың  қызығушылығын  арттыру  үшін  әр  сабағымызды  түрлендіріп  отыру 
шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әртүрлі технологияның элементтерін 
пайдалану  қажет.  Жаңа  қазақстандықтарды  тәрбиелеуде  білім  беру  ісінің  инновациялық 
дамуына  ерекше  орын  беруіміз  керек.  Бұның өзі  оқытудың  белсенді  әдістері  мен  жаңашыл 
технологияны  оқу  үдерісінде  кеңінен  жағдай  жасайды.  Жаңаша  оқыта  алатын  білімді 
ұстаздарды қажет етеді. Олай болса, қоғам сұранысына сай болашақ кәсіби деңгейі жоғары 
педагог мамандар даярлауда оқушыларды оқытудың жаңашыл әдістемесімен мұғалімдердің 
озат  тәжірибелерімен  жан-жақты  таныстыру,  қоғамның  білім  беруге  қойылатын  жаңа 
талаптарын түсіндіруге септігін тигізеді. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. 
Н.Ә.  Назарбаев.  Жаңа  әлемдегі  Қазақстан  «Қазақстан  -2030»  стратегиясы.  Қазақстан  дамуының 
жаңа кезеңінде. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. 2007 ж 28 ақпан. Алматы. 2007. 72 б 
2. 
«Қазақстан  –  2050»  Стратегиясы  –  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты».  «Орталық 
Қазақстан» газеті, 15 желтоқсан, 2012 жыл.  
3. 
«Қазақстанның  әлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  ортақ  еңбек  қоғамына  қарай  20  қадам». 
«Егемен Қазақстан». 10 шілде, 2012 жыл.  
4. 
Методологические  и  конкретно-исторические  проблемы  изучения  Отечественной  истории. 
Алматы, 2005.  
5. 
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, «НЗМ» ДББҰ, 2012. 41 б 
6. 
«Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты 
даму  факторы»  тақырыбындағы  дарынды  балаларға  арналған  білім  беру  ұйымдары  қызметкелерінің 
педагогикалық тамыз кеңесінің материалдар жинағы. Алматы обл. Қаскелен қ. 2014 жылғы 7-8 тамыз, 84-88 б. 
7. 
«Қазақстан тарихы». Әдістемелік журнал, №1-12. 2010-2012 жж.  
 
 
 
Из собственного опыта работы по внедрению критического мышления на уроках 
физики в условиях обновления содержания образования 
 
Сарбалиев С.Б. 
Западно-Казахстанская область, 


жүктеу 4,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   146




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау