Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



жүктеу 1,08 Mb.
Pdf просмотр
бет23/113
Дата20.11.2018
өлшемі1,08 Mb.
#22079
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   113

71
ды есептеуіш машина əзірше терең жəне жан-жақты теориялық 
тұрғыдан түсіндірілмеген, ақыл-ой іс-əрекетіне үлкен төңкеріс жаса-
ды. ЭЕМ-ді қолдану нəтижесінде қоғамдық тəжірибені сақтау, қайта 
өңдеу жəне тасымалдау түпкілікті өзгерді, сондықтан ғалымдардың 
компьютерлендіру жəне қазіргі ақпараттық технологиялар адам 
психикасының фукционалдық жəне онтогенетикалық даму таби-
ғатында жаңа кезеңді ашады деген тұжырымы дұрыс. Мұның 
нəтижесінде ақыл-ой іс-əрекетінің құрылымы мен стилінің өзгеруі 
мүмкін. Мұның салдарынан бір салада жұмыс істейтін мамандардың 
өзара қарым-қатынас жағдайларыда өзгереді. 
Субъекті іс-əрекетінің «адам-компьютер-мультимедиа-ре-
сурстар» жүйесіндегі кейбір аспектілерін қарастырамыз. Жасан-
ды интеллект мəселелерінің философиялық жəне психологиялық 
сұрақтарымен айналысушы, белгілі ресейлік психолог О. К. Тихоми-
ров, адамның іс-əрекетіндегі ЭЕМ- ның орны мен рөлін талдай келе, 
келесідей тұжырымдаған: «біз үшін ЭЕМ басқа машиналар тəрізді, 
яғни, адамның қолымен жасалған адам миының органдары. Егер 
машинаның двигателін қалыптастыру кезеңінде энергияның үлкен 
шығынын қажет ететін жұмыс жасау барысындағы адам іс-əрекетінің 
құралдары негізге алынса, онда компьютерлерді дамыту кезеңінде 
адамның ақыл-ой іс-əрекетін негізге алынды. Ақыл-ой іс-əрекеті 
өзінің құрылымын сақтайды, бірақ құралдың өзі жаңа болып табы-
лады. Олай болса ЭЕМ-ның адамның ақыл-ой үрдісін дамытудағы 
əсері туралы мəселе келесідей қайта тұжырымдалуы қажет: ақыл-ой 
үрдісінің компьютердегі белгілерден қандай айырмашылығы бар? 
Жаңа құрал ақыл-ой үрдісінің құрылымына жаңа өзгерістер енгізе 
ала ма? Басқаша сөзбен айтқанда адамның жоғары психикалық 
үрдістерін дамытудағы жаңа кезең деп ерекшелеуге бола ма?» Ол 
адам, компьютер жəне мультимедиа ресурстарының ақыл-ой еңбегі 
саласындағы өзара қатынасын сипаттауда үш негізгі тұжырымды 
ерекшелейді: орналастыру теориясы, толықтыру теориясы жəне 
түрлендіру теориясы. 
Орналастыру сəйкесінше компьютердің программалық 
қамтамасыз етілуі пайдаланушыны қандай да бір пəндік саладағы 
бірқатар нақты есептер топтарының шешілу алгоритімін білуден бо-
сатады. Пайдаланушыға оған қызықты шешімді алу үшін компью-
терге есептің шартын «механикалық» тұрғыдан енгізу жеткілікті.
Бұл есепті шешудің формалданған процедурасы, толықтай 
алгоритмі басқа мамандармен, яғни, программистермен дайындала-


72
ды, сəйкесінше компьютерге енгізілетін программа құрылады; пай-
даланушы тек қана оны меңгермей-ақ компьютер жадында сақталған 
алгоритмді қолданады. Машина мен адамның өзара əрекетінде 
пайдаланушының əрекеті сыртқы, яғни, процедураны меңгеру қажет 
емес. 
Алгоритмнің əзірлеушілері жəне программистер осы формалдық 
рəсімнен босатылмайды, керісінше, олар əдейі формалдауды жа-
сайды, сондай-ақ өнімді пайдаланушыларды есепті қайта шешу 
қажеттілігінен босатады. Бұл адам іс-əрекетінің жаңа форма-
сы ретінде сонымен қатар еңбекті жаңадан бөлу ретінде ұтымды 
мүмкіндік. 
Толықтыру бір есепті адам мен машинаның бірлесіп шешу 
жағдайында орын алады. Мұнда ЭЕМ алдын ала адамдар 
шешкен кейбір жеке есептің шешімін өзі орындай алады. Ком-
пьютер ақпаратты қайта өңдеудегі адамның мүмкіндіктерін 
толықтырады, сондай-ақ қайта өңдеудің көлемі мен жылдамдығын 
арттырады.
Ақпараттандырудың нəтижесі ретінде онтогенетикалық 
дамудағы мүмкін болатын өзгерістерді сипаттай келе, О. К. Ти-
хомиров былай деп жазады: «Компьютердің пайда болуымен 
қоғамдық тəжірибені сақтау формасы («электронды ми», мысалы, 
кітапхананың орнына), мұғалім-оқушы компьютерді басқаратын, 
меңгеру үрдісі, сонымен қатар меңгеру үрдісінің мазмұны 
(компьютерлерді қолдануға байланысты процедураларды меңгеру 
мүмкіндігі) өзгереді». Сондай-ақ Д. Ликлайдерге сілтеме жасап, ол 
адам тек қана «серіктес» қана емес, ойынды бастаушы «көшбасшы» 
ретінде деп тұжырымдайды. Сонымен қатар бұл мəселе адам мен 
компьютердің жəне мультимедиа-ресурстар арақатынасының түрлі 
типтері болуына байланысты нақты талдауды қажет етеді. Кейбір 
жағдайда, мысалы, оқытуда «көшбасшылық» компьютерге ауысуы 
мүмкін, ол оқушыға есепті тізбектей ұсынады жəне оның шешімін 
бағалайды. Оқытушы мультимедиа-ресурстардың қызықты нұсқасы 
– сократтық программа, онда оқушыға қойылатын сұрақтар сабақ 
барысындағы диалогпен қарым-қатынас негізінде орындалады. 
Бұл жағдайда диалог дербестендірілген, сондай-ақ оқушының іс-
əрекетін ерекшелендіруге қабілетті.
Кеңірек қарастырғанда компьютер педагогикалық үрдістің 
көшбасшысы – мұғалім іс-əрекетінің құралы. Сонымен қатар мұғалім 
мен оқушының рөлі мен позициясы əртүрлі. Яғни, адам субъект не-


73
месе компьютерлендірілген жүйелердің əрекет етуші объектісі рөлін 
атқаруы мүмкін. 
Ақыл-ой іс-əрекетінен басқа ағымдағы компоненттерінен 
оқушыларды оқыту үдерісінде мультимедиа-ресурстарын 
пайдаланудың келесідей психологиялық артықшылықтарын ерек-
шелеуге болады: 
1. Визуализация. Графикалық ақпаратпен жұмыс, сонымен қатар 
белгілік материалдармен жұмыс көрнекілік ойлау ресурстарын 
мобилизациялауға мүмкіндік береді.
2. Ойдың сурет немесе схема түрінде материалдануын жылдам-
датады.
3. Жағдайдың түрленген шаблондарымен компьютерден алынған 
нəтижелерді жылдамдату жəне арттыру.
4. Компьютер арқылы орындалатын іздеу əрекетін жүзеге асыру 
мүмкіндіктерін кеңейтеді.
5. Күрделі іс-əрекеттің аралық кезеңіне (компьютердің жадын 
қолдана отырып) қайта оралу мүмкіндігін береді.
6. Бір немесе бірнеше объектіні бірнеше көзқарас тұрғысынан бір 
кезеңде қарастыру, объектіні түрлендірудің бірнеше нұсқасын 
салыстыру мүмкіндігі.
Компьютер жəне мультимедиа ресурстардың пайда болуымен 
оқушылар мен мұғалімдер арасында жаңа қарым-қатынас түрі туын-
дайды. Бұл ойды ашып қарастыра отырып, О. К. Тихомиров былай 
деп жазады: «ақыл-ой іс-əрекетінің өзгерісіндегі маңызды фактор 
ЭЕМ желісін жасау болып табылады... Бұл даму жағдайын адам-
мен ЭЕМ-нің дербес өзара əрекетінен адамдар тобы мен ЭЕМ то-
бымен өзара əрекетіне көшу ретінде сипаттауға болады, сондай-ақ 
адамдар арасындағы қарым-қатынас ЭЕМ-мен əрекетті басқарады. 
«Топтық симбиоз»... туындайды. Бұл жаңа жүйе жұмысының 
тиімділігінің жоғары деңгейде артуы, қарапайым «ішкіжүйенің» са-
нын арттырудан көбеймейді, сонымен қатар есепті шешуге қажетті 
мəліметтермен алмасуды тездетуде, ойлау деңгейі əртүрлі адамдар 
жұмысының гармониялық үйлесімділігін арттыруда».
«Адам-компьютер-мультимедиа-ресурс» жүйесіндегі оқушы іс-
əрекетінде, жеке ақыл-ой əрекетінде басқа ойлау стилі қалыптасады. 
Бұл факт бақыланады. Мысалы, соңғы жылдары анықтаманы, 
дəлелдеуді жəне т.б. оның мағынасын түсінбей айтатын жəне 
бұдан ешқандай кемшілігі бар екендігін сезінбейтін оқушылар 
саны артты. Есепті детальды түрде бөлшектеп қарастырудан 


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   113




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау