Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет17/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   113

53
Сонымен, қазіргі заманға сай мультимедиалық құралдар өзінің 
мүмкіндігімен көптеген технологиялық білімді жаңаша жетілдіруге, 
оны қолдану мақсатында ең сенімді технологиялық құралдарды, 
əртүрлі ақпараттарды жақсы пайдалануға мүмкіндік береді. 
Осылардың ішіндегі ең кең тараған түрі мультимедиалық құрал, 
білім саласында тараған, əртүрлі моделдеу құралдарында жақсы 
дамыған, қызметі ерекше технологияда дамыған жəне виртуальдық 
шынайылық деген атқа ие болған. 
Виртуальдық объектілерге немесе үдерістерге нақты бар, соны-
мен қатар елестетуші объектілер немесе үдерістердің электрондық 
модельдері жатады. Виртуалды ретінде қағаз жəне басқа материалдық 
тасымалдағыштағы білім беру жəне басқа объектілердің электронды 
көшірмелерінің сипаттамасы қолданылады. Бұдан басқа, аталған 
сипаттама нақты кеңістіктің электронды модель-көшірмелерімен 
жұмыстың қасиетін бейнелейтін мультимедиа технологияға 
негізделген интерфейстің болуын білдіреді.
Виртуалдық шындық – дыбыстық, көру, тактильді, сонымен қатар 
нақты уақытта кеңістікке объектілерге қатысты пайдаланушының 
орын ауыстыруына қатысты басқа да ақпараттардың түрін көрсететін 
мультиедиа құралдары.
«Виртуалды шындық» жүйесі адаммен ортаның үздіксіз бай-
ланысын қамтамасыз етеді. Соның ішіндегі жетілген түрлерінде 
қолданушылар компьютер жадында сақталған объектіні, қолғап 
кию арқылы қолмен ұстауына болады. Кейбір жағдайларда экран 
бетіндегі суреттерді аударып, оны кері қайтарып көруге де болады. 
Пайдаланушы «ақпраттық костюммен», «ақпараттық қолғаппен», 
«ақпараттық көзілдірікпен» жəне т.б. қарулану арқылы виртуал-
ды кеңістіке «қадам» жасай алады. Бұған ұқсас мультимедиа 
құралдарын білім беру жүйесінде қолдану пайдаланушы қабылдаған 
ақпаратты қабылдау мен саналы түсіну механизмін өзгертеді. 
Білім беруде «виртуалды шындық» жүйесімен жұмыс барысын-
да ақпаратты қабылдауда сапалы өзгерістер болуда. Бұл жағдайда 
қабылдау көру мен есту көмегімен ғана емес, сонымен қатар сипап 
сезу жəне көрініс арқылы да жүзеге асырылады. Жаңа жағдайда 
оқытудың көрнекілігінің дидактикалық принципін жүзеге асырудың 
алғышарттары пайда болады. Мұндай мультимедиа технологияларын 
білім беру жүйесінде кеңістіктік түсініктерді дамыту үшін қолдану, 
сонымен қатар нақты шындыққа максимал жақын жағдайда маман-
дарды жаттықтыруды ұйымдастыру үшін қолданудың болашағы бар. 


54
Виртуалды шындық жүйесі мысалдарын медицинада хирургтеріне 
күрделі операцияларды жүргізу үшін, ауруларды реабилитациялауда 
қолдану ұсынылады.
Виртуальдық шынайылық ақпаратты ойластыру теориялық 
түрде ғана емес, практика түрінде де қолданылады. Соның ішінде: 
көрнекі - бейнелі немесе көрнекі-əрекетті. Практикалық түрі, 
теориялық түрге қарағанда бейнелі ақпаратты қабылдау символдық 
ақпаратты қабылдауға қарағанда жеңілірек. Сондықтан виртуалды 
шындық технологияларын қолданумен құрастырылған Ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдары оқыту үдерісінде оқу ма-
териалын жақсы түсінуге жəне меңгеруге мүмкіндік береді. Бірақ 
виртуалды шындық жүйесінің деңгейі жоғары болған сайын, оны 
құрастыру үшін сонша еңбек жұмсау керек, осындай қасиетімен 
ақпараттандырудың техникалық құралы педагогтар мен оқушыларға 
қолжетімді, жетілдірілуі тиіс. 
Көптеген педагогтар мен оқушылар, сонымен қатар ком-
пьютермен таныс қолданушылар аппаратты мультимедиа 
құралдарына акустикалық жүйелерді (колонкаларды), дыбыстық 
карта (плата), микрофон, арнайы компьютерлік бейнекамералар-
ды, джойстикті жатқызады. Бұл құралдардың барлығы мультиме-
диа аппаратураларының кең тараған омпонентері болып табылады; 
қолдануға өте қарапайым, түсінікті қызмет атқарады жəне қандай да 
бір детальдық сипаттаманы қажет етпейді. 
Арнайы мультимедиа құралдары үлкен қызығушылықты 
туғызуда, оның негізгі қызметі – оқытудың тиімділігін арттыру. 
Мұндай қазіргі заман құралдарына, алдыңғы кезекте интербелсенді 
мультимедиа тақталарын жатқызу керек.
«Интербелсенді тақта» программалық-аппараттық кешені – бұл 
мектептегі дəстүрлі тақтаның барлық қызметімен қоса, экрандағы 
бейнені графикалық түсіндірудің ауқымды мүмкіндігіне ие, сы-
нып оқушыларының жұмыстарының мониторингісін бақылауға 
жəне жүргізуге мүмкіндік береді; сыныптағы оқушылардың оқу 
жүктемесін арттыруға; оқытудың эргономикалығын қамтамасыз 
ететін, оқытуға жаңа мотивациялық алғышарттарды құруға, диалог 
негізінде құрылған оқытуды жүргізуге, кейс-əдісін қолдану арқылы 
қарқынды əдістемені оқытуға мүмкіндік беретін қазіргі мультиме-
диа құрал. Интербелсенді тақта монитор экранынан бейнені проек-
тор тақтасына бейнелейтін, сонымен қатар тақтаның жанында 
тұрып, компьютерді пернетақта мен «тышқан» манипуляторының 


55
көмегімен басқару сияқты, арнайы фломастердің көмегімен 
басқаруға мүмкіндік береді.
Қолданыстағы интербелсенді тақтаға арналған программалық 
қамтамасыз ету (SMART Board Software) келесідей аспаптарды 
қамтиды:
  жазба кітапшасы (SMART notebook)
  бейнежазба құралы (SMART Recorder)
  бейнеплеер (SMART Video Player)
  қосымша (маркерные) құралдар (Floating Tools)
  виртуальды пернетақта (SMART Keyboard)
Бұл аталған құралдардың барлығы жеке немесе жиынтықпен оқу 
тапсырмаларына түріне байланысты пайдаланылад.
Жазба кітапшасы – жеке форматтағы құжаттарды құруға 
мүмкіндік беретін жəне өзінде, сəйкесінше, құралдардың көмегімен 
басқа Windows программаларында дайындалған мəтін, графикалық 
объектілерді қамтитын графикалық редактор.
Видеожазба құралы – қазіргі кезеңде тақтада жасалған іс-
əрекетті бейнефайлды жазуға (формат AVI) мүмкіндік береді, со-
дан соң оны бейнеплеер (SMART Player) немесе басқа да соған 
ұқсас программалық құрал көмегімен ойнатады. Мысалы, жазба 
кітапшасын қолдану арқылы кез келген функцияның графигін салуға 
немесе сызу сызуға, содан соң бейнефайлды қосу арқылы суретті 
салу үдерісін қайтадан көрсете алады. 
Қосымша (маркерлік) құралдар ағымдағы жағдайдан тəуелсіз 
монитор экранының барлық ауданындағы əртүрлі белгілерді жасау 
үшін пайдаланылады. Оқытушы жасаған кез келген белгілер, мыса-
лы, презентациялар сақталуы мүмкін. 
Виртуалды пернетақта оқытушы тақтаның жанында тұрған 
кезінде компьютерді басқару үшін пайдаланылады, ол компьютердің 
пернетақтасының көшірмесі. 
Интербелсендік тақта ең маңызды сипаттамасы оның 
«өлшемсіздігінде», яғни жазылған ақпарат өлшеміне қарамастан 
экран ауданында орналасады, мұндағы жазбаның барлығы осы 
тақтада жазылып қалады, əрі ұзақ уақытқа дейін сақталады. Тақтада 
бейнеленген барлық ақпараттар сабақтың барысында қолданыла 
береді. Мұғалім немесе оқушы кез келген уақытта өтіп кеткен 
ақпараттарына орала алады. Бұдан басқа ағымдағы сабақтың барлық 
ақпараты келесі сабақтарда да қолданыла береді, сондай-ақ алдыңғы 
сабақты қайта қарастыру қосымша дайындықты қажет етпейді.


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау