«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf просмотр
бет29/33
Дата20.11.2018
өлшемі1 Mb.
#21907
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

115
жаңа  қырынан  көрсету,  ақын  өмірінің    бізге  беймәлім 
тұстарына  зерттеу жүргізу.
Мұқағалидың  туған  ауылының  тыныс-тіршілігін  айту, 
өлеңдерін  талдау,  ақынның  өмірінен  естеліктер  жинау.          
Кейбір    шығармаларында  кездесетін  кейіпкелердің 
прототиптерін анықтау.
Курстың міндеті.
Оқушыларды    азаматтық  құндылықтарды  білуге, 
адамгершілікке, 
ізденімпаздыққа, 
тіл 
шеберлігін 
қалыптастыруға,  өз  ойын  толық,  анық  жеткізуге,  сөзіне 
жазылған  әндерді  нақышына  келтіріп  айтуға,  шешендікке 
тәрбиелеуге  бағыталған.  Шешен,    ұлағатты    сөздерді 
оқушының  бойына дарыту.
Оқушыға қойылатын талап:
1.  Мұқағали  Мақатаевтың  өзіне  тән  ерекшеліктерін 
талқылау;
2.  Ақын  шығармаларындағы  этномәдени  мұраларды, 
жер-су аттарының тарихын  білуге  үйрету;
3.  Ана  тілін  сыйлауға,  құрметтеуге  баулу,  бойтұмардай 
сақтау;
4. Сөз саптай білу,  тыңдарманның  ойынан шыға алу;
5.  Белгілі-бір  шығарма  үзіндісіне  пікір,  хабарлама, 
сценарий, эссе, ойтолғау дайындай білу;
6.  Ақынның  шығармаларын  басқа  туындылармен 
салыстыру.
Пайдаланылған  әдебиеттер:  1)  «Қазақ    тілі  мен 
әбебиеті» жұрналы, 2008-2012ж.; 2) Қ.Бітібаева. «Әдебиетті 
оқыту    технологиясы»;  3)  «Өмір  –  өзен».  А.,  2005  ж., 
«Аққудың  қанатына  жазылған  жыр»,  «Шуағым  менің» 
жинағы, «Аманат», «Жүрек арызы» (А., 2008 ж.) жинақтары; 
4)  «Мұқағали  »  кітабы,  2011  ж.;  5)  «Мұқағали  Мақатаев». 
А.,  «Раритет»,  2005  ж.;  6)  Жауынбай  Қараев.  «Деңгейлеп 


116
оқыту»; 7) «Мұқағали » жұрналы, 2007-2008 ж.
Мұқағалидың өмірінен мәлімет беру (1 сағат). Ақынның 
өмірі туралы  жалпы түсінік беру.
Ақынның  туып  өскен  ортасы  (1сағат).  Мұқағали 
Мақатаевтың  өмірі  мен  қызметі  және  шығармашылығы. 
Мұқағалидың  өскен  ортасы,  тың  деректер,  мәлімет. 
Ақынның туған жері – Қарасаз ауылы. Мұқағали  мұражайы 
туралы мәлімет. Атасы Мұқамет, әжесі Тиін туралы толық  
танып білу.
Қарасаз  (1сағат).  Ақынның  туған  жерге  деген 
сүйіспеншілігі  суреттелген.  Өзінің  балалық  шағының  бір 
сәтін жеткізе білген.
Бесік басында (1 сағат). Бесік басында отырған ананың  
балаға деген сағынышы суреттелген.
Отыздан асып барамын (1 сағат). Жастық шақтан өтуі, 
отыздан асқан кезеңді суреттейді.
О, махаббат сен әлі тірі ме едің? (1 сағат). Махаббатсыз 
өмір жоқ екенін сомдағысы келеді.
Есіңе мені алғайсың (1 сағат). Өзінің сүйіспеншілікке 
толы сәттерін еске алуын суреттеп жазады.
Әбділдаға  (1  сағат).  Әбділда  Тәжібаевқа  арнап  жазыл-
ған өлеңдерін оқи аламыз. Әбділда  ақыннан  үлгі  алатынын 
жазған.
Неткен  көктем!  (1  сағат).  Бұл  өлеңі  табиғат  туралы 
жазылған. Пейзажды  керемет келтіре  суреттеген.
Поэзия  (1  сағат).  Поэзияны  алауыртқан  таңдардан, 
таулардан,  күннен,  қуаныштан,  сезімдерден,  сағыныштан 
іздейтіні    көрсетілген.  Оның  ұғымында  ақын  мен  поэзия 
біртұтас бейнеге айналады.
Автограф (1 сағат). Ойлы тебіреністі өлең. Өрен талант 
Махамбетке  табына,  оны  өзіне  үлгі  тұтып,  өз  намысын 
қайрап, ширыға түседі.


117
Мен таулықпын (1 сағат). Ақын өзін тауға теңейді.
Қара өлең (1 сағат). Қазақтың қара өлеңінің құдіретінің 
күшті  екенін,  онда  бір  сыр  барлығын  айтып,  ізденімпаз-
дыққа баулиды.
Шығарма  (2  сағат).  «Өнерің  өрге  жүзсін,  жас  өрен». 
Бүгінгі ғылым мен білім мәселесі негіз екендігі айтылады.
Мен  дағы  өлең  жазбаймын  (1  сағат).  Бұл  өлеңінде 
ақынның  Абай  үніне  үн  қосып,  Абай  өнегесін  үлгі  тұту 
өз  жанының  аңсары,  қалауы  екенін  білдіреді.  Абайдың  
өлеңдерімен салыстырады.
Фаризаға  (1сағат).  Фариза  ақынға  деген  сезімін    
суреттей білген.
Шындық  туралы  (1  сағат).  Ақын  өмір  шындығын  
суреттейді. Жауабы қиын сан сұрақтар ақынды мазалайды, 
ол соларға тынымсыз жауап іздеп, шындықты жырға қосып, 
болашаққа үлкен  сеніммен қарайды.
Өмір,  қызық өмір (2 сағат). Ақын өмірге ғашық, құштар 
болған.  Тіршілікте  өмір  ағымында      кездесетін  келеңсіз 
жайлар,  неше  алуан  пендешілік  күйлер  ақынның  жан 
дүниесін қозғайды. Алайда ешқашан да өмірден түңілмейді, 
қайта  өмірге деген құштарлығы арта түседі.
Қазақстан  (1  сағат).  Қазақ  еліне  сүйсініп  қарайтыны, 
топырағынан жаралғанын айтады, Шолпанға теңейді.
Арыз  жазып  кетейін  (1сағат).  Бұл  өмірге  жыр  жазып 
кететінін айтады, той көрмей-ақ кеткенін жазады.
Сәлемдеме  (1сағат).  Болашаққа  сәлемдеме  жазып  
кеткені суреттеледі.
Әке  (1сағат).  Майданға  кеткен  әкесін  еске  алып, 
сағынышын    суреттейді.  Әкесіне  артына  қалған  ұрпағың 
бар,  ел  мен  жерді    сыйлайтынын  айтады,  оты  ешқашан 


118
сөнбейтінін суреттеп көрсетеді.
Азайып бара жатыр қариялар (1 сағат).  Ақыл айтып 
жүретін  қариялардың    азайып  бара  жатқанын    айтады.  
Қарияларды құрметтеуге шақырады.
Өмір  сүрейік  алмасып  (1сағат).  Ақын  өзін  қайыңға 
балайды. Адамның кейбір кезеңдерін  дәлме-дәл  мысалдар 
арқылы суреттейді.
 «Аққулар ұйықтағанда » поэмасы (2 сағат).  Ананың  
балаға  деген  құштарлығы  баяндалады.  Оқушыларды 
ізгілікке,  адамгершілікке,  аққуды  атуға  болмайтыны  және 
табиғатты қорғауға  тәрбиелейді.
 «Райымбек, Райымбек» поэмасынан үзінді (2 сағат). 
Қазақ  елінің  басына  түскен  ауыр  кезеңдері,  халықтың                  
мұң-зары  суреттеледі.  Райымбектің  бала  кезден-ақ, 
қайсар  екені,  Райымбектің  іргесі  сөгілген  елдің    басын 
қосуға  талпынуы,  қолбасшылыққа  қол  жеткізгені  жайлы  
жырланады.
Мұқағали туралы  жазушылардың пікірлері (1 сағат).  
Мұқағали туралы жазылған шығармалар жайлы таныстыру.
Мұқағали өлеңдерінің құрылысы (1 сағат). Мұқағали 
өлеңдеріне сатылай кешенді талдау жасату, өлеңнің негізгі 
идеясын ашу, тәрбиелік мәні туралы ой-пікірлер жазу.
Ғасырдың  ғаламат  ақыны  (1  сағат).  Мұқағали 
Мақатаевтың  өмірі  мен  шығармашылығынан    сахналық 
қойылымдар дайындау.
«Менің  сүйікті  ақыным  –  Мұқағали»  атты  оқулар 
өткізу (1 сағат).
Мұқағали туралы не жазылды? (1 сағат).                
Бағдарламаның  күнтізбелік жоспары
Аптасына – 1 сағат. Жылына – 34 сағат.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау