186
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
шығарады. Қылмыс жасаған адамдар рақымшылық жасау
туралы актiнiң негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан боса-
тылуы мүмкiн. Қылмыс жасағаны үшiн сотталған адамдар
жазадан босатылуы мүмкiн не оларға тағайындалған жаза
қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыс-
тырылуы не мұндай адамдар жазаның қосымша түрiнен боса-
тылуы мүмкiн. Жазасын өтеген немесе оны одан әрi өтеуден
босатылған адамдардан рақымшылық жасау туралы актiмен
соттылығы алынып тасталуы мүмкiн.
Әдетте Парламенттің рақымшылық жасауды жариялауы
елеулі мемлекеттік мейрамдарға, маңызды мерейтой немесе
басқа да ел өміріндегі мемлекеттік және қоғамдық оқиғаларға
орайластырылады.
Рақымшылық жасауды әрқашан қатаң жеке (атаулы) сипаты
бар құқық бұзушылық үшін сотталған адамдарға ғана қатысты
кешірім жасаудан ажырата білу керек. Қазақстан Республи-
касы Қылмыстық кодексінің 75-бабы 3 және 4-тармақтарына
сәйкес белгiлi бiр жеке адамға ол жөнiнде айыптау үкiмi заңды
күшiне енген жағдайда кешiрiм жасау туралы актiнi Қазақстан
Республикасының Президентi шығарады. Қылмыс жасағаны
үшiн сотталған адам кешiрiм жасау кезiнде жазаны одан
әрi өтеуден босатылуы мүмкiн не оған тағайындалған жаза
қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыс-
тырылуы мүмкiн. Жазасын өтеген адамнан кешiрiм жасау ак-
тiсiмен соттылығы алынып тасталуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Парламентінің рақымшылық жа-
сауды жариялау мәселелері әуелі Мәжілісте, содан соң Се-
натта ретімен қарау арқылы жүзеге асырылады. Республика
Парламентінің рақымшылық жасауды жариялау туралы және
оны орындау тәртібі туралы қаулысының жобасын Мәжіліске
Мәжіліс Регламентінің 66-тармағына сәйкес заң шығару бас-
тамасы құқығы бар субъекті енгізеді.
187
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Рақымшылық жасауды жариялау туралы Парламент
қаулысының Мәжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік
даусымен қаралған және мақұлданған жобасы Палатаның
қаулысымен бірге оны мақұлдағаннан кейін он күнтізбелік күн
ішінде Сенаттың қарауына жіберіледі. Мәжіліс мақұлдаған
Парламенттің рақымшылық жасауды жариялау туралы
қаулысының жобасы түскеннен кейін отыз күнтізбелік күн
ішінде Сенат оны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды.
Жоғарыда көрсетілген мерзімде қайтарылмаған Парламент
қаулысының жобасы қабылданды деп есептеледі, оған жеті
күн ішінде Мәжіліс Төрағасы қол қояды және бұқаралық
ақпарат құралдарына жариялау үшін жіберіледі.
Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен
мақұлданған жағдайда Парламент қаулысы қабылданды деп
есептеледі және Сенат пен Мәжіліс Төрағалары қол қояды.
Рақымшылық жасауды жариялау туралы Парламент қаулысы
жеті күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға
жіберіледі. Қаулыны Сенаттың қабылдаған күні Парламенттің
қаулыны қабылдаған күні болып есептеледі, ол жарияланған
күнінен бастап күшіне енеді.
Сенат рақымшылық жасауды жариялау туралы Парламент
қаулысының жобасын тұтастай немесе ішінара қабылдамай
тастауға хақылы. Сенат қаулысының жобасын мақұлдамаған
жағдайда жобаның қайталап өту рәсімі Парламентте заң
жобаларының өту тәртібі бекітілген Мәжіліс Регламенттің ІІ-
бөлімі 3-тарауына сәйкес болуға тиіс.
Парламенттің рақымшылық жасау туралы шешімі қандайда
бір қосымша бекітуді талап етпейді және сондықтан мемлекет
басшысы ретінде Президенттің қол қоюына ұсынылмайды.
54.1.7) Парламент Палаталардың бөлек отырысында
тиісті мәселелерді әуелі – Мәжілісте, ал содан кейін Сенат-
та өз кезегімен қарау арқылы Республиканың халықаралық
188
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.
Парламенттің халықаралық шарттарды ратификациялау және
олардың күшін жою мәселелері Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және
олардың қолданылуын тоқтату тәртiбiн айқындайтын
Халықаралық шарттар туралы Заңда нақтыланған.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарты болып
- Қазақстан Республикасы шет мемлекетпен (шет мемле-
кеттермен) немесе халықаралық ұйыммен (халықаралық
ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан және мұндай
келiсiмнің бiр құжатта немесе өзара байланысты бiрнеше
құжаттарда екендігіне қарамастан, сондай-ақ оның нақты ата-
уына қарамастан халықаралық құқық реттейтiн халықаралық
келiсiм түсініледі.
Халықаралық шарттарды ратификациялау – тиісті норматив-
тік құқықтық акт негізінде сол арқылы Қазақстан Республикасы
халықаралық жоспарда оның халықаралық шарт міндеттілігі-
не өз келісімін білдіру арқылы жасасатын халықаралық акт.
Халықаралық шартты ратификациялау – Қазақстан Республикасы
Парламентінің оны түпкілікті бекітуі. «Қазақстан Республикасы
Конституциясының 54-бабы 7) тармақшасын ресми түсiндiру
туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің
2006 жылғы 18 мамырдағы № 2 қаулысында Конституцияның
54-бабы 7) тармақшасында Парламенттің депутатар тобының
өтiнiш нысанына қатысты қолданыста Конституцияның
54-бабы 7) тармақшасында «Республиканың Негiз-
гi Заңы халықаралық шарттың өзi үшiн мiндеттiлiгі-
не мемлекеттiң келiсетiндiгiн бiлдiру тәсiлi ретiнде
ратификациялауға айырықша маңыз беретiнiн бiлдiредi»,
- деп түсіндірілген.
Халықаралық шарттың күшін жою - Қазақстан
Республикасының өзi жасасқан халықаралық шарттан тиiсiн-
Достарыңызбен бөлісу: |