«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет56/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   89

192
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
Мәжіліс халықаралық шарттарды бекіту немесе олардың 
күшін жою туралы мәселелерді, егер Республика Конститу-
циясында  өзгеше  көзделмесе,  басқа  заң  жобалары  сияқты 
тәртіппен  қарайды  және  шешім  қабылдайды.  Мәжілістің 
жалпы  отырысында  халықаралық  шартты  бекіту  немесе 
оның күшін жою туралы мәселені қарау кезінде Республика 
Үкіметінің  өкілі  баяндама  жасайды,  бұдан  кейін  Бас  коми-
теттен депутат қосымша баяндама жасайды. Баяндамалардан 
кейін Мәжіліс депутаттары оларға сұрақтар қоюға және оған 
жауаптар алуға, өз пікірлерін білдіруге қақылы.
Мәжіліс халықаралық шартты бекіту немесе оның күшін 
жою  туралы  шешімді  Палата  депутаттары  жалпы  санының 
көпшілік  дауысымен  қабылдайды.  Халықаралық  шартты 
бекітуді немесе оның күшін жоюды мақұлдау туралы Мәжіліс 
қабылдаған қаулы Палата Төрағасының қолы қойылып, осы 
Регламенттің  66-тармағында  көзделген  тәртіппен  Сенатқа 
жіберіледі. Халықаралық шартты бекіту немесе оның күшін 
жою  туралы  шешімнің  одан  әрі  өту  тәртібі  Парламенттің 
рақымшылық  жасауды  жариялау  жөніндегі  қаулысы 
жобасының өтуімен бірдей болады (Констиуцияның 54.1.5.-
бабына түсініктемені қара).
Халықаралық  шарттарды  бекіту  немесе  олардың  күшін 
жою мәселелері жөнінде Мәжіліс пен Сенат арасында келіс-
пеушілік  болған  жағдайда  екі  Парламент  Палатасының 
төрағалары,  сондай-ақ  Парламент  депутаттары  жалпы 
санының кем дегенде бестен бір бөлігін құрайтын депутаттар 
осы мәселені қараудың кез-келген кезеңінде оның Республи-
ка  Конституциясына  сәйкестігіне  қорытынды  беру  туралы 
Конституциялық  Кеңеске  жүгінуге  қақылы.  Бұл  жағдайда 
тиісті  құжаттардың  барлық  көшірмелері  Конституциялық 
Кеңеске тапсырылады, ол өтініш түскен күннен бастап бір ай 
мерзімде шешім шығарады. 


193
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Конституциялық  Кеңес  Қазақстан  Республикасының 
халықаралық шартын немесе бөлек ережелерін Республика 
Конституциясына қайшы келеді деп таныса, ол шарт немесе 
оның тиісті ережелері орындалуға жатпайды. 
54.2.  Парламент  Палаталардың  бөлек  отырысында 
мәселелерді әуелі – Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз ке-
зегімен қарау арқылы:
54.2.1) Республикалық бюджеттің орындалуы туралы есепті 
талқылайды. Республика Президентінің қарсылығын туғызған 
заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберіл-
ген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен 
дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент 
қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді.
Республика Президентінің қарсылықтарымен қайтарылған 
заң немесе оның баптары Мәжілістің тиісті тұрақты комитеті 
қорытынды әзірлегеннен кейін Палатаның шешім қабылдауы 
үшін  Мәжілістің  жалпы  отырысына  шығарылады.  Егер 
Мәжіліс дауыс беру қорытындылары негізінде заң бойынша 
Парламент бұрын қабылдаған шешімді растамайтын болса, 
онда Президент қарсылықтарын Парламент Палаталарының 
одан әрі қарауы тоқтатылады және заң қабылданбады немесе 
Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі.
Егер  Мәжіліс  Палата  депутаттарының  жалпы  санының 
үштен  екі  көпшілік  дауысымен  заң  бойынша  бұрын 
қабылданған шешімді растайтын болса, онда заң Президент 
қарсылықтарын қоса әрі қарай қарау үшін Сенатқа беріледі. 
Қарсылықтарды Мәжілісте қарау кезінде Республика Прези-
денті депутаттар ұсыныстарын ескеріп, олар қарсылықтармен 
ұсынған  тұтастай  заң  редакциясын  не  оның  жеке  тиісті 
бөліктерін өзгертуге құқылы. 
Сенаттың тиісті тұрақты комитеті қорытынды әзірлегеннен 
кейін  заң  немесе  оның  баптары  мемлекет  басшысының 


194
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
қарсылықтарын  қоса  Сенаттың  жалпы  отырысына 
шығарылады.  Егер  Сенат  дауыс  беру  қорытындылары  не-
гізінде заң бойынша Парламент бұрын қабылдаған шешімді 
растамайтын  болса,  онда  заң  қабылданбады немесе  Прези-
дент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі.
Егер Сенат Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі 
көпшілік дауысымен заң бойынша бұрын қабылданған шешімді 
растайтын  болса,  онда  Президенттің  заң  бойынша  қарсылығы 
еңсерілді  деп  есептеледі.  Бұл  жағдайда  заң  немесе  тиісінше 
оның баптары Парламент бірінші рет қабылдаған редакциясын-
да қабылданды деп есептеледі және Президент осы заңға ол қол 
қоюға ұсынылған кезден бастап бір ай ішінде қол қояды. 
Парламент  Палаталарының  отырыстарында  заң  неме-
се  оның  жекелеген  баптары  қайтадан  талқыланған  және 
дауысқа  салынған  кезде  дауысқа  салу,  егер  Президенттің 
қарсылықтары заңға тұтастай туындаған болса, - заң бойын-
ша тұтас не мемлекет басшысының қарсылықтарын туғызған 
баптар бойынша өткізіледі.
Егер  мемлекет  басшысының  қарсылықтары  Парламент 
қабылдаған  конституциялық  заңдарға  енгізілген  жағдайда, 
онда  бұл  қарсылықтар  заңдарға  қарсылықтарды  қарау 
үшін  көзделген  тәртіппен  қаралады.  Бұл  ретте  Парламент 
Президенттің конституциялық заңдарға қарсылығын әр Пала-
та депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен үшінің 
дауысымен еңсереді.
54.2.3)  республикалық  референдум  тағайындау  туралы 
бастама көтереді.
17. 55-бапта:
1) 1) тармақшадағы «, алқалар төрағаларын» деген сөздер 
алып тасталсын;
2) 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:


1
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
«2) Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің 
Төрағасын,  Бас  Прокурорын  және  Ұлттық  қауіпсіздік 
комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беруі;»;
3) 4) тармақша алып тасталсын;
4) 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына 
байланысты,  ол  уақытша  болмаған  кезеңде  Республика 
Парламентінің  конституциялық  заңдар  мен  заңдар  қабылдау 
жөніндегі функцияларын орындау;
6) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге 
де өкілеттіктерді жүзеге асыру.».
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
55-БАБЫ
17.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
55-бап
Сенаттың ерекше қарауына 
мыналар жатады: 
1) Қазақстан Республикасы 
Президентiнiң  ұсынуымен 
Республиканың  Жоғарғы 
С о т ы н ы ң   Т ө р а ғ а с ы н , 
Алқалар төрағаларын және 
Жоғарғы  Сотының  судьяла-
рын  сайлау  мен  қызметтен 
босату,  олардың  анттарын 
қабылдау; 
2)  Республика  Прези-
дентiнiң Республиканың Бас 
Прокурорын жəне Ұлттық 
қауiпсiздiк  комитетiнiң 
Төрағасын тағайындауына 
келiсiм беру; 
3) Республиканың Бас Про-
курорын, Жоғарғы Сотының 
Төрағасы  мен  судьяларын 
оларға  ешкiмнiң  тиiспеуi 
жөнiндегi құқығынан айыру;
55-бап
Сенаттың  ерекше  қарауына 
мыналар жатады: 
1)  Қазақстан  Республика-
сы  Президентiнiң  ұсынуымен 
Ре спубликаның  Жоғарғы 
Сотының  Төрағасын  және 
Жоғарғы Сотының судьяларын 
сайлау  мен  қызметтен  босату, 
олардың анттарын қабылдау
2) Республика Президентінің 
Республика  Ұлттық  Банкінің 
Төрағасын,  Бас  Прокуро-
рын  және  Ұлттық  қауіпсіздік 
ко м и т е т і н і ң   Т ө р а ғ а с ы н 
тағайындауына келісім беру;
3)  Республиканың  Бас  Про-
курорын,  Жоғарғы  Сотының 
Төрағасы мен судьяларын оларға 
ешкiмнiң  тиiспеуi  жөнiндегi 
құқығынан айыру;
4) (2007 ж. 21 мамырдағы № 
254 Заңмен алып тасталды)


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау