«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf просмотр
бет17/33
Дата20.11.2018
өлшемі1 Mb.
#21907
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33

66
(Сұлтандай  сүйегімді  сындырмаспын,  өзіме  өз  ауруым 
жансам-күйсем).  Сөйтіп  күйшінің  өнерін  бағалап,           
бостандық береді.
Сабақ соңында үнтаспадан қазақ күйлері орындалады.
Сабақты ақынның мына өлең жолдарымен аяқтаймын.
Күй, күйші даласымен таңырқатқан,
Мұңайып серіменен астан қайтқан.
«Жетісу суреттері» дарын жанды,
Мұқаңдай алыптарға мойындатқан.
Ақын – ол әрі сұлу, әрі нәзік,
Ұрпаққа шежірелер кеткен жазып.
Маржанын асыл сөздің теретіндер
Ілияс поэзиясын еткен азық.
Үйге тапсырма: 1) «Күйші» поэмасын оқығаннан туған 
ой (эссе); 2) қазақ күйлерінің шығу тарихы (мәлімет жинау).
Бақыт АХАНОВА,
Қарағанды қаласындағы 
№6 жалпы орта білім беретін 
мектептің мұғалімі.
ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИЕВ. 
«БАУЫРЛАР»
(5-сынып)
Сабақ  мақсаты:  білімдік  –  өлең  тақырыбы,  ақынның 
айтар  ойы,  бүгінгі  күнмен  байланысын  талдау,  азаматтық 
тұлғасын таныту, одан үлгі алуға баулу; 
тәрбиелік – туған 
жерді  сүю,  топырағын  құрметтеуге,  отансүйгіштікке 
тәрбиелеу; 
дамытушылық  –  оқу  дағдысын,  сөйлеу  тілін, 


67
дүниетанымын, шығармашылық дағдысын дамытуға жағдай 
туғызу. 
Түрі:  шығармашылық  ізденіс  сабағы.  Әдіс-тәсілі: 
сөздік,  шығармашылық,  проблемалық  талдау.  Пәнаралық 
байланыс: тарих, қазақ тілі, этнография, география, музыка. 
Көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын кітаптары, портреті.
Сабақ барысы.
I.  Ұйымдастыру.  Қазақ  арасында  кең  тараған  «Құстар 
қайтып барады» әнін қосылып айтуға шақырамын.
II. Жаңа материалмен таныстыру. Осы әннің авторы, 
қазақтың  айтулы  ақыны  Тұманбай  Молдағалиевтің 
«Бауырлар»  өлеңімен  танысып,  ақынның  айтар  ойының 
өзегіне бойлап көреміз. Автор өмірінен қысқаша деректермен 
танысайық. Оқушы «Тұманбай ақынның өмірі» баяндамасын 
жазып дайындап келген.
«Бауырлар» өлеңін талдау.
«Бауыр» деген сөздің мағынасын анықтау.
Бауыр – 1) адамның ішкі ағзасының бір мүшесі; 2) бір 
ата-анадан  туған  балалар;  3)  ауыспалы  мағынада  өзара 
жақын қандас туыстар.
Мәтінмен танысу (Бір оқушыға дауыстатып оқыту).
Талдауға арналған сұрақтар:
Ақынның бауыры кім екен? «Кел, бауырым, несіне жүрсің 
жырақ?» деген сөздің мәнісін аш.
Неге  «Қимай  кеткен  сол  суды  аталарың,  Бетін  жуып 
соңғы рет мөлдіріне» дейді? Олар қайда, неге кеткен?
Ақын  нені  мақтаныш  етіп  тұр?  (Туының  желбіреуі, 
күрестердегі  жеңісі,  Абайы,  Сарыарқасы,  елі  сайлаған 
Президенті)
Өлеңнің тақырыбы не екен? Ақынның айтпақ ойы қандай 
екен? Негізгі ойды ашатын шумақтарды бөліп оқу:
Кел, бауырым, несіне жүрсің жырақ?...
Қай қияға ұшсақ та қазақ болсаң,


68
Абайыңды еске алмай жүресің бе?
Қазақ болып туғаның рас болса,
Сарыарқаға сағыныш қаныңда бар.
Қарсы алуға дайын тұр бауырларың,
Өз жеріңе бәрің де келсең көшіп...
Ақынның  азаматтық  тұлғасы  қандай?  Өлең  бойынша 
ақынға мінездеме беріп көр. Одан үлгі алуға бола ма? Нені 
үйренесің?
Өлеңнің туу тарихын білу үшін 1-тапсырманы қарап ал 
(1992 жылы Алматыда Дүние жүзі қазақтарының алғашқы 
Құрылтайы өтуіне байланысты жазылуы).
III. Бекіту жұмыстары. Топтық шығармашылық жұмыс.
Тарихшылар: Шетелдегі қандас бауырларымыз туралы 
әңгіменің бүгінгі күндегі жағдайын талдау үшін сөзді тарих 
пәнінің мұғаліміне береміз (диалог құру)
- Бауырларымыз өзге елдерге не себепті кеткен?
- Қай кездерде кеткен?
- Қазіргі күні шетелдерде қанша қазақ бар, қай елдерде 
көп?
- Тарихи Отанына оралғандар туралы мәліметтер бар ма?
Шетелдегі  қандастарымыз  туралы  зерттеп  жүрген 
демограф  ғалым  Мақаш  Тәтімов  еңбектерімен  танысуға 
берілген. Осы еңбек бойынша оқушының іздену жұмысын 
тыңдап пікірлесу.
- Қазір әлемде қанша қазақ бар?
- Қаншасы өз елімізде, қаншасы шетелде тұрып жатыр?
- Шетелдегі қандастарымыздың жағдайы қандай?
-  Олар  қазақ  тілін  біле  ме?  Салт-дәстүрін  біле  ме? 
Қалай ойлайсыңдар, өзінің тілдік ортасынан жырақ жүрген 
қазақтардың бәрі дерлік ана тілін де, дінін де, салт-дәстүрін 
де ұмытпаған, мұның сыры неде дейсің?
- Әлемнің қай елдерінде қазақтар бар? Қай елде қанша?


69
(Шетелдегі  қазақтардың  өмірі  суреттелген  сюжет        
көрсету).
Мәдениеттанушылар:  «Тарихи  Отанына  оралған 
қандастарымыздың 
арасында 
қазақтың 
өнеріне,     
мәдениетіне,  т.б.  үлес  қосып  жүргендерден  кімдерді 
білеміз?»  деген  сұраққа  жауап  беру  үшін  мына  әнді                                                          
тыңдауға шақырамын: «Ағажай Алтай» әні.
Бұл  кімнің  дауысы?  Әнші  туралы  не  білеміз?  (Майра 
Мұхамедқызы,  «Ағажай  Алтай»  әні,  Алтайдың  арғы 
бетіндегі  қазақтардың  елін,  жерін  сағынып  шығарған                                       
әнінің бірі).
Майра  Мұхамедқызы  –  опера  әншісі,  Қытайдан 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы шақыртуымен 
келген, елімізде де, шетелдерде де танымал әнші.
Мына  суреттегі  кім?  Ол  туралы  не  білесің?  (Мұстафа 
Өзтүрік)
Мұстафа  Өзтүрік  –  белгілі  спортшы,  таэквондодан 
қара  белбеудің  6-шы  дан  иегері,  Қазақстан  таэквондо 
федерациясының 
негізін 
қалаушы, 
халықаралық            
дәрежедегі  жаттықтырушы.  Ол  туралы  1991  ж.  Қалила 
Омаров «Барып қайт, балам, ауылға» атты фильм түсірген. 
IV.  Қорытындылау.  Ақын  ағамыз  «Сарыарқаға 
сағыныш  қаныңда  бар»  демекші,  қай  қиырда  жүрсе  де, 
қазақтың        Отаны,  атамекені  –  Қазақстан.  Туған  жердің 
қадірін шет жүргенде ғана білерсің. Қазір туған жер, Отан 
тақырыбындаға  мақал-мәтелдердің  жасырылған  сөздерін 
тауып, мағынасын ашуға шақырамын.
Туған жердей жер болмас, ........ (туған елдей ел болмас). 
Сары ала қаз көлін аңсайды, ....... (адам туған жерін аңсайды). 
Бөтен елде сұлтан болғанша, ........ (өз еліңде ұлтан бол). Ит 
тойған  жеріне,  .......  (адам  туған  жеріне  тартады).  Өз  елім 
– .......... (өлең төсегім). Әркімнің өз жері – ........... (Мысыр 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау