Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі



жүктеу 2,95 Mb.
Pdf просмотр
бет7/95
Дата20.11.2018
өлшемі2,95 Mb.
#22200
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   95

14 
 
3.  Шапкова  Л.В.  Частные  методики  адаптивный  физической  культуры,  Учебные 
пособие Советский спорт. 
 
Аннотация 
Бұл  мақалада  жаңа  форматта  спорттық  техниканы  қолдану  және  жетілдіру  әдістері 
қарастырылған.  Алайда  туындайтын  қиындықтар  оқыту  мен  әреккеттендіру.  Сондықтан,  жетілдіру 
әдістерін оқыту бойынша кешенді спорттық техникан қажет. 
Аннотация 
В  статье  рассмотренные  применение  спортивной  техники  и  совершенствование  методов 
обучения  в  новом  формате  имеет  положительную  сторону.  Однако  возникает  трудности  с  
эфорективнстью  и  обучения.  Поэтому  совершенствование  методов  обучения  спортивной  техники 
должно проводится комплексо.  
Annotation 
The article discussed the use of the sports equipment and the improvement of teaching methods in the 
new  format  has  a  positive  side.  However,  there  is  difficulty  in  eforektivnstyu  and  training.  Therefore, 
improvement of teaching methods of sports equipment should be carried out of the complex.
 
 
 
ӘОЖ 338.45:687 
 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОЮ-ӚРНЕКТЕРДІ ПАЙДАЛАНЫП ҦЛТТЫҚ КИІМДІ 
ЖОБАЛАУ НЕГІЗДЕРІ 
 
Жаскиленова А.Е., Дулат А.Ш. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
 Елбасы  Н.  Назарбаевтың  ағымдағы  жылғы  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  - 
Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Жолдауының  негізгі  бағыты  бойынша, 
«Елбасының тапсырмасымен барлық білім беру деңгейлерінде сапаны бақылаудың бірыңғай 
вертикалі құрылды.  Оның білім саласы үшін маңызы ерекше. Бұл  - білім сапасын арттыру 
мен  теңестіруге,  министрліктің  білім  беру  ұйымдарымен  кері  байланысын  күшейтуге 
жасалған маңызды қадам. Білім беру ұйымдарында қоғаммен, бизнеспен байланыс жасаудың  
жаңа  механизмі  -  қамқоршылық  кеңестер  құрылуда»,  -  дейді Б. Жұмағұлов. 
Жалпы алғанда, Елбасының Жолдауда жүктеген міндеттерін толыққанды жүзеге асыру 
мақсатында  Білім  және  ғылым  министрлігі  бірқатар  шараларды  атқаруды  жоспарлап  отыр. 
Оның  маңыздысы  -  «Е-Learning»  -электронды  оқыту  жүйесін  дамыту.  Алдыңғы  қатарлы 
елдердің  тәжірибесіне  сүйеніп, «Е-Learning»   электрондық  оқыту  жүйесі  біздің  елде  бұған 
дейін де қолданысқа енгізіле бастаған болатын. Қазір мәселен, 44 білім беру ұйымында  «Е-
Learning»  жүйесі  қанатқақты  жоба  ретінде  сыналуда.  Министр  бүкіл  әлемде  электронды 
оқыту  жүйесі  кеңінен  тарала  бастағанына  тоқтала  отырып,   осы  жүйені  қолданатын  білім 
беру  ұйымдарының  санын  2012  жылы,  537-ге  дейін  жеткізіп,   жылдамдығы  секундына  10 
Мбиттік интернетпен қамтамасыз ету керектігін атап ӛтті. 
«Білім  беруді  дамыту  мемлекеттік  бағдарламасының  басты  міндеттерінің  бірі  -  2015 
жылға қарай білім берудің барлық  деңгейлерінде жан басына қаржыландыру тетігін енгізу. 
Орта  білім  беру  саласында  жан  басына  қаржыландыруды  енгізу  революциялық  қадам.  Бұл 
жаңалық   бірінші  кезекте  адамдардың  әлеуметтік  кӛңіл-күйіне  ықпал  ететініне  сенімдімен. 
Ӛйткені, бұл білім берудің ең  ауқымды бұқаралық саласы болып табылады. Екінші жағынан
ол орта білім беру  саласында бәсекелестікті  дамытуға жол ашпақ.  Тағы бір  маңызды тұсы, 
ол   ауыл  мен  қала  мектептеріндегі  білім  деңгейін  теңестіруге  мүмкіндік  береді»,  -  дейді 
министр  Б.  Жұмағұлов.  Министрдің  айтуынша,  аталған  жаңалық  -  жан  басына 
қаржыландыру тетігі  биыл Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар және Оңтүстік 
Қазақстан облыстарында қолданысқа енгізу дайындығы жүргізілмек. 


15 
 
Бұдан  бӛлек,  биылдан  бастап  Назарбаев  Университетінің  базасында  интеллектуалдық-
инновациялық кластерлер қалыптасатын болады. Ғылым, бизнес пен мемлекеттің Назарбаев 
Университеті  тӛңірегіндегі  кластерде  бірігуі  технологияларды,  инновациялар  мен  жаңа 
білімдерді  трансферттеу  мен  жасауға  ықпал  ететін  ұлттық  ғылыми-инновациялық  жүйе 
құруға негіз қалыптастырады. 
Қазақстанның  мәдени  мұрасын  зерттеу  кезеңінің  маңызды  оқиғасы  -  еліміздің 
Президентінің халыққа жолдауы еді. Мәдени мұра бойынша ҚР-ның Ұлттық Кеңесінің 3-ші 
отырысында  Н.Ә.  Назарбаев  былай  деді:  «Бүгінде  мемлекет  мәдениетті  дамыту 
мәселелерінің бұдан бұрынғы  «қалдықтық» тәжірибесінен біржолата қол үзбеуге мүмкіндік 
алды. Және де бұл мүмкіндігімізді барынша іске асыруымыз қажет» [1].
 
Ата-бабамыздың  қалдырған  мәдени  мұрасының  тарихи  байыпты  зерттемей,  жаңа 
ӛмірдің  талабына  лайық  жауап  беретін  туынды  жасау  мүмкін  емес.  Жаңа  туындының  
тамыры кӛне дүние тарихымен неғұрлым терең астақтан сайын оның әрбір ӛскен жапырақты 
бұтақтары  да  жаңа  заманың  рухынан    нәр  алып,  сол  ортаның  идеологиялық  және  рухани 
жағдайына  лайықты  мазмұн    мен  мағына    беруі    тиіс.  Демек,  әр  ӛнер    шеберінің   қолынан 
шыққан    туынды  ата-бабадан  қалған    мәдени  мол    мұрадан  нәр  алып,  жаңа  ӛмірдің    жаңа 
талабына сай жаңаша жырлауы керек. Қай мамандықтың зерттеушісі болмасын, ескі тарихи 
мұралардың негізіне сүйенбесе, оның еңбегі де, туындылары да іргетассыз  салынған үймен 
тең, ондай туындының  ӛмірі ұзақ  болуы мүмкін емес.  
Қазақ  халқының  ою-ӛрнек  ӛнері  байырғы  ұлттық  ӛнерлердің  ішіндегі  ең  ежелгісі,  әрі 
кең  тараған  саласы.  Бұл  –  ұлтымыздың  мәдени  дамуының  шежіресі,  адам  жанына  ләззәт 
сыйлайтын,  эстетикалық  мәні  зор  ӛнері.  Бүгінгі  таңда  қазақтың  230-дай  оюының  ежелден 
жатқан атауылары бар /1/. 
Бұл жағдай мамандықтың қай саласы болмасын, барлығына  бірдей  қойылатын қатаң 
да заңды  талап. Бұл талапты  мүлтіксіз орындау- мамандарымыздың баршасының  қасиетті 
борышы  болса керек /2/. 
Қол  ӛнер  шеберлерін,  суретшілер  мен  сәнгерлерді  ұлттық  рухта  тәрбиелеуде  ою-
ӛрнектің  атқаратын  рӛлі  ӛте  зор.  Сұңғат  және  бейнелеу  ӛнерінде,  сондай-ақ  қолӛнер 
шеберлері  жасаған  бұйымдарда  ұлттық  нақыш  анықталып  тұруы  қажет.  Сол  ұлттық 
нақыштың  айқындап  бейнелейтін  ӛнер  түрі  –  қазақтың  ою-ӛрнегін.  Қазіргі  таңда  қолӛнер 
шеберлері  ӛздерінің  туындыларына  ою-ӛрнекті  ұтымды  пайдалану  үшін  ӛрнектің  жасалу 
принциптері  мен  техникасын  үйренуде.  Суретшілер  мен  сәулет  ӛнерінің  мамандары  ою-
ӛрнектің  сырт  пішінің  кӛшірме  ретінде  пайдаланып  қана  қоймай,  оның  мазмұнынан, 
атаулары  мен  шығу  тарихынан  хабардар  болса,  салған  суретінде  немесе  жасаған 
бұйымдарында сол біріктілік ізі ұлттық нақышта айқын кӛрініп тұрады.          
Қазіргі  уақытта  халқымыздың  ӛркендеп  ӛскен    мәдениетіне    лайықты    кейбір  ою 
элеметтері  ӛздерінің    бастапқы  мәнін  жойып,  жаңа  мағынада  ӛмірге    қайта  оралып  отыр. 
Бізбен  замандас  ою  жасаушы    шеберлердің    туындыларында    ертеректе    дүниеге  келген 
оюлардың элементтері аз кездеседі десекте болады. Бұл жағдай қазіргі заманда  ою ӛрнегінің  
ӛзіндік  құнын  жойғаны  емес,  керісінше,  жаңа  ӛмірге  лайық  жаңа  бағыт  алып,  жаңаша  ӛріс  
тапқанын кӛрсетеді [2]. 
Қазақтың  ою-ӛрнек  ӛнерінде  кездесетін  әр  түрлі  саздағы  (мотивтегі)  элементер  кӛп 
ғасырлар бойы сұрыпталудан ӛттіп, әр шебердің ӛзінше  ӛзгеріс ендіруіннің  арқасында бір 
түрден  екінші  түрге  ауысып  отырган.  Ою  жасаушылардың  творчествалық  еңбегіннің 
арқасында  зооморфты  саз  ӛсімдіктер  тектес  сазға  геометриялық  саздағы  элементер-
зооморфты, немесе ӛсімдіктер тектес сазға т.с.с. ауысып отырған. Бұл жағдай қазақ ою-ӛрнек 
ӛнерінде  бірнеше  элементерімен-ақ  шахматтағыдай  мыңдаған  түрлі  композициялық 
вариантарды  жасауға  болатындығының  дәлелі.  Сонымен  қатар  қазақтың  ою-ӛрнек 
элементеріннің  керемет  икемділік  (податливость)  ерекшелігі  де  бар.  Бір  композициянның 
ішінде әртүрлі саздағы бірнеше элементер бір-бірімен тұтас бірігіп, бір бүтін аяқталған ою 
композициясын құрайды  


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау