21
Аннотация
В данной статье раскрывает понятие и сущность политического режима, соотношение понятий
политический режим и политическая система. Автор в статье рассматривает общественно-
политические отношений, их основные признаки и специфические особенности.
Annatation
Political discipline In this article discusses the political system. Political discipline and the state
discipline and their development.
ӘОЖ 372. 893
Қ 41
ТАРИХ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ИНТЕРАКТИВТІ
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС–ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ НЕГІЗІНДЕ
БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
Карабекова А.Ж., Тлеубердиева Г.О.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Жамбыл обл., Т. Рысқҧлов ауданы Болтай батыр орта мектебі.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім
беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында:қазіргі білім берудегі басты мәселе – білім
мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра
алатын болашақ мамандарды даярлау екені атап кӛрсетіледі. ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке
ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Қазақстан
Республикасының «Білім заңында» «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және
жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,
оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық
ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Осыған байланысты, Қазақстан
Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай
жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, ӛз мамандығын дұрыс таңдаған, ой
– ӛрісі жоғары жеке тұлға дайындау. Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың
білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті
оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты
ізденістің нәтижесінде білім беру аясында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да,
сапасы да ӛсіп келеді.
Ұлы педагог Я.А. Каменский «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен
қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі», – деп
ұстаздың еңбегіне ерекше баға беріп, үнемі ізденісте, шығармашылық әрекетте болатын,
жалындап жүретін тұлға екендігін айтқан. Ал, шығармашыл мұғалімнің шәкірті де
шығармашыл болуы керек. Оқу процесі басқарылатын процесс болғандықтан, жеке
оқушының ерекшелігін ескеру – мұғалімнің міндеті. Шығармашылық қабілеті әр баланың
табиғатында болады. Біздің міндетіміз оқушы бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашу.
Сабақ – мұғалім мен оқушылар тобы, шағын топтар мен жеке оқушы арасындағы қатынас
арқылы жүзеге асырылады. Мұғалім оқушыларға ӛз кӛзқарастарын ӛздері айқындап, белгілі
бір қорытындыға келуіне мүмкіндік береді.
Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы
мұғалімнің ӛз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім үнемі
шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын болғаны.
Ӛзгелердің үлгісін ӛз ісінде пайдалана білсе, оған ӛзіндік қолтаңбасын қосып отырса –
оқушы тәрбиелеу менбілім берудегі жетістігі сол болмақ. Қазіргі педагогикалық
әдебиеттерден 50-ден астам оқыту технологиялары қолданысқа енгізілгені белгілі болып