71
Н.Т.Аккалиева
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Абай атындағы жалпы орта мектебі
1 санатты орыс тілі мен
әдебиет пәнінің мұғалімі
Жаңа білім мазмұны - тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерін дамыту үшін
сабақта білім беру ортасын құру: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жетілдіру
болып табылады.
Қоғамға білімді, адамгершілігі мол және белсенді, ұтқыр, тапқыр адамдар қажет.
Олар өз бетінше шешім қабылдауға қабілетті, ынтымақтастыққа қосылатын, өз тағдыры мен
ел тағдырына жауапкершілік сезіміне ие болуы қажет.
Қоғам ішіндегі мәдени және саяси сауатсыздық, жастарымыздың болашақта дамуы,
өсуі үлкен проблемаға айналғалы тұр.
Біздің уақыт көшбасшы кім болды? Көшбасшы, Лидер (
ағылшынан. leader –
ведущий, бірінші, алда жұретін адам) – қандай да бір топта (ұйымда) беделді тұлға болып
танылған адам. Көшбасшысы қалғандарын артынан ертіп отырып, өзі мүдделі болған іске
достарының арасында қызығушылық оятуға қабілетті. Адамдар дәл онымен қиын сәттерде
кеңескісі келеді, қуанышымен бөлісуге дайын, Көшбасшы әрқашан көмек көрсетуге дайын.
Мектеп – білім бесігі десек, сол мектепте ұйымдастырылған оқу – тәрбие үрдісі
еліміздің болашағына ықпалын тигізді, өйткені ұлттық мектеп – қоғам идеясының жүзеге
асырушысы. Мектепте оқушының көшбасшы болып қалыптасуында орны бөлек. Қөшбасшы
оқушы болашақта айналасындағы адамдарға жақсы әсері болуы үшін, сынып жетекші тәрбие
жұмысын тиімді жүргізуі керек.
Сынып жетекші баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын,
өзін-өзі тануына көмек көрсететін, әлеуметтік өмірге бейімделген, рухани дүниесі бай,
білімді, зерттеу мәдениеті қалыптасқан, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты дамытып,
жетілдіретін маман болып табылады.
Өз сыныбындағы оқушыларды саралай отырып, оларға жеке дамуына жол сілтейтін
сынып жетекші. Жақсы құрылған тәрбие жұмысына қатысқан жасөспірім өзінің өмірдегі
жолын қателеспей табуға тиіс, өткені көптегенжасөспірімдеркөшбасшыға қажетті
қасиеттерін байқауға болады, бірақ әркімніңөзін дамытуға жәненығайтуға мүмкіндігі жоқ.
Қазіргі таңда оқушы бойындағы көшбасшылық қасиеттерің анықтап, оларды дамыту
жолдары
көп жерлерде зерттеліп, анықталып келеді.
Көшбасшының қалыптасуы мен топтың дамуы бұл үздіксіз және үзілмейтін процесс.
Көшбасшы болып тумайды, оған айналады.Тұлға өмір бойы тәрбиеленіп қалыптасады, ал
мектептің уақыты тұлға қалыптасуының маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.
Джон Максвелл: «Жетістікке жету үшін, артыңыздан қолдауышыларды ертіңіз,
жетістікті еселеп көбейткіңіз келсе - Көшбасшыларды ертіңіз!» деген.
Барлық жерде екі адамнан артық адам жиналып қалса, көшбасшылықты
қалыптастыру проблемасы туындайды. Топ құру процесінде оның кейбір қатысушылары
неғұрлым белсенді рөл атқара бастайды, қалғандары олардың сөзіне үлкен құрметпен құлақ
асады. Сол кезде қатысушылардың тобының көшбасшылары мен ізбасарларына бөлінуі
басталады.
Лидерлік - бұл жеке басын куәландыратын, барлық қалған топ мүшелері құқығын
мойындап, өзіне ең жауапты шешім, олардың мүдделерінің бағыты мен сипатын қозғайтын
және анықтайтын қызмет. Ол ресми түрде тағайындалуы мүмкін, немесе ресми емес, бірақ
ұжымды өзінің ұйымдастырушылық қабілеттерінің күшімен басқарып отырады.