Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет20/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   113

62
ІВМ желісіндегі деректер маршруты көрсетілген. Осылайша, Tokin 
Ring желісі сақина секілді дерлік, бірақ жұлдызша сияқты 
безендірілген.
Жергілікті желіде ақпарт жеткізу жылдамдығы 5-тен 100 Мбит/
с-қа дейін жетеді.
Жергілікті есептеу желілері бірыңғай жəне ирархиялық болып 
бөлінеді. Бірыңғай желі – барлық компьютерлері тең құқылы жəне 
бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана – 10-
15-тен көп емес компьютерлер санын біріктіру үшін қолданылады. 
Бірыңғай желілерде сервер дегеніміз – ресурстары осы сəтте басқа 
компьютерден де алына беретін компьютер, сервер бір мезгілде кли-
ент де бола алады, яғни өзі ресустар беретін компьютердің ресур-
старын пайдаланады. Жергілікті ресурстың ортаққа айналдыруы 
компьютерді пайдаланушымен, ОЖ құралдармен жасалады. Қажет 
болған жағдайда ол өзін пайдалануға арналған парольді де белгі-
лейді. Бірыңғай желілердегі ОЖ-лер ортақ ақпараттық ресурстардың 
оқылуын жəне редакциялануын, «бөтен компьютерден» програм-
маларды қосуға мүмкіндік беретін тікелей басқарудың құралын 
қамтамасыз етеді. 
Негізгі желілік топологиялар.
Желінің ақпараттық қызметіне байланысты топологиялардың 
үш түрі болуы мүмкін. Шиналық топология. Мұнда жұмыс станция-
лары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистралға 
қосылады. Дəл осындай тəсілмен магистралға басқа да желілік 
құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау үрдісінде тасы-
малданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының 
барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген 
жұмыс станциясы қабылдайды. 
Жұлдыз тəрізді топология. Мұнда ортақтандырылған 
комутациялық түйін желілік сервер болуы тиіс, ол барлық 
мəліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның 
артықшылығы кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы 
жалпы байланысқа əсер етпейді. Сақиналық топология. Мұнда 
байланысу арналған тұйықталған сақина бойынша орналаса-
ды. Жөнелтілген мəлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияла-
рын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң 
жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі кез келген бір 
 


63
жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады. 
Желілік техникалық құралдар.
Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектура-
сына байланысты негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай 
бөліктерден тұрады:
-  кабельдер;
-  серверлер;
-  жергілікті интерфейс тақталары;
-  концераторлар;
-  коммутаторлар;
-  аймақтық тармақталған желілер үшін бағдарлауыштар;
-  аймақтық тармақталған желілер үшін қашықтықтан қатынас 
құру серверлері;
-  аймақтық тармақталған желілер үшін модемдер.
Серверлер.  Клиент сервер желісіндегі сервер дегеніміз осы 
желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен 
қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғарғы көлемді 
қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса 
серверге жергілік операциялық жүйе басқара алады.
Жергілікті интерфейс тақшалары. Үстелге қойылатын жəне 
портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. 
Олар жергілікті желіге басқа құрылғылармен орнатылады. Олар 
мəліметтерді тасымалдау жылдамдығының өзгеруімен желіге 
қосылу тəсілдеріне байланысты əртүрлі болып келеді.
Модемдер. Жай телефон арналары арқылы интернетке қосылып 
онымен мəлімет алмасу мүмкіндігін береді. «Модем» деген сөз 
осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор/
демудулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютер-
ден шыққан сандық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы 
тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші 
модем қабылданған сигналдарды қайтадан сандық формаға 
ауыстырады.
Клиент – сервер технологиясы.
Жергілікті желілердегі компьютердің бір-бірімен қатынас жа-
сау сипатын олардың функционалдық қызметімен байланысты-
ру қалыптасқан. Жергілікті желі аймағында компьютерді тікелей 
байланыстыру кезінде сияқты клиент жəне сервер ұғымдары 
қолданылыды.


64
Клиент – сервер технологиясы – жергілікті желідегі 
компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тəсілі, мұнда 
бір компьютер өз құрылғыларын басқаларға клиентерге пайдалануға 
бере алады. Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер 
жəне серверлік болып екіге бөлінеді.
Бір деңгейлі желілер айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда 
əрбір жұмыс станциясы əрі сервер, əрі клиент болып қызмет атқара 
береді. Мұның ерекшелігі əрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының 
белгілі бір бөлігінің барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдала-
нуы үшін бөліп береді. 
Егер компьютерлер саны аз болып олардың негізгі функциясы 
бір-бірімен мəлімет алмасу болған жағдайда ең тиімді шешім олар-
ды бір деңгейлі желілерге біріктіру болып табылады.
Серверлік желілерге компьютердің функциялары алдын ала 
айқындалған оның кейбіреулері сервер болып қызмет атқарса, 
қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады. Компьютерлер 
атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверлердің 
бірнеше типтері бар. Олар желілік сервер, файлдық сервер, баспа 
сервер, пошталық сервер жəне т.б. 
Желілік сервер – желі жалпы басқару функциясын жəне есеп-
теу жұмыстарының негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютерлер 
болып табылады. Мұнда желіге жұмыс станциясының функциясына 
мəліметтерді енгізу жəне шығару сервер мен ақпарат алмасу жатады.
Файлдық серверлер термині негізгі функциясы мəліметтер 
файлын сақтау, басқару жəне тасымалдау істерінен тұратын арнайы 
компьютерге байланысты шыққан. Жалпы файлдық серверде мо-
нитор мен пернелік тақта болмаса да болады. Файлдық мəліметтер 
барлық өзгертулер жұмыс станцияларында жүргізіледі. 
Баспа серверлер, желі адаптерлері көмегімен мəлімет та-
сымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы болып та-
былады. Мұндай желілік баспа құрылғысы басқа желі 
құрылғыларына тəуелсіз күйге өзі жеке жұмыс жасайды.
Баспа сервері желідегі барлық серверлерден жəне жұмыс станция-
ларынан тапсырма ала отырып, жергілікті желі ауқымды желіден 
өте көп мəлімет алмасатын болған жағдайда, пошталық сервер 
пайдаланылады. Бұл мүмкіндік компьютерлерді компьютерлік 
желілерге байланыстырды, аппараттық жəне ақпараттық ресурстар-
ды кез келген компьютерде жұмыс істеп отырғандар қолдана ала-
ды. Бұл желідегі қолданушылар файлдармен алмасу жəне хатпен 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау