106
бірнеше сабақты ӛзбетінше беруге мүмкіншілік беріледі. III курстағы практика мұғалімді
дайындай алмайды, бірақ сабақ беру дағдылары қалыптаса бастайды. IV курс студенттері
сабақ берудің технологиясын жете меңгеріп, практика соңында ӛзін-ӛзі сабақта еркін ұстауға
қалыптасады.
2. Студенттер үшін үй тапсырмаларын тексеріп, оқушылардан сабақ сұраған қиын
болады. Үй жұмысын тексеруде мынандай талаптар орындалуы керек:
1) Тексеру тек қана орындалуының дұрыстығын ғана емес, сонымен біргеоқушылардың
қаншалықты меңгергенін;
2) Тексерудің ӛзі барлық балалар үшін қайталау әрі үйрету болуы керек.
Студенттер бақылау жұмысын алып оны талдайды. Бақылау жұмысының: тапсырманы
іріктеп алуға түсініктеме, оқушылардың бақылау жұмысын орындауы, оқушылардың
жұмыстарын талдап бағалау, қатемен жұмыс бӛлімдері ретімен орындалады.
3. Студент-практиканттар кәсіптік практика кезінде ӛздерінің зерттеу тақырыптары
бойынша курстық және диплом жұмыстарын жазу үшін бақылау, зерттеу т.б. жұмыстарын
орындап, жетекшілерінің басшылығымен эксперименттерін жүргізіп, нәтижелерін алып
талдап қорғауға шығады.
Студенттердің осындай дайындықтардан ӛтулеріне кәсіптік практиканың маңызы ӛте
зор. Студенттер – болашақ ұстаздар, ӛздерінің кәсіптік маманды-ғын дұрыс таңдағандарына
кӛздері жетіп, сабақ беруге ынталары арта түседі. Ұстаз сӛзінің ұғымы кең. Оның ең негізгі
мәні: жақсылыққа, ӛмірде ӛзі де бақытты болып ӛзгелерді де бақытқа жетуге үйрету,
тәрбиелеу дегенді білдіреді.
Мектепте де, жоғары оқу орнында да басты тұлға – мұғалім, ұстаз. Білімді, бәсекеге
қабілетті, адам жүрегінің тӛріне білімнің, адамгершіліктің нұрын себетін ұлағатты
ұстаздарды дайындау – Егеменді еліміздің кӛк байрағын еңкейтпей, дүние жүзінің барлық
елдерінде желбіретіп, Ән ұранымызды асқақ шырқататын кемеңгер ұл-қыздарымызды
тәрбиелеудің кепілі. Шығармашылықпен еңбек ететін мектептеріміздің жүрегі –
мұғалімдерге – ХХІ ғасыр деңгейінде білім беру, кәсіптік даярлау бүгінгі күннің уақыт
күттірмейтін талаптарының бірі.
Алғашқы сабақ
Жас ұстаздың жанарында жанады от,
Ол да келген бір мектепке бала боп.
Бүгін ұстаз...
Бүлдіршіндер тұр күтіп,
Енді оларға сӛйлеу керек дана боп.
Әлі – ақ,
Әлі – ақ қырандайын түлейді ол,
Бар балаға бақытты күн тілейді ол.
Алғаш сабақ беріп тұр ғой...
Абдырап,
Қайта – қайта галстугін түзейді ол.
«Ей, жас ұстаз!
Қысылма да, қымсынба!
Түсіп кӛрген талай ағаң бұл сынға.
Сабаңа түс,
Сабағыңды бастап кет,
Баяғыдай бала болып тұрсың ба?!
Естілді осы үн...
Жүзі бейне таңғы рең,
Құлағы да қалқияды қан күрең.
Алғашқы түскен сӛзі болды аузына,
«Ал, балалар, танысайық алдымен!»
Міне, ғажап!
107
Бәрі жақсы, бәрі сән,
Құлағына құйылады таныс ән.
Кеше тіпті ойлағанда жоқ еді,
«Шәкірттерімен дәл осылай табысам».
Қайта келді босап кеткен жүйе, бой,
Жүріп берді жүйрік тіл, жүйелі ой.
Терезеден ымдап тұрды Ана Күн:
«Шәкіртіңді сенде мендей сүйе ғой!»
Әубәкір Қайран
Әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты / «Егемен Қазақстан», 2012, 14 желтоқсан.
2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ».
«Егемен Қазақстан», 2014, 18 қаңтар.
3. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы» /«Егемен Қазақстан», 2010, 7 желтоқсан.
4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Астана: Ақорда, №319-ІІІ ҚРЗ,
27.07.2007 ж.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.
Бакалавриат. – Астана, 2006ж.
6. Типтік оқу бағдарламасы. Жоғары кәсіптік білім. Бастауыш мектепте математиканы
оқыту теориясы мен технологиясы. – Алматы, 2007ж.
7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан ӛз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. – Ақ
жол, 3 наурыз, 2006.
8. Жұмабаев М. Педагогика. –Алматы: Рауан, 1992ж.
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.
Орта жалпы білім беру (12 жылдық білім беруге арналған) негізгі ережелері. –Алматы,
2006ж.
10. Стратегический план Министерства образования и науки Республики Казахстан на
2014 -2018 годы, утвержденный Постановлением Правительства Республики Казахстан №
258 от 26 марта 2014 г.
11. Государственная программа развития образования и науки Республики Казахстан на
2016-2019 годы.
12. Сағымбекова П.С, Тортаева А.С., Тлеубаева Э.Ы. Бастауыш сыныптарда
математиканы оқытудың теориясы мен технологиясынан орындалатын практикалық және
лабораториялық сабақтарға арналған әдістемелік оқу құралы. –Тараз, 2009ж.
13. Сағымбекова П.С., Тортаева А.С., Тлеубаева Э.Ы. Бастауыш сыныптардың
математика сабақтарына дайындалу мен оны жоспарлаудың әдістемесі. Жалпы білім беретін
мектептің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған оқу құралы.–Тараз, 2013ж.
14. Сағымбекова П.С., Тортаева А.С., Тлеубаева Э.Ы. Бастауыш мектепте математиканы
оқыту әдістемесі. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша білім
алатын студенттерге арналған оқу құралы. - Тараз, 2015ж.
Аннотация
Практика барысында - бастауыш мектепте математикадан сабақ беруге дайындау және
педагогикалық практиканы талдап, қорыту әдістерін меңгерту ӛте маңызды.
Аннотация
Во время практики, подготовки к обучению элементарным методам школьного преподавания
математики для обобщения и анализа практики обучения очень важно.
Annotation
During practice, preparing to teach elementary school mathematics teaching methods for summarizing
and analyzing teaching practices is very important.
Достарыңызбен бөлісу: |