Бәтіш Әбдірашқызы Омарова



жүктеу 90,95 Kb.
Дата29.05.2018
өлшемі90,95 Kb.
#18339

Бәтіш Әбдірашқызы Омарова

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы
ХАЛЫҚ ПЕН ДІННІҢ ТҰТАСТЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ БЕРІКТІГІ


«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы біздің қоғам үш­ін маңызы орасан зор. Ол азаматтық қоғамды қалыптастыруды ілгері жылжытуда айтарлықтай ықпал ете алады. Сондықтан қандай да бір зайырлы мемлекет дінге қатысты өзінің ұлттық заңнамасын түпкілікті айқындап алуға міндетті. 1992 жылы тәуелсіздік ал­ған­нан кейінгі аз уақыттың ішінде осындай заңның қабылдану себебі де сол. Өйткені, ол өз саласында қоғамды түрлі қыспақтардан қор­ғауға әсер етті. Демек, ол дер кезінде қа­был­данған құжат бо­лып шықты. Бі­рақ уақыт өзге­р­мей, алдыға жаңа талаптар қой­май тұра алмайды. Бұл – өмір заңы. Сондықтан осыдан 19 жыл бұрын қабылданған құжатты қайта қа­­­рап, толықтыру бұл табиғи нәрсе. Қазір еліміздегі заңнамалық ба­за­мыз 350-дің үстіндегі ұлттық заң­дардан тұрады. Соның көбін жетілдіріп, қандай да болсын өрке­ни­етті мем­лекеттің заңнамалық нор­ма­ларына жақындатуда. Осы­лар­дың ішінде Дін туралы заңды да жетілдіретін кез жеткен. Бірақ ол түрлі себептермен кешеуілдеп қал­ды. Соны пайдаланған түрлі, дәс­түр­лі емес діндердің ағымдары, олар­дың ішінде қоғам дамуына, ұлт­тық қауіпсіздігімізге, адамдар­дың денсаулығына кері әсер ететін секталар елімізде көбейіп, көңіл алаңдатарлық жағдайға жеткен сияқты. ті деп айтуға болады. 1992 жылы мәселен, бізде барлығы 300-ге жуық діни бірлестіктер болса, бүгінгі күні олар­дың саны 4551 болған. Солардың кейбірі қолданыстағы заңның әлсіз тұсын пайдаланып, елдің ішінде іріткі салуға әрекет ете бастады. Әсі­ресе, тіркелу мәселесінің бар­ын­ша солқылдақтығы, сырттан келетін миссионерлерге шектеулердің бол­мауы, олардың әкеліп, таратып жат­қан діни әдебиеттерінің мазмұнына ешкімнің назар аудармауы, міне, осы­­­ның бәрі діни бағыттағы ахуал­дың барынша күрделенуіне жол бер­ді. Тіпті, дін істерімен айналысатын өкі­летті органның да түрлі министрліктерге беріліп келуі бұл істерді реттеуде тұрақты мүмкіншілік ту­дыр­­мады. Осылардың бәрі, сайып кел­генде, жоғарыда айтқан кемшіліктерді туғызды. Тіпті түрлі ағым­дар­ға ерудің әсерінен бір ауылдағы екі көшенің, бір отбасындағы ері мен әйелінің, ата-анасы мен бала­сы­ның арасы ашылып, кикілжіңге ба­руына жол берілді. Міне, осының бәрі қажетті заңның кешеуілдеп қал­­ғандығының салдары еді /1/.

Халықсыз билік болмайды, ал – дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар. Қазақстан президенті Н.Назарбаев қазанның 13-і күні «Діни қызмет және діни ұйымдар туралы» заңға қол қойды.

Заңнан қоғамның күтіп отырған басты-басты мә­се­лелері бар екені анық. Олар: біз­дің қалыптасқан діни наным-се­німімізге, ата-бабадан қалып­тас­қан дәстүрімізге, отбасылық ын­ты­мағымызға кедергі келтіріп, түрлі жолдарға итермелейтін зи­ян­­ды діни ағымдарға тыйым сала ма деген үміт.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, сондай-ақ АҚШ бұл заң азаматтардың діни құқығын бұзатынын және Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сай келмейтінін мәлімдеп, сын айтқан еді.

Қазақстан Республикасы Ата Заңында көрсетілгендей зайырлы мемлекет болғандықтан, тәуелсіздіктен кейінгі жылдары мемлекет органдарының діни ұйымдардың жұмыстарына бақылау функциясынан тыс тікелей араласпағаны белгілі. АҚШ мемлекет басқармасының «Демократия, адам құқықтары және еңбек бюросы» жариялаған «Қазақстан – халықаралық діни бостандық есебі» (2002 ж.) де осыны растайды.

2004, 2005, 2007 жылдары «Діни  сенім бостандығы және бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына толықтырулар енгізілді. Депутат ретінде бір байқағаным, діндер мәселесінде Қазақстан, басқа да тәуелсіздік алған жас мемлекеттердің заңнамасы мен еуропалық стандарттардың үйлесе бермейтіндігі. Қазақтар сияқты отарланған ұлттар үшін  дәстүрлі құндылықтарды,  ұлт мәдениетін, дәстүрлі дінін қолдау өте маңызды. Еуропа мемлекеттерінің де бүгін христиандық құндылықтарға зор мән беретіндігін айттық. Ал Қазақстанға келгенде еуропалықтар, әсіресе Еуропадағы қауіпсіздік  және ынтымақтастық ұйымының өкілдері, оларды қолдайтын елдегі кейбір заңгерлер діндердің  хұқы бірдей деген желеумен елдің қалауымен  есептеспей, дәстүрлі діндерді емес, еуропалықтардың  қолдайтын, болмаса тіпті Еуропадан қуылған діни ағымдарды Қазақстанға тықпалайды. Біздің қоғам бүгін бұған ерекше алаңдауда /2/.

Елімізде негізінен басты екі дін бар десек болады. Олар – ислам және христиандық. Ислам дінін ұстанушылар халық санының шамамен 67-70 пайызын құрайтын 24 этникалық топ. Республика халқының 58 пайызы қазақтар және оларға қоса ойғыр, татар, өзбек, түрік, курд, дүнген, шешен, әзірбайжан, башқұрт, ингуш, балкар қатарлы бауырлас халықтар түгелдей ислам дінін және оның ішіндегі сүнни (суннит) жолын ұстанады. Тек, әзірбайжан және курд халықтарының бір бөлігі мен шағын ирандық топ ғана шиға (шиит) жолын ұстанады. Бүгінге дейін көп білінбейтін шиғалар, әсіресе, IV Кәрім Ага Ханның (1936) елімізге жасаған сапарлары және «Халықаралық тау университетінің» Қазақстан бөлімшесінің ашылуы арқасында соңғы жылдары елімізде үгіт-насихаттарын күшейте түсуде. 2004 жылдың басындағы деректерге қарағанда елімізде 1648 мұсылман діни бірлестігі уә 1534 мешіт жұмыс істейді. Осы арада ислам дінінің Қазақстанның негізгі діні екенін және халқымыздың тарихында үйлестіруші, ұйымдастырушы һәм біріктіруші күш ретінде ең маңызды орын алғанын атап айтуымыз керек.../3/

Заң қабылданып болған соң да, көпшілік арасында Заңның 3-ші бабы туралы пікірталастар болды. Онда мемлекет және діни рәсімдерді ат­қа­ру мәселелері қарастырылған. Со­ның ішінде Қазақстан Республи­ка­сында ресми түрде тіркелген діни ұйымдар өздерінің мінәжат орын­да­р­ын, ғибадатханаларын салуға, өз­де­ріне қажетті әдеби құралдарын пайдалануға мүмкіндіктері бар деп, ал оған мемлекет тарапынан немесе басқа да заңды тұлғалар немесе адам­дар тарапынан кедергі келтіруге жол берілмейтіндігі айтылған. Ал екінші тармақшасында діни бірлестіктер мен Қазақстан Республикасы азаматтары, шетелдік азаматтығы бар және азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауапты деп жа­зыл­ған. Бұл біздің Конституциямыздың талабына сәйкес келетін норма. Осы нормалар сұрақтар тудырып, кейбір депутаттар мемлекет діни мінәжат орындарын салуға араласуы керек деген секілді ойлар айтты. Бірақ Ата Заң талабына қайшы келетіндіктен ондай пікірлер қабылданбады.

Сонымен бірге 7-баптың норма­ла­рына байланысты да көптеген сұрақтар туындады. Онда қандай жерлерде құлшылық етуге тыйым салынбайтыны жазылған. Діни жоралар мен рәсімдер ғибадат үйлерінде және оған бөлінген ау­мақта, құлшылық ету орындарында, діни бірлестіктер мекемелерінде, зираттарда, жақын тұратын адам­дар­дың құқықтарына кедергі жасамай­тын болса тұрғын үйлерде, асханалар мен мейрамханаларда, қонақүй­лер­д­е жасалынады делінген. Сон­дай-ақ ауруханаларда, мүгедектер үйі мен қарттар үйінде, түрмелерде және түрмеге дейінгі оқшаула­ғыш­тарда отырған адамдар қажет десе ресми тіркелген діни бірлестік өкіл­дерін шақыруға құқы бар. Ал мемлекеттік мекемелерде, құқық және сот орындарында, әскери құрылы­м дарда, адамның денсаулығын қорғау мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен айналысатын органдарда, зайырлы оқу орындарында құдайға құлшылық ету, миссионерлік қыз­мет­терді атқару, діни жораларды жа­сауға тыйым салынады делінген.

Ал «Тренды и прогнозы» ЖШС сарапшысы Тимур Козырев, бұл заңның жақсы жақтары өте көп деп ойлайды. Санамалап айтсақ, бұл заң мемлекетке әрекет бостандығын беріп отыр. Қазіргі заңда «бір діннің немесе бір діни ұйымның өзге діндерден артықшылығы болмайды» деп көрсетілген. Жаңа жобада бұл жұмсағырақ айтылған. Қазіргі заңда «мемлекет діни ұйымдарды қаржыландырмайды» делінген. Жаңа заң жобасында мұны алып тастаған. Бұл – дұрыс нәрсе. Мемлекеттің байлаулы қолын шешіп беріп отыр. Ең бастысы – түрлі секталардың, әсіресе экстремистік ұйымдардың әрекетіне шектеу қою керек. Бұл – өте маңызды жайт. Жалпы алғанда, жаңа заң жобасы бұрынғысына қарағанда, әбден екшеліп, таразыға салынып, жақсы жасалған. Дінтанушылық сараптама туралы бөлек бабы бар. Құзыретті органдар туралы егжей-тегжейлі жазылған.



«Аспект М»  әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер орталығының президенті, Мұхит Асанбаев, - бұл заң еліміздегі дін бостандығын аясын едәуір тарылтады. Оның экстремизмге, терроризмге тікелей қатысы жоқ. Бірақ қарапайым мұсылмандардың тіршілігінде көп қиындықтар тудырады. Заң қабылданса, намаз оқитын адамдар мемлекеттік органдарда жұмыс істемейтін болар, сірә. Өйткені, бұл салада өзін-өзі көрсете алмайды. Құқықтары шектеулі. Мұсылманның атрибутикасына – намаз оқуға, тақия, мәсі киюге де тыйым салынады. Психикалық тұрғыдан олар қолайсыздық сезініп, дін ұстанатынын жасыра бастайды. «Астыртын» әрекетке көшеді. Барлық зиянды әрекеттер осы «астыртын» дүниелерден шығады. Сондықтан, мен бұл жерде оңтайлы өзгерістерді көріп отырған жоқпын. Керісінше, бұл қоғамда антагонизмді тудырады.

Қоғамда мұсылмандыққа қарсы айтылған алып-қашпа әңгімелер орыстілді БАҚ арқылы көп тарады. Дінге қатысы жоқ, сарапшылар исламға қарсы үгіт-насихат жүргізді. Осының кесірінен жағымсыз қоғамдық пікір қалыптасты.  Бұл заңның шығуына Ақтөбеде болған оқиға ғана емес, осы жайт та түрткі болды. Шынтуайтына келгенде, Қазақстанда исламизация атымен жоқ. Оның мәнін түсінбейді біздегілер. Исламизация дегеніміз – рамазан айында барлық мейрамханалар мен асханалар жабылуы, исламдық бағыттағы саяси партиялардың заңды түрде жұмыс істеуі, тек қана халал индустрия таралып, шошқаның еті сатылмауы, сабақта мектептен бастап жоғары оқу орындарында исламға қатысты пән оқытылып, емтихан тапсыруы, кейбір араб елдердегідей конституция­да шариғат туралы бабтардың болуы, тағысын тағылар. Елімізде мұсылмандарға қатыссыз секталар көп. Жалған христиандық, аккульті-мистикалық секталар, сатанистер бар. Неге осыларға қарсы күреспейміз? Иегова куәгерлері Батыстың бірқатар елдерінде секта ретінде қабылданған. Алайда ханафи мәзхабын неге тыямыз? Пәлсапашы, қасиетті дәрежеге көтерілген ақсақалдарды қазақ сопы дейтін. Қазіргі суфистік ағымдар басқа. Уахабшылар мен салафиттердің жөні бөлек. Оларда басқа мәзхаб ұстанады. Ханбали мәзхабы кейбір елдерде бар. Намаз оқығанда бізден өзгерек оқиды, Құранды басқаша тәпсірлейді... – дейді.

Негізі «Ешбір дін мемлекеттік және міндетті дін ретінде белгіленбеуі тиіс, сонымен бірге, заңның преамбуласында Қазақстан халқының мәдениетінің дамуы мен рухани өмірінде ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың тарихи рөлін танитынын, халықтың рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтіні атап айтылған/4/.

Ал миссионерлік жұмыспен Қазақстан азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар айналыса алады. Бұл – Ата Заңымыздың нормасына сәй­кес келеді. Мұнда көпкон­фес­сиялы мемлекет болғандықтан еш­кім­нің діни сеніміне шек қойылмайды. Ал жаңа заң жоба­сы бойынша миссионердің әре­кет ете­­­тін аймағы, сондай-ақ қандай уа­ғыз айтып жүргені жөнінде оның өзі­не ғана емес, тіркелген діни бірлестігіне де жауапкершілік жүкте­леді. Заң жобасындағы жаңадан енгізілген та­лаптардың тағы бірі – миссионер жыл сайын өзінің әрекеті туралы Дін істері жөніндегі агент­тіктің ай­мақ­тағы мамандарына есеп беріп оты­рады.

Соңғы жылдары Қазақстанда да «Деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы»  құрылды. Оның деректері бойынша Қазақстанда мыңнан астам «деструктивтік», былайша айтқанда елге іріткі салатын секталар бар. Осы секталардан жапа шеккендерге Ассоциацияға біріккен 18 орталықтан көмек көрсетіледі /5/. Секта әрекетіне тап болған адамдар отбасының қайғысына айналып, олар көмекке мұқтаж болып отыр. Сондықтан қазіргі заң зиянды ағымдардың жұ­мы­сына өркениетті жолмен тосқауыл қоя алатын тетік енгізе алды. Ол – діни бірлестіктер мен миссионерлердің қайта тіркелуін талап етіп, реттейтін норманың енгізілуі. Жалпы заңда діни бірлестіктер 3 санатқа бөлінеді – жергілікті, аймақтық және республикалық. Жергілікті жә­не аймақтық діни бірлестіктер об­лыстардағы әділет департаменті бас­қармасында, ал республикалық деңгейдегі бірлестіктер Әділет министрлігінде тіркеуден өтеді. Заң жобасында тіркеуден өту үшін діни бірлестікте қанша мүше болуы керектігі айқындалып және олардың бәрі кәмелет жасына толған Қазақ­стан азаматы болуы керек деген шарт енгізілген. Екіншіден, тіркелу үшін діни бірлестіктің жарғысы, тір­келуді күн тәртібіне қойып өт­кізген жиналыстарының хаттамасы, діни бірлестікке енуге ынта білдірген адамның сол жиналысқа тікелей өзінің қатысқандығы, үшіншіден ынталы болған адамдардың толық тізімі тапсы­рылады. Жарғының өзіне қандай талаптар қойылатындығы жөнінде заң жобасында арнайы бап бар. Онда міндетті түрде Қазақстан азамат­та­рының барлық құқықтарын, соның ішінде демалу құқығын бұзып мезгілсіз уақытта діни уағыз айтып мазаламауын талап еткен және тағы басқа нормалар қарастырылған. Со­нымен бірге олардың алдағы жүргі­зе­тін жұмыстарына қандай әдеби және басқа құралдарды пайдалана­тыны жөнінде мәлімет беріледі, ал бұлар тіркелу барысында мамандар­дың қатысуымен діни сараптамадан өтіп, зиянды немесе зиянды емес сипаттары анықталады /6/.

Жалпы, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңда мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінгені туралы конституциялық норма нақты жазылған. Бір де бір дін мемлекеттік немесе міндетті деп белгіленбейді. Осылайша, мемлекеттің зайырлылығы атап көрсетілгені қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігуіне жол бермейді.


...............................

  1. Рамазан Сәрпеков. Жұма, 23 Қыркүйек, 2011 Дін және заң.

  2. Мемлекет және дін. 22 Қыркүйек 2011 Амангелді Айталы. Ақтөбе газеті.

  3. Мұртаза Бұлұтай. Қазақстандағы дін және мемлекет қатынастары, «Дала мен Қала» газеті, №5, 04.02.2005 ж.

  4. Лама Шариф. 18 қазан «Дін туралы заң діни ұйымдардың құқығын бұзбайды» «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі.

  5. «Дін және құқық», Алматы,  2010, 42 бет.

  6. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы. 11-қазан 2011 ж.

жүктеу 90,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау