ТЫҢДАРМАН
Өте ерте былдырлай бастады, әрі жиі осылай етеді.
Алғашқы сөзін айтып та үлгерді.
Нұсқауларға оңай ереді.
Ересектер айтқан сөздерді қайталауға тырысады.
Дыбыстарды әртүрлі ырғақпен шығарады.
ІСКЕР
Сөзді емес, көбінесе ым-ишаратты пай-
даланады.
Күйгелек.
«Жоқ» деп жауап беру керек
болғанда басын шайқайды.
Заттарды, ойыншықтарды албырт
екпінмен қармайды.
Өте сирек былдырлайды.
Ата-ана баласының әлем тану тәсілін қандай белгілер арқылы
анықтай алады? Ол үшін ата-анасы баласының бойынан бай-
қаған ерекшеліктерін блиц-тестпен салыстырып, қорытынды
жасай алады.
«1 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚА-
БІЛЕТТЕРІН АНЫҚТАУ» БЛИЦ-ТЕСТІ
(Л. Брэдвей және Б. Алберс Хил әдісі бойынша)
1. Тілдесу… менің балам ойын жеткізгісі келгенде…
КӨРЕРМЕН
Қалаған затын көрсетеді.
Сөзбен емес, ым-ишаратпен әрекет етеді.
Өте тыныш ойнайды.
Ол айналасындағыға қатысқанды емес, бақылағанды
ұнатады.
Ол ешқашан былдырлаған емес. Тек бір жас шамасында
ғана былдырлай бастады.
66
НӘРЕСТЕЛЕР ӘЛЕМ ТАНУДА ҚАНДАЙ
ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНАДЫ?
9
ТЫҢДАРМАН
Балаға сылдырмақ және басқа да шуыл шығаратын ойын-
дар ұнайды.
Өлең, ән, қуыршақ қойылымдарын сүйсіне
тамашалайды.
Әңгіме-дүкенге құлақ түреді.
Ойыншықтарымен ойнап отырғанда
былдырлап сөйлейді.
ІСКЕР
Өзін жоғары қарай лақтырып,
қытықтағанды ұнатады.
Тербеткенді, қолға ұстағанды
жақсы көреді.
Жиі төсегін ұрғыштайды.
Бесік арбамен жүргенді, велоси-
педке отырғызып қыдыртқанды
жаны сүйеді.
ТЫҢДАРМАН
Отыруды кеш үйренді, бірақ көп былдырлады.
Қимыл-қозғалыс жасағаннан гөрі дыбыстар шығарғанды
көбірек ұнатады.
Шулы ойындарды қалайды.
Ойыншықтарды көбінесе дыбыс шығару үшін пайдалана-
ды.
ІСКЕР
6 ай болмай жатып, өз бетінше отыруды үйренді.
8 айға таяғанда еңбектей бастады, бір жас шамасында
жүре бастады.
Өте белсенді.
10 айлығында ойыншықтарды домалатып ойнауды ұнатты.
2. Баламның сүйікті ойыншықтары мен ермектері…
КӨРЕРМЕН
Ол аспалы ойыншықтарды, түстерді, қимыл-қозғалысты
ұнатады.
Ол барлығын байқап отырады.
Оған белсенді ойындар ұнайды.
Суреттері бар кітаптарды жақсы көреді.
3. Баламның қимыл-қозғалысындағы моторика…
КӨРЕРМЕН
Ойын барысында өз қолдарының қимыл-қозғалысын бақы-
лағанды ұнатады.
5 ай толмай жатып, заттарға қол соза бастады.
Кішкентай заттарды қолмен зерттегенді ұнатады.
Ұсақ заттарды, кез-келген пирамидаларды қуана-қуана
жинайды.
67
НӘРЕСТЕЛЕР ӘЛЕМ ТАНУДА ҚАНДАЙ
ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНАДЫ?
9
ТЫҢДАРМАН
Таныс дауысты естіп, тынышталады.
Әуен дыбысын естіп, тынышталады.
Ксилофон немесе балалар пианиносын ұсынса, көңілі
ауланады.
ІСКЕР
Аздап көтерсе, тынышталады.
Қолға алып, тербетсе, ты-
нышталады.
Уқалаумен немесе көлікпен
алып жүру арқылы көңілін
оңай аулауға болады.
4. Еркелікке салынып, қырсыққанда баламды тыныштандыра-
тын тәсіл…
КӨРЕРМЕН
Таныс адамдың жүзін көргенде тынышталады.
Таныс ойыншығын көргенде тынышталады.
Назарын басқаға бұрып, көңілін аулау өте оңай.
Көрермен, тыңдарман және іскер баланың ерекшеліктерінің си-
паттамаларымен танысып шығып, өз бөбегіңіздің мінез-құлқы-
ның ерекшеліктеріне тән мінездемелерді іріктеп алыңыз. Әр
төрт көрсеткіш бойынша нәтижесін есептеңіз. Балаңыз қай
түрге жататынын анықтаңыз. Әртүрлі түрлерге тән көрсеткіштер
табылса, таң қалмаңыз! Бала бойында осындай бірнеше түрлер
көбірек үйлескен сайын, бала соғұрлым уақытылы және бірқа-
лыпты дамитын болады. Балаңызбен бірлесіп жұмыс жасауда
сәттілік тілейміз!
68
НӘРЕСТЕЛЕР ӘЛЕМ ТАНУДА ҚАНДАЙ
ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНАДЫ?
9
БАЛАҢЫЗДЫҢ
ТІЛІНІҢ ДАМУЫ
10
69
i
Қашан көмек іздеу керек?
1. Бала сіздің дауысыңызға және басқа дыбыстарға мән
бермейді;
2. Бала ояу кезінде күлімсіремейді және ешбір дыбыс шығар-
майды;
3. Жағымсыз сезімдер туса, айғайламайды.
Б
алалар бірдей емес, әрі барлығы сөйлеуді және айна-
ласындағылардың сөйлегеніне назар аударуды әртүрлі
тәсілдермен және әртүрлі қарқынмен үйренеді. Әр бала
бірегей! Есіңізде болсын, бала дамуы кезең-кезеңмен
және белгілі бір тәртіппен жүзеге асады. Егер қандай
да бір даму кезеңі қалыс қалса, ол келесісіне әсерін
тигізеді. Бақытымызға орай, балаға жіберіп алғанының
«есесін қайтаруға» мүмкіндік беретін жағдайлар әрдайым
болады, бірақ ол үшін хабары бар және сенім ұялататын
ортасы болуы қажет.
Кішкентай балалар (0 айдан 24 айға дейін) сөйлеуді
дауыстар мен дыбыстарды естіп, үйренеді. Қысқа уақыт-
тан кейін олар өздері де сізге не сезетінін немесе нені
қалайтынын білдіру үшін дыбыстар шығара бастайды.
Даму қарқыны әртүрлі болады. Кейбірі бір әрекетті өте
ерте жаста жасаса, екіншісіне оны жасау үшін көп уақыт
кетеді.
ЕҢ КІШКЕНЕ БАЛАЛАР (3 АЙҒА ДЕЙІН):
дауыстайды (гу-гулейді);
жаңа дыбыстар шыққан жаққа қарай бұрылады;
қатты шудан селк етеді;
жылы сөйлесеңіз тынышталады;
сізге қарап күлімсірейді;
жағымсыз сезімдерге тап болса, айғайлайды.
6 АЙЛЫҒЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ КӨПШІЛІГІ:
сіз сөйлеп жатқанда бет-жүзіңізді бақылап отыра-
ды;
жылауы эмоционалдық сипатқа ие;
дыбыстарды назар аударту үшін шығарады;
сіз сөйлегенде жауапты дыбыстар арқылы береді;
сізге және басқа отбасы мүшелеріне қарап күлім-
сірейді.
70
БАЛАҢЫЗДЫҢ
ТІЛІНІҢ ДАМУЫ
10
Достарыңызбен бөлісу: |