«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf просмотр
бет18/33
Дата20.11.2018
өлшемі1 Mb.
#21907
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33

70
шаһары).  Көлінен  безген  қаз  оңбас,  ..........  (елінен  безген 
ер  оңбас). 
Отан  оттан  да  .........  (ыстық).  Отансыз  адам 
–  ..........  (ормансыз  бұлбұл).  Өз  елімнің  басы  болмасам  да, 
.............  (сайының  тасы  болайын).  Аққу  көлінде,  шегіртке 
шөлінде, ер жігіт .......... (өз елінде патша).
V.  Шығармашылық  жұмыс.  Бүгінгі  сабақтан  түйген 
ойыңды  төрт  жолды  өлең  түрінде  немесе  шағын  ойтолғау 
түрінде ұсыныңыздар.
Тақырыбы: «Қайда жүрсем, туған елім...»
VI.  Үйге  тапсырма:  шығармашылық  жұмысты  аяқтау, 
ақын өлеңін мәнерлеп оқу.
Элмира ХАЛЕЛОВА,
Ақмола облысының
Зеренді ауданының
Мәлік Ғабдуллин атындағы 
«Зеренді» қазақ орта
мектебінің мұғалімі.
ҚАЛМАҚАН ӘБДІҚАДЫРОВТЫң 
«ҚАЖЫМҰҚАН» ӘңГІМЕСІ
(5-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  а)  дүниежүзілік  спорт  аренасына 
шығып, шетелдердегі жарыстарда атақ, даңққа ие болған тұң-
ғыш  қазақ  Қажымұқан  Мұңайтбасұлының  өмір  жолымен, 
бейнесімен, ерен еңбегімен таныстыру; 
ә) оқушылардың тіл 
мәдениетіне, ойын толық, дәлелді жеткізе білуіне жетелеу, 
көркем  шығарманы  талдай  білу  дағдысын  дамыту; 
б) 
спортты сүюге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.


71
Әдісі:  эвристикалық  сабақ  (баяндау,  сұрақ-жауап). 
Пәнаралық  байланыс:  ән  сабағы,  география,  әдебиет 
теориясы.  Көрнекілігі:  Қажымұқан  суреті,  фонограф, 
Қалмақан  Әбдіқадыровтың  «Қажымұқан»  кітабы  (А., 
1959),  «Күш  атасы»  (естеліктер)  (А.,  «Қазақстан»,  1990), 
Қажымұқан өмірінен дерек беретін суреттер, «Күш атасы – 
Қажымұқан», «Қажымұқан – дүние жүзілік спорт аренасына 
шығып,  шетелдердегі  жарыстарда  атақ-даңққа  ие  болған 
тұңғыш қазақ» деп жазылған дәйексөздер.  
Сабақ барысы.
I.  Ұйымдастыру:  а)  оқушылардың  сабаққа  даярлық- 
тарын қарау; ә) сабаққа қатынасуларын тексеру /2 мин/.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Сынып  оқушыларын  алдын  ала  оқу  қабілетіне  
байланысты  екі  топқа  жіктеу.  Бірінші  топқа  /  орташа 
оқитындар/  «Қажымұқан»  әңгімесін  мазмұндауы;  екінші 
топтың /жақсы оқитындар/ әңгіме мазмұнымен қоса ақын-
жазушылардың Қажымұқан туралы естелік, өлең жырларын 
қатыстырып жаттауы /10 мин/.
III. Жаңа сабақ.
-  Балалар,  бүгін  біз  сіздермен  Қалмақан  Әбдіқадыров-  
тың  «Қажымұқан»  атты  әңгімесімен  әрі  қарай  таныспақ-
шымыз.  Қалмақан  Әбдіқадыров  1903  жылы  Қызылорда 
облысында дүниеге келген.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданына қарасты «Қарғалы» 
кеңшарында  зәулім  мектепті  өз  қаржысына  салдырған. 
Өзі  балалық  шағында  жоқшылық  тақсыретін  көп  тартқан 
Қалқаман «Кеңес заманында туған жас ұрпақ білім нәрімен 
еркін сусындасын» деп мектепті салдырған екен. Қалқаман 
– ақын, жазушы, аудармашы. 
1941  жылдың  көктемінде  Қажымұқан  Қалмақанның 
Алматыдағы  Карл  Маркс  көшесінің  97-үйіне  келіп,  өзі 


72
туралы  кейінгі  ұрпаққа  жазуын  сұрап  және  жазғанда  да  
«Мені    әсірелеймін  деп  әуреленбе,  тек    тәңірімнің  берген 
бейнесін ғана жаз» депті.  Сонда Қалмақан «Жазайын, аға» 
деп  еншісіне  тиген  23  күннің  ішінде  теңізден  тамшы  ғана 
алып қалып, «Қажымұқан»  хикаятын жазған екен. 
Бізге  де  осынау  ардагер  ағамыз,  қазақ  халқының  ұлы 
перзенті, аты спорт тарихына алтын әріптермен   жазылған  
Қажымұқан  туралы  «Қажымұқан»  әңгімесіне  небәрі  екі-ақ 
сағат берілгенмен, сендерге оқулықтағы тапсырмадан басқа 
қосымша тапсырмалар бергенмін. Кім дайын? /5 мин/
Оқушылар  жауабы  тыңдалғаннан  кейін  Қажымұқан 
бейнесіне  және  ұлттар  достығына  байланысты  сұрақтар            
бере  отырып,  оқушылардың  өзіндік  ой  топшылауын          
бақылау:
Қажымұқанның күштілігін қай жерден байқаймыз?
Шыдамдылығын ше?
Добрый-Рабый  деген  кім?  Ол  Қажымұқанға  қандай 
жақсылық жасады?
Поддубный мен Қажымұқан туралы не айтасың?,  т.б.
Олай болса, «Осындай жойқын күштің иесі Қажымұқан-
ның  тұлғасы  қандай  екен?»  деген  сұрақ  тууы  мүмкін.  Ол 
үшін қазір  эпидиоскоптан көрсетілген Қажымұқанның дене 
бітімінің    өлшемін  дәптерлеріңе  жаза  отырып,  таспадағы 
жазылған  Сәкен  Сейфуллиннің  «Қажымұқан»  атты  өлеңін 
тыңдай  отырып,  тақтадағы  Қажымұқанның  бейнесін  көз 
алдыңа бір сәтке елестетіп көріңдер. 
«Салмағы – 174 кг, бойы – 185 см, кеудесінің ені 146 см, 
белінің ені – 173 см, санының қалыңдығы – 71 см, астыңғы 
және үстіңгі ерінінің әрқайсысы – 10 см. 
Маңдайы  жалпақ,  бас  терісі  екі  елі,  үлкен  қой  көзді. 
Палуанды  ерттеулі  аттардың  бәрі  бірдей  көтере  бермейді 
екен. Көбінесе, ат жегіп, арба мінген». 


73
Таспадан  Сәкен  Сейфуллиннің  өлеңі  тыңдалған  соң 
Қажымұқанның өміріне тоқталамыз:
а)  Қажымұқан  1883  жылы  Ақмоладағы  Қараөткел 
ауданына қарасты Қоспа деген жерде дүниеге келген;
ә) Әкесінің өмірін әңгімелеу;
б)  Қажымұқанның  әлемді  дүр  сілкіндірген  күрестері 
туралы; 
в) Отбасылық ғұмырын сөз ету. 
Сондай-ақ  Қажымұқанның  әншілік  өнері  де  болған. 
Оның, көбінесе домбырамен сүйіп орындайтын әні «Жонып 
алды»  екен.  Қазір  соны  тыңдап  көрейік  /2  мин,.  таспадан 
тыңдату.
IV.  Қорыту.  «Қара  күштің  атасы»  аталған  алып 
Қажымұқан 1948 жылы 12 тамызда 65 жасында дүние салды. 
Жылдар өткен сайын оның ұлы бейнесі ұлғайып, заңғар күші 
зорайып, тұлғасы биіктей түсуде. Палуанның өзі өлсе де аты 
тарихта жазылып қалды. 
- Балалар, сендер күрес дегенді қалай түсінесіңдер?...
- Күресе білу үшін нені білу керек ? 
Ал  Қажымұқан  «Күрестің  мәні  жеңіс  пен  жеңіліс  емес. 
Оның мәні алақандай аренаға шығып, көрерменнің алдында 
өз бақытың үшін күресуде. Қимыл – күрестің сыртқы бейнесі. 
Ал ең бастысы күрес адамды табандылыққа тәрбиелеп, оны 
қиындыққа мойымауға үйретеді. Күресті түсіне білудің өзі – 
күресе білуде» деген екен. 
Мына  бір  кестеден  әлем  жеңімпазы,  даңқты  бабаның 
таңғажайып  спорттық  жетістіктерінің  қысқа  ғана  тарихын 
көруге болады. 
(Эпидиоскоптан 
палуан 
өміріне 
байланысты 
хронологиялық  кестені көрсетіп, дәптерге жазғызу). 
-  Сонымен,  балалар,  Қажымұқан  аталарыңдай  палуан 
болғыларың келсе, палуандар тілі – спорт. Денсаулықтарың 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау