62
көріністерін суреттейді. Күй домбыра, қобыз, сырнай, қыл
қобыз, жетіген, сыбызғыда немесе оркестрмен орындалады.
Ілияс Жансүгірұлының «Күйші» поэмасы.
«Күй күшті тауды-тасты бұзатұғын».
Бұл сабақты ұжымдық оқыту технологиясы бойынша
жүргіземін. Оқушылар жұптаса жұмыс жүргізу арқылы
поэманы толық талдай алады.
Қазіргі таңда оқушылар әдеби шығарманы оқуға
қызықпайды. Сондықтан бұл технологияның көмегімен
поэманы толық талдап әрі оқушының есінде сақталады.
Оқушылар жұптаса жұмыс жүргізген кезде бір-бірінің
білімін толықтырып, өз беттерінше талдауға үйренеді.
Ол үшін сыныпты екі топқа бөлемін. 1-топ: «Күй». 2-топ:
«Өнер».
Бірінші топ күйшінің алғашқы албырт сезіміне
жоспар құрып, поэманы талдайды.
Бөлім Жоспар
Поэмадан үзінді
Кіріспе
Хан сарайы.
Қыз қалауы.
Қоршаған хан қасында қошеметші
Даяшы төлеңгіті, би, жендеті.
Ауылы Бақанастың өлкесінде,
Арқадан Алатауға ауған беті.
«Ордадан бұдан артық тілемеймін,
Бер маған осы адамды басы бүтін...»
Күйші халі.
«Алдияр, маған жарлық еткенің бе?
Байланып басы бүтін кеткенім бе?»
Қыз отауы.
Ақ отау іші-сырты зер кестелі...
Негізгі бөлім
Мөлдір сезім
Сезім күйі.
Құмайдай түлкі қуған құлдыраңдап,
Қырандай түлкі алатын көзі жайнап.
Жігіт
арманы.
Қыран боп көлден қағып, сілкер ме
еді? ...
Қыз арманы. Есіл ер хан боп неге тумады екен?
Қарадан неге туған, алда сорлы?
63
ІІ топ
Бөлім
Жоспар
Поэмадан үзінді
Кіріспе
Ерулік.
Осы өлке қыбырлаған халық Дулат
Той қылып, ерулікке бие сойып...
Арпалысқан
сезім арбауы.
Мейірімі мен дегенде мол емес пе?
Өртеніп күймен бірге жансам ба
екен?...
Негізгі бөлім
Оқыс жайт.
Шошынған
сезім.
Бір кезде қыз төсегі сылдыр етті.
Апырма-ау, әлде біреу, әлде мен
бе?...
Оқыс жиын.
Билер
төрелігі.
Ауылы Кене ханның өре тұрған...
Тентекті бермей тыныш
таппаймыз деп...
Үкім.
Көбіңе қидым, Дулат, иттің
қанын....
Екі топ бірлесе отырып поэмадан қорытынды шығарады.
Бөлім Жоспар
Поэмадан үзінді
Қорытынды
Ақылмен
жеңген сезім.
Аңқылдап домбырада күй түзелді.
Қара мен хан сүйегі қабыса ма?...
Күйші тілегі.
«Алдияр» алдыңызға тілек айтам.
Соқыр сезім.
Қыз түйсігі.
Байлаған күйші көзін күй ғой
кәпір
Байыптап жаңа-жаңа келе жатыр...
Сұлтандай сүйегімді
сындырмаспын,
Өзіме өз ауруым жансам-күйсем
Жаңа күйдің
дүниеге келуі.
Арманды «Азат» дейтін бір күй
шертті...
Сатылай кешенді талдау.
1. Авторы: Ілияс Жансүгірұлы.
2. Тақырыбы: Адалдық пен бостандық.
3. Жанр түрі: поэма.
4. Идеясы: өнерді қастерлеу.
Композициялық құрылысы:
64
1. Басталуы: Хан сарайы. Қыз қалауы.
2. Байланыс: күйші мен қыз арасындағы сезім.
3. Шиеленісуі: Оқыс оқиға. Дауға айналған Сапақ әрекеті.
4. Шарықтау шегі: үкім, күй құдіреті мен адам сезімінің
арпалысы.
5. Шешімі: Ақылмен тежеген сезім түйсігі. Жаңа күй.
Әдеби теориялық ұғымдар.
Бунақ: үш бунақты
Буын саны: 11(қара өлең ұйқасы).
Градация.
Соқ, жігіт! Соқ! Соқ, жігіт! Күйіңді тарт,
Лапылдат! Жандыр! Күйдір! Құмарт! Құмарт!
Безілдет! Сарнат! Зарлат! Үздіктірші!
Керек жоқ! Лақтыр әрі! Қысқарт! Қысқарт!
Бұл шумақта градацияның түйдектету де, баяулату да
тәсілі бар.
Портрет. Қыз портреті.
Адам сезіміне байланысты екі түрлі көзқарас
Қара қас, қалың қабақ керқұба
қыз.
Қара шаш, алма сағақ құралай
көз.
Алдыңа бір алма ағаш егілгендей,
Кер марал жусап өрген
керілгендей.
Қыз емес, мұз ғой түсі
қырауытқан.
Қыз емес, мынау тұрған –
сырттан.
Шөп желке, шолақ бұрым
қотыр-қотыр.
Жыландай жиырылған
кесіртке қыз.
Аллитерация.
Алатау, Алтай, Арқа, Қырды, Сырды
Аралап, қоныс таппай күй зарланды.
Алатау күй тыңдады ауылдай боп...
Мөлдір сезім
Жиіркеніш сезім
65
Аңқылдап алтын күрек домбырадан.
Дисфемизм. Қорқау, сырттан, албыртқан жындымын ба,
азғырған ақымақ қып сайтан екен.
Диалог:
- Алдияр.
- Айт, күйшім!
- Ертең елге қайтайын!
- Тарта бер, асықпа әлі, ақын-күйшім.
Монолог:
Мен сорлы қай жерімнен дәмелендім?
Құмартып күндіз-түні әурелендім.
Ажалым айдаһарға айдапты ғой,
А, құдай! Тәуба! Тәуба! Тәуба дедім!
Ойшақыру стратегиясы бойынша домбырадан төгілген
күйді поэма бойынша талдау.
Күйші домбырасынан төгілген күй:
1. Бостандықтан айырылған --> зарлы күй «Алдияр маған
жарлық еткенің бе?»:
2. Сезімге бөленген --> тәтті күй «Саңқылдап домбырадан
бір құмар күй».
3. Соқыр сезім --> ащы күй «Домбыра зарлап, сарнап
күңіренген»
4. Азаттық аңсаған --> мұңды күй «Бұлқынып бүтін дене
биге түсіп»:
5. Азаттық алған --> шаттық күй «Күйшімен тоқсан
тарау күй де кетті»,
Арманды «Азат» дейтін бір күй шертті:
Поэманың тәрбиелік мәні: өнерді қастерлеуге, сезімді
ақылға жеңдіре білуге тәрбиелеу.
Сабақты қорытындылау. Поэма адамға үлкен әсер
етеді. Қыздың өнер сиқырымен ояна бастаған табиғи
тілектерін оның ақсүйектік түсінігі жеңеді.
Достарыңызбен бөлісу: |