4. Ұйықтар алдында белсенділікті азайту, тыныш
және байсалды істермен айналысу.
5. Күнделікті, соның ішінде, демалыс күндері, бір
уақытта оянатындай етіп ұйқы тәртібін орнату.
6. Күндізгі ұйқыны орнымен пайдалану. Ұзақ
ұйықтау балалар үшін міндетті шарт емес. 8 айдан
кейін балалардың көпшілігі күндізгі ұйқыны
мүлдем қажет етпейді. 3 ай және одан жоғары
баланың бір тәуліктік ұйқысы орташа есеппен 14
сағатты құрайды. Осы уақыттың негізгі бөлігі түнгі
уақытта сай келгені жөн. Егер бала күндіз ұзақ
ұйықтаса, түнгі ұйқысы қысқарып, ауық-ауық ояна
беретін болады.
12
6
9
3
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің!
Бармақтары майысып,
Ою-өрнек ойысып,
Ұста болар ма екенсің!
Таңдайларың тақылдап,
Шешен болар ма екенсің!
Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Қызмет қылар ма екенсің?!
Қолымыздан іс алып,
Бақытымызға жан балам,
Бізді бағар ма екенсің?!”
61
БАЛАЛАРДЫҢ_ҰЙҚЫСЫНЫҢ_БҰЗЫЛУЫ'>БАЛАЛАРДЫҢ
ҰЙҚЫСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
8
7. Түнде оянбауына жағдай жасау. Балалардың
көпшілігі 6 айдан кейін түні бойы ұйықтайды. Алты
айдан асқан соң, түнде емізуді, емізік беруді, су
ішкізуді қою керек. Тіпті ұйқыдағы бала бір-екі
реттен соң, қалыпты мінез-құлық ережелеріне
дағдылануға қабілетті. Егер оянып кеткенде анасы
баласын қолына немесе төсегіне алса, онда бала-
ның кейін түні бойы ұйықтауы екіталай.
8. Бала оянып кеткенде түнде оның төсегіне барып,
қолға алмаған абзал. Есіңізде болсын, балақайды
алыстан, жұмсақ дауыспен, бесік жырымен «тер-
бетіп ұйықтатуға» болады.
9. Баланы төсекке жатқызарда мейлінше жайлы
жағдай жасалуы тиіс, шу мен дыбыс деңгейі
барынша аз, температура қалыпты болғаны жөн.
Баланың қосылып тұрған теледидар, радион және
т.б. жанында ұйықтауына болмайды.
62
БАЛАЛАРДЫҢ
ҰЙҚЫСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
8
НӘРЕСТЕЛЕР
ӘЛЕМ ТАНУДА
ҚАНДАЙ
ТӘСІЛДЕРДІ
ПАЙДАЛАНАДЫ?
9
63
тыңдармандар (аудиалдар) – бұл әлем тануда есту қа-
білетіне көбірек жүгінетін, дауыстарға және дыбыстарға,
әуенге және әнге сезімтал балалар. Мұндай балақай
құрдастарынан ертерек сөйлей бастайды, көбірек
сөздер үйренеді, бірақ, моторикасы кейінірек дамуы
мүмкін.
іскерлер (кинестетиктер) – бұл ақпаратты түйсіну,
иіс сезу және қимыл-қозғалыс арқылы қабылдайтын
балалар. Іскер-бөбек қарқынды қимыл-қозғалысты
талап ететін ойындар ойнағанды жақсы көреді. Оларға
тіл игеру қандай да бір қимыл дағдысын үйренуден де
қиынырақ соғады.
Әлем тануда бірнеше тәсілді үйлестіре пайдаланатын
бөбектер де көптеп кездеседі, яғни, қандай да бір тәсіл-
дің басым түсуі әлем танудағы бас тәсіл болып санала-
ды. Оны анықтап алған соң, бөбекпен қарым-қатынаста
туа біткен дағдыларын жетілдіру,
сонымен бірге, баланың уақытылы
жетілуі үшін жетіспей тұрған өзге
тәсілдердің ерекшеліктеріне дағ-
дыландырған жөн.
Н
әрестесінің дамуы барысында көп аналардың үрейі
қашып, кейбір көрсеткіштер бойынша бөбегі басқалар-
дан кейін қалды, ал басқа көрсеткіштер бойынша басып
озды деп санайды. Бала неге былдырламайды екен, неге
еңбектемейді екен, неге өлең тыңдағанды ұнатпайды
екен…
Балалар неге бір-біріне ұқсамайды, әрқайсысы өз алды-
на бір бөлек тұлға? Оклахомадағы балалар орталығы-
ның кеңесшісі Лорен Брэдвейдің пікірінше, әр баланың
әлемді тану тәсілдері әртүрлі болып келеді. Барлығы
адамның ақпаратты қабылдау және өңдеу үшін жауапты
жетекші арнасы қандай екеніне байланысты.
Айналадағы әлемді тануға талпынатын кішкентай ба-
лақайларды үш түрге бөлуге болады:
көрермендер (визуалдар) – бұл әлем тануда көру сезім-
деріне көбірек сенетін балалар. Оларды заттың немесе
ойыншықтың қолданыс мақсатынан бұрын түсі, өлшемі,
пішіні қызықтырады. Ондай балаларға мәтін тыңдаған-
нан гөрі, сол мәтінге арнап салынған суреттерді қараған
қызықтырақ. Оларға текшелермен ойнаған және көз бен
қол үйлестігі қажет кез-келген тапсырманы орындаған
ұнайды. Мұндай балалардың тіл дамуы кешеуілдеуі
мүмкін, қарым-қатынаста қиындықтарға тап болуы
ықтимал.
64
НӘРЕСТЕЛЕР ӘЛЕМ ТАНУДА ҚАНДАЙ
ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНАДЫ?
9
БӨБЕКТІҢ ТЫҢДАРМАНДЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛАЙ ДАМЫТУҒА
БОЛАДЫ?
баламен оған ұнайтын тақырыптар туралы қарапайым
сөздермен әңгімелесіңіз (мысалы, «би-би»…);
көріп тұрған жануардың дауысын салып көріңіз;
бәсең әуен қосыңыз, ән салыңыз, бала көңілін тек әнмен
ғана емес, әртүрлі күлкілі ым-ишаратпен, сөздермен
аулаңыз;
балаға дыбыс шығаратын ойыншық алып беріңіз, кейін
сондай ойыншықпен ойнағанда сол дыбыс ойнап тұруы
қажет.
БӨБЕКТІҢ ІСКЕРЛІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛАЙ ДАМЫТУҒА БОЛА-
ДЫ?
үнемі балаңызды қолға алып тұрыңыз, еркелетіңіз, айма-
лаңыз;
қимыл-қозғалыс белсенділігіне мүмкіндік жасап, барлық
істеріңізге «қатыстырыңыз»;
бөбегіңізге бөлмені «барлап» шығуға рұқсат етіңіз;
құмсалғышта әртүрлі пішінді заттармен, кішкентай ше-
лекпен, күрекпен ойнауға үйретіңіз;
доп ойындарын ойнауға ынталандырыңыз, баланы
допты лақтыруға және домалатуға немесе аяқпен тебуге
үйретіңіз.
БӨБЕКТІҢ КӨРЕРМЕНДІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛАЙ ДАМЫТУҒА
БОЛАДЫ?
бөбекпен қарым-қатынаста және оны тамақтандырғанда
үнемі көз байланысын сақтап отыруды ұмытпаңыз;
бала назарын оның айналасындағыларға аударыңыз,
«қарашы, бұл ...» деп қоса айтуды ұмытпаңыз;
баламен ойнағанда оның қолы қайда, сіздің көзіңіз қайда
және т.с.с. сұрақтар қойыңыз;
баланы терезенің алдына апарып, даладан не көріп тұрға-
ныңызды айтып, қызығушылығын, көруге деген құштар-
лығын оятыңыз;
балақай ойнап отырғанда әлденені жинаса немес бөл-
шектесе, ойынды қайта қайталағысы келетіндей етіп
мақтау айтыңыз;
бөбек еңбектей бастағанда назарын
жолында кезіккен заттарға және
ойыншықтарға аударыңыз;
баламен «ку-ку» ойнын ойнаңыз,
бала сізді тауып алғанда назарын
өз жүзіңізге аударыңыз.
65
НӘРЕСТЕЛЕР ӘЛЕМ ТАНУДА ҚАНДАЙ
ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНАДЫ?
9
Достарыңызбен бөлісу: |