220
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
61.1.Парламент туралы заңның 15-бабы 1-тармағына сәйкес
Заң шығару бастамашылығы құқығы субъектiнiң Парламент
қарауға мiндеттi заң жобасының және Парламенттiң өзге заң
актiсiнiң мәтiнiн ресми енгiзуi заң шығару бастамашылығы
болып белгіленеді. Жоғарыдағы мәтіннен заң шығару
бастамашылығы құқығы тек Парламенттің заң немесе
заңнамалық акт жобасы нысанында ғана жазылатыны көрінеді.
Демек, конституциялық заңнамамен Мәжіліске заң қабылдау
туралы идеядан ғана тұратын құқық субъектісінің заң шығару
бастамасын жүзеге асыру нысаны ретінде заң және басқа да
актілер, тұжырымдамалар мен мәтіндер енгізу көзделмейді.
Заң шығару бастамасын жүзеге асыру тәртібі Парламентi
туралы Заңмен және Мәжіліс Регламентімен бекітілген.
Заң шығару бастамасы құқығы тек Мәжілісте ғана жүзеге
асырылады және:
1) заң актісінің жобасын Мәжіліске енгізу туралы шешімін
арнайы жолдаумен ресімдейтін Республика Президентіне;
2) заң актісінің жобасын Мәжіліске енгізу туралы шешімін
тиісті ұсыныспен ресімдейтін Парламент депутаттарына;
3) заң актісінің жобасын Мәжіліске енгізу туралы шешімін
Үкіметтің тиісті қаулысын шығару арқылы Республика
Үкіметіне жатады.
Заң шығару бастамасы құқығы:
- Қазақстан Республикасының жаңа заңдары жобаларын
енгізу;
- Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң-
дарына өзгерістер, толықтырулар енгізу және олардың күшін
жою туралы заңдар жобаларын енгізу;
- Республика Парламентінің заңдарды күшіне енгізу
мәселелері жөніндегі нормативтік қаулыларының жобаларын
енгізу нысандарында жүзеге асырылады.
Заңмен заң шығару бастамасы құқық субъектілерінің тізімі-
221
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
не мемлекет басшысы ретінде маңызды мемлекеттік мәселелер
белгілеуге және шешуге тікелей қатысы бар Республика Прези-
денті енгізілген. Мемлекет басшысы бола тұра, Республика Пре-
зидентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс
iстеуiн және Үкiмет органдарының халық алдындағы жауапкер-
шiлiгiн қамтамасыз ету және осыған байланысты Парламенттің
заң шығару қызметінде қатысуға конституциялық мүмкіндігі
бар заң шығару рәсімінің негізгі қатысушысы болу керек.
Парламент депутаты (депутаттары) тарапынан заң шығару
бастамасы болғанда бастамашы Мәжіліс Төрағасының аты-
на заң актісін әзірлеу немесе қолданыстағы заңға өзгертулер
мен толықтырулар енгізу қажеттігі ашылған ұсынысты
рәсімдейді. Мәжіліс Төрағасы ол ұсынысты Мәжілістің жал-
пы отырысының қарауына шығарады. Мәжіліс заң актісі
жобасын әзірлеуге келісімін берсе, Мәжіліс заң жобасының
бастамашысын қажетті ұйымдастыру, ақпараттық және басқа
да көмекпен қамтамасыз етеді және заң жобасын Мәжілістің
жалпы отырысына белгілі мерзімде енгізетін Палатаның бас
комитетін белгілейді. Теріс қорытынды берген кезде Мәжіліс
өз қорытындысының ашық дәлелдемесін береді және ол ту-
ралы заң жобасының бастамашысын хабардар етеді.
Сенат депутаттары өз ескертпелері мен ұсыныстарын
оны Мәжілістің жалпы отырысында қарауды дайындаумен
айналысатын Мәжіліс комитетіне енгізеді. Сонымен қоса
ұсыныстар мен ескертпелерді қарау нәтижелері туралы
оларға хабарланады.
Республика Үкіметінің бастамасымен заң жобасы тиісті
құжаттармен Мәжіліс Регламентіне сәйкес қаралады.
Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер және жеке
заң шығару бастама құқығы жоқ азаматтардан келіп түскен
заң жобалары Мәжіліске тек қана заң шығару бастама құқығы
бар органдар мен адамдар арқылы енгізіле алады.
222
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
Жоба немесе қолданыстағы заңға өзгертулер мен
толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды енгізу заң шығару
бастама құқығының субъектісі өз бастамасын қараудың кез-
келген кезеңінде қайта шақыртып алуына хақылы.
Республика Президенті мен Үкімет енгізген заң актілерінің
жобалары Парламент Мәжілісінің қаулысымен Мәжілістің тиісті
тұрақты комитеттерінің қарауына жіберіледі және олар бойын-
ша Мәжілістің тұрақты комитеттерінің қорытындылары болған
жағдайда ғана оның жалпы отырысында қаралуы мүмкін.
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың жал-
пы санының көпшілік дауысымен заң жобасы Мәжіліс
отырысының күн тәртібіне қарауға енгізілуі немесе Мәжіліс
комитетіне (комитеттеріне) онымен жұмыс жалғастыруға жі-
берілуі мүмкін немесе заң шығару бастама құқығының субъ-
ектісіне қайтарудың дәлелді негіздемесімен қайтарылып бе-
руі мүмкін.
Мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк
шығысты көбейтудi көздейтiн заңдардың жобалары Республи-
ка Үкiметiнiң оң қорытындысы болғанда ғана енгiзiлуi мүмкiн.
Бұл ережеге тек қана Республика Президентінің заң шығару
бастамасы тәртібімен Мәжіліске енгізілген заңнамалық
актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы та-
лап етілмейді. 2007 жылғы 21 мамырдағы Заң 61-бапты 5-1-
тармақпен толықтырды.
61. 5-1. Мәжіліс депутаттары қараған және олардың жал-
пы санының кемінде үштен екісінің дауысымен мақұлданған
Конституциялық заң жобасы Сенатқа беріледі, онда алпыс
күннен асырылмай қаралады. Сенат депутаттары жалпы
санының кемінде үштен екісінің дауысымен қабылданған жоба
конституциялық заңға айналады және он күн ішінде Респуб-
лика Президентіне қол қоюға ұсынылады. Конституциялық
заң жобасын тұтастай қабылдамауды Мәжіліс немесе Сенат
Достарыңызбен бөлісу: |