49
Оқулықпен жұмыс. Жоғарыда топтастырылған
Толағайдың мінездерінің сипатын мәтіннен тауып оқыту.
Күшті.
Арқалады ауыр тауды,
Жаншып бара жатыр жанды.
Маңдайынан тер көл боп ақты,
Жеткенше дем алмайын деп,
Жарты жолда қалмайын деп
Шаршаса да тоқтамапты.
Алып.
Арқаласа он баланы –
Қайыспайды қабырғасы.
Рақымшыл.
«Қайтсем жауын жаудырамын,
Ел сусынын қандырамын».
Мерген.
Аң аулауға – кең даладан,
Құтылмайды қашқан құлан.
Жалғыз толғап тартуынан
Жан құтқармас болды қыран.
Батыр.
«Келе қал,- деп,- болсаң күшті»,
күшті
жанашыр
мерген
рақымшыл
батыр
Толағай
алып
50
Құйрығынан алды барып.
Таяқ құрлы көрмей тіпті,
Жолбарысты дөңгелетті.
Жанашыр.
Күйген жердің кірді жаны,
Шөлдегендер суға қанды.
Ауыл қайта ажарланды,
Тарқады елдің бір құмары.
Ой тастау. Дәптермен жұмыс.
І топ: мәтіннен салт-дәстүрлерді теріп жазу
(Отыз күндік
мереке, бата беру, ат қою). ІІ топ: тұрақты сөз тіркестерін
теріп жазу, мағынасын түсіндіру (тәтті ұйқы, көзін тікті,
ат арытып). Тұрақты сөз тіркесінің анықтамасын айтқызу.
ІІІ топ: синонимдерді теріп жазу (жас бөбек, балғын
бөбек; тұлға, пішін; айналады, толғанады). Синонимнің
анықтамасын айтқызу.
Шығармашылық жұмыс. Ертегінің желісі бойынша
2 бөлімнен тұратын сахналық көрініс қояды. І бөлім –
«Алғашқы ерлік», ІІ бөлім – «Тау көтерген Толағай».
Ертегінің мазмұнына байланысты салған тақырыптық
суреттерді магнитті тақтаға іледі.
ІV. Сабақты бекіту. Бұрынғы оқыған ертегінің
кейіпкері Кендебаймен Толағайды салыстыру.
Кендебай
Толағай
1. Ай сайын емес, күн сайын, 6
күнде күліп, 60 күнде 6
жастағы бала болды.
2. Шыңыраудан атанды жалғыз
өзі тартып шығарады,
көкжалды өлтіреді, айдаһарды,
арыстанды жеңеді.
3. Таз, кедей балаға ата-анасын
тауып әкелді.
1. Толағай алып денелі, он
баланы көтерсе қабырғасы
қайыспайтын мықты болды.
2. Жолбарысты мысықтай
көріп, ұршықтай иіреді, тауды
жалғыз өзі көтереді.
3. Толағай еліне жауын алып
келіп, халқын аман алып
қалды.
51
V. Қорытынды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деп жас
ұрпаққа сенім артады. Олай болса, бүгінгі жастар қандай
болуымыз керек?
Еліміздің үміт артып отырған бүгінгі Толағайлары –
сендерсіңдер, осы атымызға лайық болайық. Мен де
сендерге сенім артамын.
«Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді» деген мақал бүгінгі сабағымызға
қорытынды болмақ.
VІ. Үйге тапсырма:
«Ел басына күн туса, халық күйзелсе, сен не істер
едің?» (ойтолғау).
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, шығармашылығы
жайлы оқу (өскен ортасы, қызметі, мысалдары, аудар-
малары, оқулықтары).
білімді
мейірбан
жанашыр
рақымшыл
патриот
Қазіргі
заман
жастары
ақылды
52
Ботагөз ДОСҚАЗИЕВА,
Ғабит Мүсірепов атындағы
№86 мектеп-гимназияның
мұғалімі.
Алматы қаласы.
АБАЙ ӨМІРІ МЕН
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
(10-сынып)
1. Абай Құнанбайұлының туған жерін белгілеңіз.
А) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақ жайлау
өңірі;
Ә) Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау баурайындағы
Қасқабұлақта;
Б) Ақмола облысындағы Қоскөл деген жерде;
В) Ақмола облысы, әйгілі Бурабай көлі;
Г) Қостанай облысы, Құсмұрын бекетінде.
2. Құнанбай Абайды неше жасында Семейге оқуға
жіберді?
А) 7 жасында;
Ә) 8 жасында; Б) 9 жасында;
В) 10 жасында;
Г) 11 жасында.
3. Медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай,
қандай тілдерді игерді?
А) Араб, парсы, түркі;
Ә) Араб, парсы, иран;
Б) Араб, парсы, түркімен; В) Араб, парсы, өзбек;
Г) Араб, парсы, орыс.
4. Құнанбай Абайды оқудан шығарып, ел билеу ісіне
баулығанда неше жаста еді?
А) 10 жаста;
Ә) 11 жаста; Б) 13 жаста;
53
В) 15 жаста;
Г) 16 жаста.
5. Абай Е.Михаэлиспен қай жылы кездесті?
А) 1870ж.; Ә) 1871ж.;
Б) 1873ж.;
В) 1875ж.; Г) 1880ж.
6. 1882 жылы жазылған Абайдың ақындығын өзіне
де, өзгелерге де мойындатқан шын мәніндегі көркем
туындыларын көрсетіңіз.
А) «Жаз», «Қыс»; Ә) «Өлең – сөздің патшасы», «Күз»;
Б) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жазғытұры»;
В) «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр»;
Г) «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Бородино».
7. Абай өлеңдерін кімнің атынан таратып жүрді?
А) Байкөкше;
Ә) Барлас;
Б) Көкбай;
В) Балта;
Г) Шөже.
8. Мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға
арналған тұңғыш шығармасын белгілеңіз.
А) «Интернатта оқып жүр» ;
Ә) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;
Б) «Ғылым таппай мақтанба»;
В) «Жазғытұры»;
Г) «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат».
9. Қай өлеңнен?
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.
Күншіліксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.
А) «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат»;
Ә) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»;
Б) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;
В) «Болыс болдым, мінеки»;
Г) «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?».
10. Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш
өлеңін белгілеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |