«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет66/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   89

223
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Палата  депутаттары  жалпы  санының  көпшілік  дауысымен 
жүзеге асырады.
Сенат  депутаттары  жалпы  санының  кемінде  үштен 
екісінің  дауысымен  Конституциялық  заң  жобасына  енгізіл-
ген өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер 
Мәжіліс  депутаттардың  кемінде  үштен  екісінің  дауысымен 
Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келіссе, 
конституциялық заң қабылданды деп есептеледі.
Егер Мәжіліс, Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар 
бойынша дауыс беру кезінде олармен депутаттардың кемінде 
үштен екісінің дауысымен келіспесе, онда Палаталар арасындағы 
келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі.
Мәжілістің  жалпы  отырысының  күн  тәртібіне  қосылған 
Мәжіліс  депутаттары  қараған  және  олардың  жалпы 
санының  кемінде  үштен  екісінің  дауысымен  мақұлданған 
конституциялық  заң  жобасы  Сенатқа  беріледі,  онда  алпыс 
күннен  асырылмай  қаралады.  Сенат  депутаттары  жалпы 
санының кемінде үштен екісінің дауысымен қабылданған жоба 
конституциялық заңға айналады және он күн ішінде Респуб-
лика Президентіне қол қоюға ұсынылады. Конституциялық 
заң жобасын тұтастай қабылдамауды Мәжіліс немесе Сенат 
Палата  депутаттары  жалпы  санының  көпшілік  дауысымен 
жүзеге  асырады.  Қабылданбаған  конституциялық  заңның 
жобасы оның бастамашысына қайтарылып беріледі.
Сенат  депутаттары  жалпы  санының  кемінде  үштен 
екісінің  дауысымен  конституциялық  заң  жобасына  енгізіл-
ген өзгерістер мен толықтырулар Мәжіліске жіберіледі. Егер 
Мәжіліс  депутаттардың  кемінде  үштен  екісінің  дауысымен 
Сенат енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келіссе, 
конституциялық заң қабылданды деп есептеледі.
Егер Мәжіліс, Сенат енгізген өзгерістер мен толықтырулар 
бойынша дауыс беру кезінде олармен депутаттардың кемінде 


224
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
үштен екісінің дауысымен келіспесе, онда Палаталар арасындағы 
келіспеушіліктер келісу рәсімдері арқылы шешіледі. 61-баптың 
6-тармағы мынадай сөйлеммен толықтырылды:
61.6.  Мемлекеттiк  кiрiстi  қысқартуды  немесе  мемлекет-
тiк  шығысты  көбейтудi  көздейтiн  заңдардың  жобалары  Рес-
публика  Үкiметiнiң  оң  қорытындысы  болғанда  ғана  енгiзiлуi 
мүмкiнкіндігін көздейтін Конституцияның 61-бабы 6-тармағының 
ережесі  Заңмен  Республика  Президентінің  заң  шығару  баста-
масы  тәртібімен  Парламент  Мәжілісіне  енгізілген  заңнамалық 
актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап 
етілмейді  деген  сөйлеммен  толықтырылған.  Мұндай  норманы 
енгізу  Республика  Президентiнің  мемлекеттiк  билiктiң  барлық 
тармағының  келiсiп  жұмыс  iстеуiн  және  үкiмет  органдарының 
халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз ететін Мемлекет 
басшысы ретіндегі ерекше мәртебесінен туындайды.
Мемлекеттiк кiрiстi қысқарту немесе мемлекеттiк шығысты 
көбейтудi көздейтiн заңдардың жобалары бойынша Республика 
Үкіметінің оң қорытындысының болу талабы республикалық 
бюджеттің кірістері мен шығыстары тепе-теңдігін қамтамасыз 
ету  қажеттілігімен  байланысты.  Конституцияның  66-бабы 
2)  тармақшасымен  республикалық  бюджеттің  орындалуын 
қамтамасыз ету Республика Үкіметіне жүктелген. Сондықтан 
Үкіметтің  қорытындысы  республикалық  бюджеттің  орында-
лу барысының объективті көрсетілуі Парламенттің қаржылық 
заң жобаларын қараудың қағидатты мағынасына ие болады. 
Заң  61-баптың  7-тармағын  мынадай  редакцияда 
толықтырды:
61.7. Заңмен Конституцияның 61-бабының түсініктеме беріліп 
отырған  тармақшасына  Парламенттің  Үкіметке  сенім  беру 
рәсімін жариялауға қажетті көпшілік дауыс саны туралы мәселе 
бойынша, егер осындай рәсімді Премьер-Министр қойса деген 
өзгерту енгізілді. Қазақстан Республикасы Үкіметі заң шығару 
бастамасының субъектісі ретінде ол енгізген заң жобасының ере-


225
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
желерін жұмыс топтарында, Сенат және Мәжілістің тұрақты ко-
митеттерінде Парламент Палаталарының жалпы отырыстарында 
қорғай алады. Егер Үкімет заң шығару бастамасының субъектісі 
ретінде  Парламент  Палаталарының  өзгерту  мен  толықтырулар 
енгізу нәтижесінен заң жобасының тұжырымдамасы және басқа 
да маңызды сипаттары өзгеріске ұшырады деген шешімге келсе, 
онда ол енгізілген жобаны оның Парламентте қаралуының кез-
келген кезеңінен қайта шақыртып алуға құқылы. 
Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты 
Премьер-Министр Парламент Палаталарының бірлескен отыры-
сында Үкіметке сенім туралы мәселе қоюға хақылы. Бұл мәселе 
бойынша дауыс беру сенім туралы мәселе қойылған сәттен бас-
тап қырық сегіз сағаттан ерте өткізілмейді. Егер сенімсіздік біл-
діру  туралы  ұсыныс  Палаталардың  әрқайсысының  депутатта-
ры жалпы санының көпшілік дауысын ала алмаса, заң жобасы 
дауысқа салынбай қабылданды деп есептеледі. Алайда Үкімет 
бұл құқықты жылына екі реттен артық пайдалана алмайды.
23. 62-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс-
тер  мен  толықтырулар  енгізу  мәселелері  бойынша  кемінде 
екі оқылым өткізу міндетті.».
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
62-БАБЫ
23.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
62-бап
1.  Парламент  Республи-
каның бүкiл аумағында мiн-
деттi  күшi  бар  Қазақстан 
Республикасының  заңдары, 
Парламенттiң  қаулылары, 
С е н ат   п е н   М ә ж i л i с т i ң 
қаулылары  түрiнде  заң  ак-
тiлерiн қабылдайды.
62-бап
1. Парламент Республиканың 
бүкiл  аумағында  мiндет-
т i   к ү ш i   б а р   Қ а з а қ с т а н 
Республикасының  заңдары, 
Парламенттiң  қаулылары,  Се-
нат пен Мәжiлiстiң қаулылары 
т ү р i н д е   з а ң   а к т i л е р i н 
қабылдайды. 


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау