Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет23/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43

5. Өз-өзімен сөйлесу 
Балақай сізден алыс емес жерде болғанда көргеніңізді
естігеніңізді нақтылап айта бастаңыз. Баяу (бірақ сөз-
дерді созбай), әрі анық, қысқа, қарапайым, бала түсіне 
алатын ұғынықты сөйлемдермен әңгімелеңіз. Бала сізге 
және сіздің артикуляцияңызға назар аударуын қамтама-
сыз етіңіз
(«Шыны қайда?»,
«Ой, мен шыныны көріп тұрмын»,
«Шыны үстелдің үстінде»,
Шыныда сүт бар», 
Айман сүт ішіп отыр» және т.с.с.)
2. «Ежіктеп айту»
Ересек адам балаға қатысты не болып жатқаны немесе 
болатыны жайлы барлық өз әрекеттерін ежіктеп айтып 
береді («қазір біз киінеміз», «сен сорпаны қандай күшті 
ішесің», «біз қазір қыдыруға барамыз» және т.с.с.).
3. Баланың әрекеттеріне ұқсатып қайталау, сөзбен 
жеткізу 
«Арман барабанда ойнап отыр. Бам-бам, деп даңғырлай-
ды барабан». «Серік көлік сүйретіп жүр. Зу-зу». «Маржан 
доп лақтырды. Домалаң-домалаң етіп доп кетті».
4. Баламен қарым-қатынаста ым-ишарат, бет қимылын 
және пантомима пайдалану 
Келісу және келіспеу белгісі ретінде бас қимылын пай-
далану. Қолды «берші» деген өтінішпен созу және «ала 
ғой» деп жаю. Ауырған мен жылауды білдіру үшін бет 
қимылын пайдалану: «Қуыршақ құлады, аяғы ауырып 
қалды, ол жылап жатыр. Оны жұбатшы» және т.б.
93
СӨЙЛЕУ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЫНТАЛАНДЫРУ БОЙЫНША 
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫС-КЕҢЕСТЕР 
13


7. «Кеңейту»
Балақай айтқанның барлығын жалғастырыңыз және 
толықтырыңыз, қайталауға мәжбүрлемеңіз. Ол сізді естіп 
тұрса жеткілікті. Мысалы: «Сорпа». Ересек: «Көкөніс 
сорпасы сондай дәмді», «Сорпаны қасықпен ішеді». 
Балаға кеңейтілген сөйлемдермен жауап бере отырып, 
сіз баланы бірте-бірте өз ойын толығымен жеткізуге 
дайындайсыз, мағыналық тілді меңгеруге даярлайсыз. 
6. Арандату немесе баланы әдейі түсінбеу
Мысалы, бала ойыншықтары тұрған сөрені көрсетіп
сізге жалынып қарап тұрса, ал сіз оған не керек екенін 
түсініп тұрсаңыз, оған басқа ойыншық беріп көріңіз. 
Әрине, бала сіздің түсінбестігіңізге бұлқан-талқан 
болады, бірақ бұл баланы қажетті затты ататуға итер-
мелейтін алғашқы себеп те болады. Баланың дыбыстық 
әрленімі дұрыс болсын, бұрыс болсын, сөйлеу бел-
сенділігін кез-келген жағдайда қамшылап отырыңыз, 
сөздерді анық айтуын талап етпеңіз. Қиындыққа тап 
болса, балаға өтініш жасаудың дұрыс үлгісін айтып 
беріңіз: «Сен апаңнан қуыршақ сұрадың ба? Апа, қуыр- 
шағымды берші». Бұл тәсіл тек заттарды атауда ғана 
емес, сондай-ақ, олармен жасалатын әрекеттерді атауда 
да тиімді.
94
СӨЙЛЕУ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЫНТАЛАНДЫРУ БОЙЫНША 
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫС-КЕҢЕСТЕР 
13


9. Еліктеу және дыбыстарды ұқсатып шығару  
Ертегілерді және тақпақтарды мәнерлеп және қайталап 
оқу (А. Барто «Ойыншықтар», «Қарға мен түлкі», «Күн 
астындағы Күнікей қыз», «Ер Төстік» және т.б.) баланы 
өзара әрекеттестікке ұмтылысқа, ересектердің артынан 
қайталауға деген құлшынысқа бөлейді. Баланың жанын-
да әртүрлі жануарлардың дауысымен сөйлеңіз, оларға 
тән дыбыстарды (аф-аф, мяу, бақ-бақ), жай-күйін (ай-
ай-ай, ох!) келтіріңіз. Бала сіздің артыңыздан қайталаса 
немесе қимыл-әрекеттерді жасаса тіпті жақсы: топ-топ; 
жұмыртқа құлағанын келістіру  - бах; тауық дауысын 
қосу: қо-қо-қо; тышқанша шиқылдау: шиқ-шиқ-
шиқ; ата мен әженің жылағанын келтіру: 
ой-ой-ой.
8. «Күлдіргілер»
Баламен бірге ойнағанда қызықты өлеңдер, санамақтар, 
күлдіргі тақпақтар қолдану баланы қуаныш пен шат-
тыққа бөлейді. Баланың әрбір әрекетін сөздермен
сүйемелдеу оны еріксіз сөздегі дыбыстарға құлақ 
салуға, дауыс ырғағын сезуге, жекелеген сөз тіркестерін 
есте сақтауға және бірте-бірте олардың мағынасын 
түсінуге үйренуге септеседі. Халық ауыз әдебиеті 
шығармаларының көпшілігі сөйлеу белсенділігімен 
тығыз байланыстағы балақайдың қимыл-қозғалыстық 
белсенділігін дамыту мақсатында шығарылған. Ауыз 
әдебиеті туындыларының маңызы балалардың ересек-
термен эмоционалдық және жанасу (қол тигізу, сипау) 
арқылы қарым-қатынас құру қажеттіліктерін қанағат-
тандыратынымен жоғары бағаланады.
95
СӨЙЛЕУ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЫНТАЛАНДЫРУ БОЙЫНША 
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫС-КЕҢЕСТЕР 
13


10. Балаға сөздер мен сөйлемдерің үлгісін бере отырып, 
өтініштер және тапсырмалар орындауын ұсыныңыз.
Мысалы: Жүр әжеге барып, сусын сұрайық: «Әже, бір 
шыны шырын берші». Әкеге көлік апарып берейік те, 
«Әке, көлікті ұста!» дейік. 
11. Таңдау
Балаға тек «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін 
сұрақтар қоймаған жөн. Сұрақ балама немесе арнайы 
болуы тиіс. Таңдау мүмкіндігіне ие болу баланы өзін 
маңызды және бағалы тұлға етіп сезіндіреді. Екі жасқа 
толғанда ересектер таңдау жасауға мүмкіндік берсе, 
бала өз бетінше таңдау жасай алады: «Шырын ішесің бе, 
әлде шай ма?», «Қуыршақпен ұйықтайсың ба, әлде қон-
жықпен бе?». Ересектер баланың мүмкіндігі мен шамасы 
жеткенше сөзбен (дыбыстармен) сүйемелдеп сөйлеуін 
ынталандырып
отырғаны жөн.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН:
1. 
Теледидар, бейне-мәліметтер – күтуші емес, яғни, 
мультфильмдерді баламен бірге көру керек. Бұл 
баламен арадағы эмоционалдық байланысты нығайтады 
және күшейтеді, баланың естігенін және көргенін 
түзетіп отыруға, сөйлеу белсенділігін қамшылап отыруға 
мүмкіндік береді. 
2. 
Баламен мысқылдап, келемеждеп сөйлесуге болмайды.
3. 
Оған үнемі ескерту жасап отыруға болмайды, әсіресе, 
болмашы ескертулер.
4. 
Баланы ұрсуға және оған айғайлауға болмайды.
5. 
Баламен әрдайым сыпайы, ниеттестік қарым-қатынаста 
болыңыз.
ҚҰРМЕТТІ АНАЛАР 
МЕН ӘКЕЛЕР, ӘЖЕЛЕР 
МЕН АТАЛАР, СІЗДЕРГЕ 
СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
6. 
Баланы асықтыруға және 
жылдамдатуға болмайды.
7. 
Балаға өзін жаман бала етіп 
сездірмеу керек, жиі қолпаштап, 
мақтап, мадақтап отырыңыз, ол үшін 
сізге себептің де қажеті жоқ, ол - 
сіздің балаңыз, осының өзі мақтауға 
тұрарлық!
96
СӨЙЛЕУ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЫНТАЛАНДЫРУ БОЙЫНША 
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫС-КЕҢЕСТЕР 
13


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау