1
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
4) Республика заңдарына
сəйкес жергiлiктi өкiлдi
органдардың өкiлеттiгiн мер-
зiмiнен бұрын тоқтату;
5) Қазақст ан Ре спуб-
ликасының Жоғары Сот
Кеңесiнiң құрамына екi депу-
татты жiберу;
6) Республиканың Пре-
зидентiн қызметiнен кетiру
туралы мəжiлiс қозғаған
мəселенi қарау жəне оның
нəтижесiн Палаталардың
бiрлескен отырысының
қарауына енгiзу.
5) Мәжілістің өкілеттіктері
м е р з і м і н е н б ұ р ы н
тоқтатылуына байланысты,
ол уақытша болмаған кезеңде
Республика Парламентінің
конституциялық заңдар мен
заңдар қабылдау жөніндегі
функцияларын орындау;
6) Конституциямен Пар-
ламент Сенатына жүктелген
өзге де өкілеттіктерді жүзеге
асыру.
55.1) Заңмен Конституцияның 55-бабы 1-тармақшасынан
Республика Президентінің ұсынысы бойынша Сенаттың
Жоғарғы Сот Төрағасы және Жоғарғы Сот соттарын сайлау
мен босату мәселелеріне арналған редакциялық мақсатта
«алқалар төрағалары» сөздері алып тасталған.
55.2) Заңмен Конституцияның Парламент Сенатының 55-
бабы 2-тармақшасы ерекше қарау тізімін бекіткен Республи-
ка Президентінің Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына
келісім беру туралы нормамен толықтырылған.
Конституцияның 55-бабы 2-тармақшасына осындай
өзгертулер енгізгенге дейін Республика Президентінің
Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім
беру Конституцияның 53-бабы 5) тармақшасына сәйкес
Палаталардың бірлескен отырысында Мемлекет басшы-
сына сондай келісім беретін Парламент құзыретінде бо-
латын.
Сенаттың Республика Президентінің Ұлттық Банкінің
Төрағасын тағайындауына келісім беруі Сенаттың ерек-
ше өкілеттігі ретінде осы тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесi
197
«ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
мемлекеттік тетіктегі Палатаның маңызын күшейтеді. Се-
бебі Ұлттық Банк Төрағасы ел экономикасын мемлекеттік
басқару жүйесінде басты және белгілі тұлғалардың бірі бо-
лып табылады. Несиелік-қаржылық саясат жалпымемлекет-
тік мүддеге сай болуға тартылған орталық банктердің кон-
ституциянализациялануы әлемде конституциялық дамудың
негізгі үрдістері болғаны кездейсоқ емес.
55.4) Заңмен Парламент Сенатының ерекше қарауына
Республика заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы
органдардың (мәслихаттар) өкілеттіктерін мерзімінен бұрын
тоқтату жататын Конституцияның 55-бабы 4) тармақшасы
алып тасталды. Осыған орай Конституцияның 86-бабы 5-
тармақшасы аталған Заңмен енгізілген өзгерістерге сәйкес
мынадай редакцияда жазылған: «Мәслихаттың өкілеттіктері
мерзімінен бұрын Республика Президентімен, сондай-ақ
тарату туралы шешімді маслихат қабылдаған жағдайда
тоқтатылады».
55.5) 6) Заңда 5) және 6) тармақшалар мына редакцияда
жазылды:
«5) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын
тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде
Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен
заңдар қабылдау
жөніндегі функцияларын орындау;
6) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге
де өкілеттіктерді жүзеге асыру».
Осылайша «Қазақстан Республикасының Конститу-
циясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы
№ 254 Заң Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын
тоқтау жағдайында Парламенттің заң шығару қызметінің
үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда заң шығару
функциясын Парламент Сенаты орындайды.
198
Қазақстан Республикасының Заңына түсініктеме
18.
56-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«56-бап
1. Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:
1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен
заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобалар-
ды қарау;
2) Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысы-
мен Республика Президентіне Республика Премьер-Минист-
рін
тағайындауға келісім беру;
3) Республика Президентінің
кезекті сайлауын хабарлау;
4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге
де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2. Мәжіліс депутаттары жалпы санының көпшілік дауы-
сымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде
бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенім-
сіздік білдіруге хақылы.».
түзету-
лер №
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КоНСТИТУцИяСЫНЫҢ
56-БАБЫ
18.
Алдыңғы редакция
Қолданыстағы редакция
56-бап
м ə ж i л i с т i ң е р е к ш е
қарауына мыналар жатады:
1) заңдардың жобаларын
қарауға қабылдау жəне қарау;
2 ) Р е с п у б л и к а П а р -
л а м е н т i қ а б ы л д а ғ а н
заңдарға Қазақстан Рес-
публикасы Президентiнiң
қарсылықтары бойынша
ұсыныстар əзiрлеу;
3) Республика Президентiнiң
ұсынуымен Республиканың
о р т а л ы қ с а й л а у
комиссиясының Төрағасын,
Төрағаның орынбасарын,
хатшысы мен мүшелерiн сай-
лау жəне қызметтен босату;
56 -бап
1. мəжілістің ерекше
қарауына мыналар жата-
ды:
1) Парламентке енгізілген
конституциялық заңдар
мен заңдардың жобаларын
қарауға қабылдау жəне осы
жобаларды қарау;
2) Палата депутаттарының
жалпы санының көпшілік
даусымен Республика Прези-
дентіне Республика Премьер-
министрін тағайындауға
келісім беру;
3) Республика Прези-
дентінің кезекті сайлауын
хабарлау;