Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет1/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43


ЖАҚСЫ АТА-АНА
болуды үйренеміз
0 АЙДАН
3 ЖАСҚА ДЕЙІН
ҚУАН,
СӘБИ!



15.   БАЛАҒА СӨЙЛЕП ҮЙРЕНУДЕ ҚАЛАЙ  
 
103
 
КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ    
 
16.  ҰСАҚ МОТОРИКАНЫ ДАМЫТУ 
 
 
109
17.   ТҮБЕКПЕН ҰЛЫ АЙҚАС   
 
 
115
18.   МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ   
119
 
ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРІ 
19.   КІШКЕНТАЙ БАЛАЛАРДЫҢ ҚЫҢЫРЛЫҒЫ  
 
127
 
МЕН ЕСІРІКТІГІ 
20.  БАЛА БОЙЫН БИЛЕЙТІН ҚОРҚЫНЫШТАР 
 
131
21.   БАЛА ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ 
 
135
 
НАРАЗЫЛЫҚ ӘСЕРІ 
22.   ЗЕЙІН ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ МЕН ГИПЕРБЕЛСЕНДІЛІК 
143
  
СИНДРОМЫ
23.   ҮШ ЖАСТАҒЫ ДАҒДАРЫС  
 
 
155
24.   ОТБАСЫНДАҒЫ АНА РӨЛІ 
 
 
161
25.   АНАСЫ ЖАНЫНДА БОЛҒАНДА  
 
 
175
26.   ОТБАСЫНДАҒЫ ӘКЕ РӨЛІ  
 
 
183
27.   КІШКЕНТАЙ БАЛАМЕН ҚАЛАЙ СӨЙЛЕСУ КЕРЕК  
189
1. 
БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА ДЕЙІНГІ ДАМУЫ  
1
2.   БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ     
 
9
 
ЖҮЙКЕ-ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ
3.   БІР ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНШЫҚТАР 
23
4.   ОЙЫН КӨПТІК ЕТПЕЙДІ   
 
 
29
5.   ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ДАЛАДА ЖӘНЕ   
33
 
ҮЙДЕ ДАМЫТУШЫ ОЙЫНДАР ОЙНАТУ
6.   КІШКЕНТАЙ БҮЛДІРШІН ҚАУІПСІЗДІГІ  
 
41 
7. 
БАЛА НЕГЕ ЖЫЛАЙДЫ    
 
 
47
8.   БАЛАЛАРДЫҢ ҰЙҚЫСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ  
 
55
9.   НӘРЕСТЕЛЕР ӘЛЕМ ТАНУДА ҚАНДАЙ 
 
63
 
ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНАДЫ?
10.   БАЛАҢЫЗДЫҢ ТІЛІНІҢ ДАМУЫ 
 
 
69
11.   БАЛАНЫҢ АЛҒАШҚЫ СӨЗДЕРІ ҚАНДАЙ?  
 
79
12.  ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН  
 
85
 
ТІЛ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ 
13.   СӨЙЛЕУ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЫНТАЛАНДЫРУ БОЙЫНША  
91
 
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫС-КЕҢЕСТЕР 
14.   ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛА ТІЛІНІҢ  
 
 
97
 
ДАМУЫНДАҒЫ ОТБАСЫ РӨЛІ
Содержание



БАЛАЛАРДЫҢ
3 АЙҒА ДЕЙІНГІ 
ДАМУЫ
1
1


3 АЙҒА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ КӨРУ 
ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫ 
Жаңа туылған нәресте жарықты қараңғы-
дан ажырата алады. Алғашқы бірнеше 
күн ішінде сәби құрамдас бөлшектерін 
ажыратып көре алмаса да, ірі заттардың 
сұлбасын айыра алады.
Өмірінің алғашқы аптасында бала түстерді ажырата ал-
майды және тек түсі бір-біріне кереғар нысандарды ғана 
көреді. Яғни, алғашқы күндері және айлары сәбидің көз 
жітілігі, сонымен бірге, түс ажырату қабілеті әлі жетілме-
ген болады.
Өмірінің 1 айында бала өз көз деңгейінде 20-40 см 
қашықтықта орналасқан затқа немесе ересек адам-
ның жүзіне көз тоқтата алуы тиіс, бетінен 20-40 см 
қашықтықта көз деңгейінде көлденеңінен баяу қозға-
латын түсі жарқын заттарды бақылай алуы тиіс, жарық 
көзіне қарай алуы тиіс.
Өмірінің алғашқы айларында бала дамуы аса 
қарқынды жүреді. Әрбір даму саласында күн-
делікті өзгерістер орын алып отырады. Балақай жаңа 
дағдылар мен қабілеттерді тез жинап, тез үйрене 
бастайды. Ұсынылған ақпарат балақайлардың ата-анала-
рына оның ерте жастағы дамуындағы мүмкіндіктері мен 
қажеттіліктерін түсінуге мүмкіндік береді.
1 айдан 2 айға дейін 
баланың заттардың 
құрамдас бөліктерін 
және түстерді ажыра 
білу қабілеті бірте-бір-
те жетіледі. Бұл ретте 
түстерді ажыра білу 
қабілеті келесі кезекпен 
дамиды: көк, сары, жа-
сыл, қызыл.
i
2
БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА
ДЕЙІНГІ ДАМУЫ
1


3 айға дейін баланың көріністік қалаулары 
пайда болады – көруге ұсынылған көріністік 
бейнелер арасынан бала міндетті түрде бет-жүзді 
(тірі немесе суреті салынған) таңдайды. Оған қоса, бұл 
жастағы балаларға ақ-қара түсті ойыншықтарға қараған 
өте ұнайды.
2,5-3 айлығында бала кейде 
анасын, ал кейде әкесін тани-
ды, әлдебір таныс затты көрсе, 
күлімсірейді, яғни, оның көру 
жадысы – көрініс бейнелерін 
сақтау және оларды тани білу 
қабілеті дамиды.
Бала өмірінің алғашқы 6 аптасында балада заттық көру 
қабілеті, яғни, заттың көріністік бейнесін қабылдау және 
оны жадыда сақтау қабілеті болмайды.
1,5-2 айлығында ірі, түстері бір-біріне кереғар заттар, 
ересек адамның бет-жүзі біртұтас күйінде қабыл-
данады. Сондықтан, бұл жаста бала өзімен 40-50 см 
қашықтықтан сөйлесіп тұрған ересектің жүзіне көз 
тоқтата алмайды.
2 айлығынан бастап бала тігінен баяу қозғалатын зат-
тарды бақылауды үйренеді, бірақ оның көз жітілігі әлі 
де болса мінсіз емес, көру ауқымы да әлі өте тар.
Бұл жаста бала заттардың 5-2,5 мм-ден кіші құрамдас 
бөлшектерін ажырата алмайды, ал екі жақтағы көру 
аясы – 10-30 градусқа дейінгі аралықта. 
3 айлығында көз жітілігі жетіле түседі – бала өзінен ай-
тарлықтай қашықтықтағы заттарды қарай бастайды: өз 
қолы, қолындағы зат, қозғалыстағы заттардың артынан 
басын бұрады.
3
БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА
ДЕЙІНГІ ДАМУЫ
1


3 айға дейінгі жас аралығында балалардың көру қабілетін 
тексергенде қандай белгілерге айрықша назар аудару керек, 
қандай белгілер медицина қызметкеріне немесе
ата-аналарға баланың көру қабілетінде бұзылушылық бар 
екенін білдіре алады:
көру қабілетіндегі ауытқушылық қауіп-қатерлерінің 
бірінің болуы;
баланың бетінен 20-40 см қашықтықта көз деңгейінде 
орналасқан затқа ересек адамның бет-жүзіне көз тоқтата 
алмауы;
баланың бетінен 20-40 см қашықтықта баяу қозғалып 
тұрған затты көзбен бақылау қимылдарын жасамауы;
баланың өз қолдарын, қолына ұстатылған заттарды қара-
мауы;
күшті жарық көзіне бас бұрмауы;
көз қарашығының жарыққа әсер бермеуі немесе әлсіз 
әсер беруі.
Көру қабілетінде бұзылушықтары бар балалардың аналардың 
сөзінше, баланың 3 айлығында өздері назар аударған бас белгі 
– баланың анасының жүзіне көз тоқтата алмауы. Көп аналар 
осы жаста балаларымен сөйлесе бастағанда, бала олардан 
теріс айналғанын өкінішпен байқаған. Бұл зағип немесе нашар 
көретін бала бірінші кезекте анасымен көру арқылы емес, 
тыңдай отырып, дыбыс көзіне қарай басын бұру арқылы әре-
кеттесетінімен түсіндіріледі.
КӨРУ ҚАБІЛЕТІНДЕГІ АУЫТҚУШЫЛЫҚТАР
ҚАУІП-ҚАТЕРІ ТОБЫ
1. 
Құрсақ ішінде жұқпалы сырқаттармен (токсоплазмоз, 
хламидиоз және т.б.) ауырған балалар;
2. 
Шала туылған балалар (өмір тарихында - жасанды өкпе 
желдету, жан сақтау шаралары жасалған);
3. 
Генетикалық синдромдары бар балалар;
4. 
Жүйке жүйесінде ауытқушылықтары (гидроцефалия, бас 
миының органикалық зақымдануы және т.б.) бар балалар;
5. 
Тұқым қуалайтын ауыр сырқаттарға шал-
дығуға бейім балалар (ата-анасының 
жоғары дәрежелі миопия сырқаты, 
анасының қант диабетімен ауыруы);
6. 
Есту қабілетінде бұзылушылықта-
ры бар балалар;
7. 
Көру органы зақымдалға-
нының сыртқы белгілері 
(экзофтальм, қылилық, көз қа-
рашығының әдеттен тыс түсі 
немесе пішіні) бар балалар. 
Бұл топтағы балалардың көру 
қабілетінде ауытқушылықтар 
орын алу ықтималдығы 
жоғары, сондықтан, оларды 
тексеру және бақылау аса 
тиянақты жүргізілуі тиіс.
4
БАЛАЛАРДЫҢ 3 АЙҒА
ДЕЙІНГІ ДАМУЫ
1


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау