«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет68/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   89

229
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
уапкершілік  институтының  туындаған  уақытына  тән 
емес,  ол  уақытта  биліктің  бөліну  қағидатына  негізінен 
тармақтардың  қарама-қайшылықтары,  дағдарыстары  мен 
олардан  шығу  жолдары  болды.  Өткен  ғасырдың  екін-
ші  жартысында  биліктің  бөліну  тетігіндегі  басты  назар 
оларды  біріктіретін,  бір-біріне  шыдаммен  қарап,  қарама-
қайшылықтарды  жоюға  бағытталды.  Осы  жолдың  басты 
дем берушісі және оны іске асырушысы ретінде саяси пар-
тиялар шықты.
Міне, нақ осындай конструктивті себептерді, елді саяси 
жаңғыртуды 2007 жылғы маусымда Парламент Мәжілісінің 
50-ден астам депутаты алға тартты, олар Н.Ә.Назарбаевқа 
үшінші  шақырылған  Мәжілістің  өкілеттіктерін  мерзімі-
нен  бұрын  тоқтатуға  ұсыныс  жасады.  Депутаттардың 
ұсыныстарын 
басшылыққа 
алып, 
Республиканың 
Конституциялық  Кеңесінің  2007  жылғы  18  маусымдағы 
Қаулысындағы  құқықтық  ұстанымын  ескере  отырып,  Рес-
публика  Президенті  20  маусымда  «Үшінші  шақырылған 
Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  Мәжілісін  тара-
ту  және  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Мәжілісі 
депутаттарының  кезектен  тыс  сайлауын  тағайындау  тура-
лы» Жарлық шығарды. Дәл осындай әдеттен тыс тізілімді, 
алдын ала болжап және сипаттауға келмейтін жағдайларда 
40-баптың  2  және  3-тармақтарында  бекітілген  Респуб-
лика  Президентінің  Конституцияға  және  мемлекеттік 
органдардың  барлық  тармақтарының  үйлесімді  қызмет 
етуіне,  билік  органдарының  халық  алдындағы  жауапкер-
шілігіне кепіл беру мен қамтамасыз ету және басқа сөзбен 
айтқанда саяси төрелік функциясы іске қосылады.
Парламентті тарату үшін нақты негіз Заңмен Палата бас-
шыларымен  және  Премьер-Министрмен  консультацияға 
ауыстырылған.  Осындай  консультациялар  туындаған  саяси 


230
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
қарама-қайшылықтардың тереңдігі туралы, мүмкіндігі неме-
се мүмкіндігінің болмауы, олардан ең болмағанда таратусыз 
шығу мәселесіне жауап бере алады. Мысалы, Франциядағы 
Ұлттық жиналысты тарату негіздерінің 1946 жылғы Консти-
туциясында бұрынырақ қарастырылған тізілімі, 1958 жылғы 
Конституцияның 12-бабымен ауыстырылған, онда тарату ал-
дында Президент міндетті түрде Премьер-Министрмен және 
басшылармен кеңеседі.
Осы  бапта  бекітілген  тағы  бір  жаңалық  -  бір  Палатаны, 
Мәжілісті  ғана  тарату  мүмкіндігі  –  оның  партиялық  өкілет 
Палатасына және билеуші партияның Парламент сайлауында 
жеңіске жеткенімен біріккен қызмет ету бағдарламасын жүзеге 
асыру жөніндегі Үкіметтің басты әріптесіне айналуына байла-
нысты. Мәжілісті таратудың оң жақтары туралы айтпауға бол-
майды және оған сайлауға дайындық және өткізу кезінде заң 
шығару қызметі тоқтамай, Сенат жалғастыра береді.
25. 64-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2.  Үкімет  алқалы  орган  болып  табылады  және  өзінің 
бүкіл  қызметінде  Республика  Президентінің  алдында  жау-
апты,  ал  Конституцияда  көзделген  жағдайларда  Парламент 
Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.».
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
64-БАБЫ
25.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
64-бап
1.  Үкiмет  Қазақстан 
Республикасының  атқарушы 
билiгiн  жүзеге  асырады, 
атқарушы органдардың жүйесiн 
басқарады  және  олардың 
қызметiне басшылық жасайды. 
64-бап
1 .   Ү к i м е т   Қ а з а қ с т а н 
Республикасының  атқарушы 
билiгiн  жүзеге  асырады, 
атқарушы органдардың жүйесiн 
басқарады  және  олардың 
қызметiне басшылық жасайды.
 


231
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2.  үкiмет  өзiнiң  бүкiл 
қ ы зм е т i н д е   Ре с п убл и -
ка  Президентiнiң  алдын-
да  жауап  бередi,  сондай-ақ 
Конституцияның  53-бабы 
6)-тармақшасында көзделген 
ретте Республика Парламен-
тiне есеп бередi. 
3. Конституцияның 57-бабы 
6)тармақшасында көзделген рет-
те Үкiмет мүшелерi Парламент 
Палаталарына есеп бередi.
4.  Үкiметтiң  құзыретi, 
ұйымдастырылуы мен қызмет 
тәртiбi конституциялық заңмен 
белгiленедi.
2.  Үкімет  алқалы  орган  бо-
лып  табылады  және  өзінің 
бүкіл  қызметінде  Республика 
Президентінің  алдында  жауап-
ты, ал Конституцияда көзделген 
ж а ғ д а й л а р д а   П а р л а м е н т 
Мәжілісінің және Парламенттің 
алдында жауапты.
3.  Конституцияның  57-бабы 
6)тармақшасында көзделген рет-
те Үкiмет мүшелерi Парламент 
Палаталарына есеп бередi.
4 .   Ү к i м е т т i ң   қ ұ з ы р е т i , 
ұйымдастырылуы  мен  қызмет 
тәртiбi конституциялық заңмен 
белгiленедi.
 
64.2. Үкімет құрамына барлық Үкімет мүшелері – Респуб-
лика Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, министрлер 
және Республика Президенті жеке тағайындайтын басқа да 
Республиканың  лауазымды  адамдары  (Премьер-Министр 
Кеңсесінің басшысы) енетін алқалы орган болып табылады. 
Конституцияның  65-бабы  1-тармағына  сәйкес  Қазақстан 
Республикасының  Президентi  Үкiметтi  Конституцияда 
көзделген  тәртiппен  құрады.  Конституцияның  44-бабы  3) 
тармақшасына  сәйкес  Республика  Президенті  Парламент 
Мәжілісінде  өкілдігі  бар  саяси  партиялар  фракцияларымен 
консультациялардан  кейін  келісім  беру  үшін  Мәжілістің 
қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын 
енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың 
Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен 
босатады;  Премьер-Министрдің  ұсынуымен  Республи-
ка  Үкіметінің  құрылымын  айқындайды;  Республиканың 
Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын 
құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау