Айдан жасқа дейін қуан



жүктеу 6,55 Mb.
Pdf просмотр
бет25/43
Дата20.11.2018
өлшемі6,55 Mb.
#21908
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43

міндетті түрде баланың жанында болу шарт емес, 
оның қолы жетерлік жерде болу жеткілікті. Ата-ана-
ның балаға бөлетін уақытының саны емес, сапасы 
маңызды;
мақтау-мадақтауда, көтермелеуде, құшақтасуда 
сараңдық етпеңіз;
ата-анаға өз баласымен дұрыс қатынас құра білу 
қажет, бала үшін маңызы бар ересек адамдардың 
тарапынан шыққан талаптардың кереғарлығына 
жол бермеу қажет. Егер тәрбиелеу және оқыту 
талаптары бірыңғай және тұрақты болса, бала 
тұрақтылық пен жайлылық сезіміне ие болады, 
бала санасында бейберекеттік болмайды. Сонымен 
қатар, талап қоярда бірізділік танытыңыз;
балаңыздың жетістіктерін мадақтаңыз, еркелігінің 
жетегіне ермеңіз, ұмытпаңыз, бала мінезі өмірінің 
алғашқы күндерінен бастап-ақ қалыптасады.
1.  Баланың үнемі ересек адаммен тілдесуін ұйымда-
стыру.
2.  Баламен іскерлік ынтымақтастық жағдайын жасау, 
баланың ойнайтын ойындарына қатысу, баланы 
бірлесіп жасайтын әрекеттерге тарту.
3.  Іскерлік тілдесу барысында баланы өтініштерін, 
тілектерін нақты сөздердің және қарапайым сөй-
лемдердің көмегімен жеткізуге итермелеу. Егер 
сіз баланың еркелігіне құлдық ұрмай, оның өз 
тілектерін сөзбен жеткізуге итермелей отырып, та-
бандылық танытсаңыз, оң нәтижелерге тезірек қол 
жеткізесіз. Бөбек сөйлеуді тілдесу құралы ретінде 
белсендірек пайдаланатын болады.
ТІЛДІҢ ДАМУ ҮДЕРІСІН ҚАМШЫЛАУ ҮШІН 
ОТБАСЫНДА ҮШ ШАРТ ОРЫНДАЛУЫН 
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҢЫЗДЫ:
101
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛА ТІЛІНІҢ
ДАМУЫНДАҒЫ ОТБАСЫ РӨЛІ 
14


АЛАЙДА, ТАЛАПТАРЫҢЫЗ ОРЫНДЫ БОЛСЫН! 
Ильва Эллнеби – швециялық маман ұстаздың пайымда-
уынша: 
баламен ойнау – оны жаттықтыру;
баланы сөйлеуге итермелеу – талап ету емес; 
баламен сөйлесу – нұсқау беру емес
БАЛАҒА БӘРІНЕН ДЕ СІЗДІҢ ЖАНЫНДА БОЛҒАНЫҢЫЗ, 
СІЗДІҢ МАХАББАТЫҢЫЗ, ШЫНАЙЫ ЖӘНЕ ОРЫНДЫ 
ҚАМҚОРЛЫҒЫҢЫЗ, ОНЫ ҚАБЫЛДАУЫҢЫЗ ЖӘНЕ 
МЕЙІРІМІҢІЗ АУАДАЙ ҚАЖЕТ.
102
ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛА ТІЛІНІҢ
ДАМУЫНДАҒЫ ОТБАСЫ РӨЛІ 
14


БАЛАҒА СӨЙЛЕП 
ҮЙРЕНУДЕ
ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ 
БОЛАДЫ
15
103


Балаға жаңа затты көрсеткенде оның атауын нақты және 
қысқаша етіп айту керек, бала атауын қайталап бере 
алмаса да, есінде сақтап қалады. Бұл кезеңнен өтпесе, 
баланың мағыналы тілінің дамуы кешеуілдейді.
Осылайша, бала өмірінің алғашқы жылы тілді меңгеру-
дің дайындық кезеңі болып табылады: тілді түсіну дами-
ды, жыл аяғына қарай бөбек қарапайым дауысты және 
дауыссыз дыбыстарды, сөз тіркестерін, сөздерді айта 
бастайды. Кейбір балалар 8-9 айлығында, ал кейбірі бір 
жасқа толғанда, ал тағы бірі одан да кешірек сөйлей 
бастайды.
Б
ала тілі іштен жетіліп туылмайды, сондықтан, дүние 
есігін ашқан алғашқы күннен бастап, ол адам тілін естіп 
өсуі тиіс. Жөргекке орағанда және тамақтандырғанда, 
тазалық шараларын жасағанда баламен жұмсақ сөйлесу 
керек. Бала өзіне айтылған сөздерді түсінбесе де, әрі 
жақын арада мағыналы сөздермен жауап бермесе де, ол 
тіл түсінуді ерте бастап кетеді.
Алғашқы дыбыстарды бала 2 айлығында айтады: ересек 
адамның сөзіне жауап ретінде алдымен түсініксіз, 
күлкімен және аяқ-қолды шапшаң сермеумен сүй-
мелденген дыбыстар. 3 айлығында бала ояу жатқанда 
ұзыннан-ұзақ гу-гулеп жататын болады. Бірте-бірте 
гу-гулеген дыбыс сазды сипатқа ие бола бастайды, 
ал 4 айға таяғанда көмейлік дыбыстар қосылады. 6-7 
айлығында сәби «ба», «ма» деп, сөздердің алғашқы 
буындарын айта бастайды, тағы бір айдан соң, оларды 
бірнеше реттен қайталай бастайды: «ба-ба-ба», «ма-
ма-ма» және т.с.с. Бұл әлі сөздер емес, бірақ олардың 
дайындамалары. 9 айлығында бала естіген буындарға 
ұқсатып дыбыс шығаратын болады. Бұл жаста ол барын-
ша сөзшең, жекелеген дыбыстармен және буындармен 
өзінше ойнаған болады, кейде оларға эмоционалдық 
реңк береді. 10 айлығында сәби ересектердің артынан 
жекелеген буындарды қайталайды. Бұл уақытта баламен 
сөйлескенде ата-анасы баяу сөйлеп, бір және екі буын-
ды сөздерді жиі қайталауы қажет.
104
БАЛАҒА СӨЙЛЕП ҮЙРЕНУДЕ
ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ
15


Оған қоса, жекелеген сөздер әзірше анық айтылмайды, әлі 
көптеген дыбыстар жоқ. Кейбір балалар «р» және ысылдаған 
дыбыстардан басқа ана тіліндегі дыбыстардың басым көпшілі-
гін дұрыс айта алады. 3 жастан асқанда балалар ойыншықтар-
ды, жиһазды, киім-кешекті, ыдыс-аяқты, азық-түлікті, олардың 
бірқатар қасиеттерін бір-бірінен ажырата алады және атын 
айта алады, сонымен қатар, заттарды пішіні, түсі, көлемі 
бойынша іріктеп, топтастыра алады; бала түріне, дәміне, түсіне 
қарап, кейбір көкөністерді және жемістерді тани алады және 
бір-бірінен ажырата алады; жан-жануарларды, олардың дене 
мүшелерін ажырата алады және атап бере алады.
3 жастан кейін баланың сөздік қоры келесілерден тұрады: зат 
есімдер, көлік құралдарының (көлік, автобус), көлік бөлшек-
терінің (кабина, басқару тұтқасы, дөңгелек), өсімдіктердің (ағаш, 
шөп, гүлдер), жемістердің (алма, алмұрт), көкөністердің (сәбіз, 
қызанақ, қияр), үй жануарларының (ит, мысық, тауық) және 
олардың төлдерінің атауын білдіреді; етістіктер, әрекеттерді 
және өзара қарым-қатынастарды (жуу, кір жуу, емдеу, беру, 
көмектесу, аяу және т.б.) білдіреді; сын есімдер, көлемін, түсін, 
дәмін (үлкен, қысқа, қызыл, көк, тәтті, 
қышқыл) білдіреді; үстеулер (жақын, 
алыс, төмен, жоғары, тез, баяу, 
қараңғы).
Бір жарым жасқа дейін балалар тілінде сөйлемдер болмай-
ды. Олардың орнына бала сөз-сөйлемді қолданады. Мысалы, 
баласы анасынан ойыншық көлігін сұрағанда: «Би-би» дейді. 
Мұндай сөз-сөйлемдер жағдайға қарай әртүрлі мәнге ие болуы 
мүмкін.
Баланың сөздік қоры әлі де болса шағын – шамамен 10-30 сөз. 
Көбінесе, әдеттегі сөздердің орнына ол оңайлатылғандарын 
қолданады (тамақ ішудің орнына - «нәм-нәм»). 
Екі жасқа толғаннан кейінгі екінші жарты жылдықта бала енді 
3-4 сөзден тұратын сөйлемдермен сөйлейді.
Бала сөйлемдермен сөйлейді, бірақ мұндай сөйлемдердегі 
сөздер арасында грамматикалық байланыс жоқ: ол жалғаулар-
ды дұрыс пайдаланбайды, зат есімді, етістіктерді және басқа да 
сөз таптарын қолданғанда қателер жібереді.
БҰЛ КЕЗЕҢДЕГІ ЕҢ БАСТЫСЫ – АТА-АНА «БАЛА» ТІЛІНЕ 
КӨШПЕЙ, БАЛАМЕН СӨЙЛЕСКЕНДЕ «ДҰРЫС» СӨЗДЕР 
ҚОЛДАНУЫ ҚАЖЕТ.
105
БАЛАҒА СӨЙЛЕП ҮЙРЕНУДЕ
ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСУГЕ БОЛАДЫ
15


жүктеу 6,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау