«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 21 мамырдағы



жүктеу 1,31 Mb.
Pdf просмотр
бет55/89
Дата20.11.2018
өлшемі1,31 Mb.
#22214
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   89

189
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
ше  ресiмдеп  бас  тартуы  және  Қазақстан  Республикасы 
халықаралық шартының қолданылуын тоқтату тәсiлінің бiрi.
Жоғарыда  аталған  Конституциялық  Кеңестің  қаулысында 
Республика үшiн мiндеттiлiгi халықаралық шарттарды рати-
фикациялау туралы заңдармен немесе халықаралық шарттарға 
қосылу  туралы  заңдармен  белгiленген  халықаралық  шарт-
тарды  ратификацияланған  деп  есептеу  керектігі  атала-
ды.  Конституцияның  4-бабы  1-тармағының  нормаларына 
сәйкес  халықаралық  шарттар  Қазақстан  Республикасында 
қолданылатын құқықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл 
ретте Қазақстан ратификацияланған халықаралық шарттарға 
ерекше  мағына  беріп,  Негізгі  заңның  4-бабы  3-тармағында 
Республика  бекiткен  халықаралық  шарттардың  респуб-
лика  заңдарынан  басымдығы  болады  және  халықаралық 
шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн 
жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылатынын бекітеді.
«Халықаралық шарттар туралы» Заңның 11-бабының ере-
желеріне сәйкес ратификациялауға: 
1)  нысанасы  адам  және  азаматтың  құқықтары  мен 
бостандықтары болып табылатын;
2)  орындалуы  қолданыстағы  заңдарды  өзгертудi  немесе 
жаңа заңдарды қабылдауды талап ететін, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге ережелердi 
белгілейтiн;
3)  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттiк  шекарасының 
өтуi  туралы,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  ерек-
ше экономикалық аймағын және құрылықтық қайраңын ме-
желеп  бөлу  туралы  халықаралық  шарттарды  қоса  алғанда, 
Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен аумақтық 
межелеп бөлiнуi туралы;
4)  мемлекетаралық  қатынастардың  негіздерi  туралы, 
қарусыздану немесе қару-жараққа халықаралық бақылау жа-


190
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
сау,  халықаралық  бейбiтшiлiк  пен  қауiпсiздiктi  қамтамасыз 
ету жөнiндегi мәселелер бойынша, сондай-ақ бiтiмгершiлiк 
халықаралық  шарттар  мен  ұжымдық  қауiпсiздiк  туралы 
халықаралық шарттар;
5)  Қазақстан  Республикасының  мемлекетаралық  бiрлес-
тiктер  мен  халықаралық  ұйымдарға  қатысуы  туралы,  егер 
мұндай халықаралық шарттар Қазақстан Республикасы еге-
мендiк құқықтарының бiр бөлігін жүзеге асыруды оларға бе-
рудi көздейтiн болса немесе олардың органдары шешiмдерiнің 
Қазақстан Республикасы үшiн заңдық тұрғыдан мiндеттілігін 
белгiлейтін халықаралық шарттар жасасады.
Ратификацияланғанға  дейін  халықаралық  шарттарды 
Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, 
Мәжілiс  Төрағасының,  Парламент  депутаттарының  жал-
пы  санының  кем  дегенде  бестен  бiр  бөлiгінiң,  Премьер-
Министрдің  өтініштерi  бойынша  Конституциялық  Кеңес 
олардың  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына 
сәйкестігiн  қарайды.  Конституциялық  Кеңеске  жоғарыда 
аталған  субъектілер  өтiнiш  жасаған  жағдайда  халықаралық 
шарттарды  ратификациялау  мерзiмi  уақытынша  тоқтатыла 
тұрады.  Қазақстан  Республикасының  Конституциясына 
сәйкес  келмейдi  деп  танылған  халықаралық  шарттарды 
ратификациялауға болмайды.
Халықаралық  шарттарды  ратификациялау  туралы 
ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан 
Республикасы  Констиуциясының  62-бабында  жазылғанға 
сәйкес  халықаралық  шарттарды  ратификациялау  неме-
се  күшін  жою  туралы  заңдар  қабылдайтын  Парламенттің 
қарауына енгізеді. 
Мәжіліс  Регламенті  4-тарауының  ережелеріне  сәйкес 
Қазақстан Республикасының бекітілуге және күші жойылуға 
тиісті халықаралық шарттарын Мәжіліске оның бекітілуі неме-


11
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
се күші жойылуы туралы заңның жобасымен, түсіндірме жаз-
бахатпен, басқа да қажетті құжаттармен және материалдармен 
бірге Үкімет енгізеді. Мәжіліс Бюросы бас комитет ретінде 
белгілеген Комитет комитеттер мен Мәжіліс Аппараты тиісті 
бөлімінің  қорытындыларын  алғаннан  кейін  халықаралық 
шартты  өз  қорытындысымен  бірге  Мәжілістің  жалпы  
отырысына оны енгізу немесе енгізбеу туралы мәселені ше-
шетін Мәжіліс Бюросының қарауына енгізеді.
Мәжілістің бас комитеті Республиканың тиісті мемлекет-
тік органдарынан бекітуге немесе күшін жоюға ұсынылған 
халықаралық шартқа қатысты қосымша ақпарат сұратып, бұл 
ақпаратты және халықаралық шарт мәтінін бағалауға тәуелсіз 
сарапшыларды тарта алады, сондай-ақ Мәжіліс Бюросының 
шешімі бойынша халықаралық шартты бекіту немесе оның 
күшін  жою  мәселесі  бойынша  парламенттік  тыңдаулар 
өткізуі мүмкін.
Мәжілістің  бас  комитетінен  түскен  ұсыныстарды  ескере 
отырып,  талқылаудың  қорытындысы  бойынша  және  пар-
ламенттік  тыңдаулар  нәтижелері  негізінде  қорытынды  мен 
Бекіту немесе күшін жою туралы заңның жобасын ұсынады. 
Комитеттің  қорытындысында  халықаралық  шартты  бекі-
ту туралы немесе бекітпеу туралы, оның күшін жою неме-
се күшін жоймау туралы ұсынымдар, бекітуді халықаралық 
құқықпен жол берілетін мүмкін болатын декларациялармен, 
мәлімдемелермен немесе ескертпелермен, Парламент хаттама 
жүзінде қабылдаған тапсырмалармен қоса жіберу қажеттігі 
туралы  ұсыныстар  мазмұндалады.  Бас  комитет  Мәжіліс 
Бюросына  халықаралық  шартты  Мәжілістің  қарауына  ең 
қолайлы мерзімде енгізуді ұсына алады. Халықаралық шарт-
ты бекіту немесе оның күшін жою туралы мәселе жөніндегі 
қорытынды бас комитет мүшелері жалпы санының көпшілік 
даусымен қабылданады.


жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау