«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет52/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   89

180
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану 
туралы  шешім  қабылдайды.  Мемлекет  басшысының  осын-
дай ұсынысын ол тек қана Парламент Палаталарының бір-
лескен отырысына ғана енгізіле алады. Осы мәселені қарау 
қауырттығын  Президенттің  өзі  белгілейді.  Бейбiтшiлiк  пен 
қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi 
орындау үшiн Республиканың Қарулы Күштерiн пайдалану 
жөніндегі мәселелердің шешімі Парламент Палаталарының 
бірлескен отырысында Парламенттің әр Палата депутаттары 
жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
53.6 Қазақстан Республикасы Парламенті Регламентінің 69-
тармағына сәйкес Конституциялық Кеңестің Республикадағы 
конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы 
жолдаулары  Парламент  Палаталарының  бірлескен  отыры-
сында тыңдалады және назарға алынады.
53.7  Палаталардың  бірлескен  отырысында  Парламент 
Палаталардың  бірлескен  комиссияларын  құрады,  олардың 
төрағаларын лауазымға сайлайды және лауазымнан босата-
ды, комиссия қызметі туралы есептерді тыңдайды.
53.8 Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Пар-
ламентке  Конституцияда  жүктелген  басқа  өкілеттіліктерді 
жүзеге асырады. Демек, Конституцияда Палаталардың (Се-
нат  және  Мәжіліс)  бірлескен  отырыстарында  жүзеге  асы-
рылатын  Парламент  өкілеттіктерінің  толық  (жабық)  тізбесі 
берілген.  Сондықтан  басқа  нормативтік  құқықтық  актілер 
Конституциямен  Парламентке  жүктелген  өкілеттіктерді 
кеңейте не әсіресе азайта алмайды.  
 
 
54-бап
1. Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелерді 
әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы 
конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде:


181
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен 
толықтырулар енгізеді;
 2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және 
оларды алып тастайды;
 3) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін 
шешу тәртібін белгілейді;
 4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың 
құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, 
дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мем-
лекеттік рәміздерін айқындайды;
5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық 
және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;
6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;
7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификация-
лайды және олардың күшін жояды.
2. Парламент Палаталардың бөлек отырысында мәселелерді 
әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау 
арқылы:
1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді 
талқылайды;
2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар 
немесе  заңның  баптары  бойынша  қарсылықтар  жіберілген 
күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен 
дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент 
қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Мәжіліс 
пен Сенат әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен 
екі көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растай-
тын болса, Президент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер 
Президенттің  қарсылығын  ең  болмаса  Палаталардың  бірі 
еңсермесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған ре-
дакцияда қабылданды деп есептеледі. Парламент қабылдаған 
конституциялық заңдарға Мемлекет басшысының қарсылығы 


182
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
осы тармақшада көзделген тәртіппен қаралады. Бұл ретте Пар-
ламент Президенттің конституциялық заңдарға қарсылығын 
әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен 
үшінің дауысымен еңсереді;
3) республикалық референдум тағайындау туралы бастама 
көтереді.».
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
54-БАБЫ
16.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
54-бап
Парламент  Палаталардың 
бөлек отырысында мəселелердi 
əуелi мəжiлiсте, ал содан кейiн 
Сенатта  өз  кезегiмен  қарау 
арқылы: 
1) заңдар қабылдайды
2)  республикалық  бюджет-
тi  жəне  оның  атқарылуы 
туралы  есептердi,  бюджет-
ке  енгiзiлетiн  өзгертулер 
м е н   т о л ы қ т ы р у л а р д ы 
талқылайды,  мемлекеттiк 
салықтар  мен  алымдарды 
белгiлейдi жəне оларды алып 
тастайды;
3 )   Қ а з а қ с т а н   Ре с п уб -
л и ка с ы н ы ң   ə к i м ш i л i к -
аумақтық  құрылысының 
мəселелерiн  шешу  тəртiбiн 
белгiлейдi;  
4) мемлекеттiк наградаларды 
тағайындайды, Республиканың 
құрметтi,  əскери  жəне  өзге 
де  атақтарын,  сыныптық 
шендерiн,  дипломатиялық 
дəрежелерiн  белгiлейдi, 
Республиканың  мемлекеттiк 
нышандарын анықтайды; 
54-бап
1.  Парламент  Палата-
лардың бөлек отырысында 
мəселелерді əуелі - мəжілісте, 
ал содан кейін Сенатта өз 
кезегімен  қарау  арқылы 
конституциялық  заңдар 
мен  заңдар  қабылдайды, 
оның ішінде:
1) республикалық бюджет-
ті бекітеді, оған өзгерістер 
мен толықтырулар енгізеді;
2) мемлекеттік салықтар 
мен алымдарды белгілейді 
жəне оларды алып тастай-
ды;
3 )   Қ а з а қ с т а н н ы ң 
ə к і м ш і л і к - ау м а қ т ы қ 
құрылысы  мəселелерін 
шешу тəртібін белгілейді;
4)  мемлекеттік  награ-
даларды  тағайындайды, 
Республиканың  құрметті, 
ə с ке р и   ж ə н е   ө з ге   д е 
атақтарын,  сыныптық 
шендерін, дипломатиялық 
дəрежелерін  белгілейді, 
Республиканың мемлекеттік 
рəміздерін айқындайды;


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау