65
алмасу, ортақ принтерді қолдануға жəне басқа да периферийлік
құрылғыларды қолдануға мүмкіндік береді. Бір-бірімен байланысқан
компьютерлерді əр түрлі көзқараспен қарауға болады. Бір жағынан
компьютерлердің байланысуы бұл – компьютерлік желі. Екінші
жағынан, бұл құрал кеңістікте ақпарат алмасу, қарым-қатынас
құралы. Дəл осы қасиет негізінде компьютерлік желілерді жиі
телекомуникациялық желілер деп атайды.
Телеқатынастық желілер локалдық жəне глобалдық деп екіге
бөлінеді. Локалдық желі деп бір ғимаратта, бір организацияда,
район, қала, ел ішіндегі жалғанған компьютерлерді айтады. Басқа
сөзбен кеңістікте шектелген желіні айтады. Локалдық желілер білім
саласында көп қолданылады. Көптеген мектеп, жоғары оқу орын-
дары жəне басқада оқытатын мекемелердегі компьютерді локалдық
желімен жалғанған қазіргі технологияның мүмкіндігі əр түрлі
бөлмеде немесе ғимаратта немесе əр түрлі компьютерлерді бай-
ланыстыра алады. Оқу орындарында басқа мемлекеттегі филиал-
дарын компьютердің локалдық желісі арқасында байланыстыруға
мүмкіндік туды. Локалдық жəне глобалдық желінің айырмашылығы
кеңістіктегі шектеуі глобалды желіге кез келген компьютерді қосуға
болады. Бұл желіге енгізілген ақпаратты кез келген адам ала ала-
ды. Глобалдық желіге мысал ретінде атақты интернетті (internet)
айтуға болады, бұл желіге оқу орындарының кіруге мүмкіндігі
бар. Интернет жалғыз глобалдық желі емес. Оның басқа да түрлері
бар, мысалға, FIDO немесе SPRINT. Бұл əдіспен мектептермен оқу
орындар локалдық желіден глобалдық желіге кіруге мүмкіндігі бар.
Телеқатынастық желі білім саласында бір жағынан локалдық, ком-
пьютерлер қорғаныс, өнер жəне мəдениет органдарын қамтып отыр,
əр түрлі аймақтағы компьютерді байланыстыратын желіні глобалдық
деп айтуға болады. Локалдық желінің артықшылығы бір салада шек-
телген ақпаратты сол саладағы адамдар қолдана алады. Сол уақытта
локалдық желінің шектеуі, ақпарат алуға шектеу қояды.
Ақпараттық ресурстарды кез келген адамның алуы басқа да
мəселелерді тудырады. Бұл мəселелерге ақпараттың қауіпсіздігі
сапасын т.б. жатқызуға болады. Ақпараттандыру білім саласында
локалдық, глобалдық телекоммуникациондық желілердің болуы.
Қазіргі замандық педогог телекоммукациялық желілердің барлық
түрін қолдана білуі керек. Қандай да телекомуникациялық желінің
барлығының негізгі міндеті ақпарат алмасу моделі, ақпарат көзінен
берілуі жəне қабылдауышқа қабылдануы. Ақпарат қабылдағыш
66
ретінде компьютер де адамдар да болуы мүмкін. Бұл əдіспен
телекомуникациялық желі арқылы адам адаммен, адам компью-
термен, компьютер компьютермен ақпарат алмаса алады. Айта
кету керек, бұл ақпарат алмасудың түрлері білім саласында көп
қолдыналады. Ақпарат көзінен қабылдағышқа байланыс каналы
арқылы беріледі. Ақпарат көздерімен немесе қабылдағыштардың
саны бірден асып кетсе, оларды бір-бірімен жалғастырады.
Бұл жағдайда коммутация байланыс каналы қолданылады деп
айтылған. Каналдары коммутациясына қарама-қарсылығы комму-
тация пакеттері бар. Пакеттер коммутациясы берілетін ақпаратты
үзінділерге бөледі. Ақпарат пакеттері байланыс каналдары арқылы
берілген ақпараттар арнаулы құрылғыға келіп түседі. Оларды
маршрутизатор деп атайды. Қазіргі замандық телекомуникациялық
желілер, негізгі коммутация пакеттері байланыс каналдарын ақпарат
алмасу үшін тиімді қолданады. Ақпаратқа кез келген қабылдағышта
ақпаратты ашуға мүмкіндігі бар. Телеқатынастық желілердің ашы-
луы осындай ақпараттарды қолдануға байланысты болады. Ақпарат
қабылдағыш ретінде компьютерлік желілерді алуға болады, олардың
бір-біріне қарым-қатынасы бар жəне оларды екі топқа бөлуге бола-
ды, орталықтандырылған жəне біррангтік.
Орталықтандырылған локалдық жəне глобалдық желілер негізгі
«клиент – сервер», желідегі серверлер мен клиенттердің белгіленуі.
Клиенттерге жұмыс станциясына тиісті компьютерлерді айтады.
Олардың бір-біріне байланысы жоқ. Бірінші жұмыс станциясы
екінші жұмыс станциясымен серверді қолданусыз ақпарат алма-
са алмайды. Сервер ретінде кез келген компьютер соның ішінде
жұмыс станциясынан айырмашылығы жоқ компьютерлер болуы
мүмкін. Сервер ерекше рөл атқарады – ол ақпарат алмасу үрдісін
басқарады.
«Клиент-сервер» желісі пайдаланушыларға тез арада жоғары
дəрежеде жəне жеңіл жұмыс станциясында ақпаратты қарауға
болады, телекомуникациялық желідегі сервердегі кез келген
компьютердегі ақпаратты алуға мүмкіндігі бар. Біррангтік локалдық
желілер (біррангтік тек локалдық желілер бола алады) компьютердің
тепе-теңдігі негізінде іске асады. Бұл телекомуникациялық желідегі
əр компьютер жұмыс станциясы жəне сервер ретінде бола алады.
Біррангтік желілер жұмыс станцияларында ақпарат алмасу тікелей
іске асады. Қазіргі замандық оқу орындарыда орталықтандырылған
жəне біррангтік локалдық желілерді кездестіруге болады, бұлар
67
глобалдық телекоммуникациялық желілерге шығуға мүмкіндік
береді. Сонымен қатар сервер ретінде арнайы компьютер немесе
қарапайым компьютер педогог қолданатын компьютерлер де бо-
луы мүмкін. Ақпарат алмасу ақпарат көзімен жəне қабылдағышпен
арнайы ережелдермен жүзеге асады, оны – протокол деп атайды.
Атақты протокол TCP/IP глобалдық желілерде кеңінен қолданылады.
Бірнеше протокол түрлері бар, олардың əрқайсысының өзінің
ерекшелігі бар.
Протоколдардың көп болуы телекоммуникациялық желідегі
жұмысын қиындатады, ақпаратқа рұқсатты азайтады.
Глобалдық компьютер желісі Интернет пайда болғаннан кейін
телекомуникациялық желілер адам өміріне, соның ішінде білім са-
ласына кеңінен енгізілді. Интернет желісінің əр түрлі мемлекеттерде
телекомуникациялық желілер таралуы, əр түрлі салаларда, білім са-
ласында қолданылуына əкелді.
Білім саласында телекомуникациялық желілердің қолданылуы
жаңа мүмкіндіктерге жол ашты, олар:
- оқу-əдістемелік ақпаратқа кеңінен рұқсат алу;
- ақпаратты іздеу, мəдени сөйлеу;
- жүйелі өзіндік оқудың дамытылуы;
- виртуальдық оқулық дəірістердің өткізілуі (семинарлар,
дəрістер)
- арақашықтықтан оқытуды ұйымдастыру;
- бірлескен зерттеу жобаларын ұйымдастыру;
- ғылыми-зерттеу модельдеу қызметі;
- қауіпті объектілер жəне құбылыстар, үрдістер немесе күрделі
модельдеу;
- желідегі педагогтар ұйымы;
- желідегі оқушылардың ұйымы.
Телеқатынастық құралдар, білім саласында қолданылатын
ақпарат алмасуға қатысты кез келген құралды түсіне білу керек.
Білім саласында компьютерлер жəне программалық қамтамасыз
етуге телефон, теледидар жəне басқа да телекоммуникациялық
құралдар жатады.
Телеқатынастық желілердің əмбебап мүмкіндіктері оны алдыңғы
ақпараттандыру құралдарымен қатар білім саласында енгізеді.
Олар белсенділігін жоғалтады. Қосымша мүмкіндікке ие бола оты-
рып, телекомуникациялық желілер басқа телекомуникациялық
құралдардың орнын басады.
Достарыңызбен бөлісу: |