41
Тіл, қару, сөз. Жақсы, соңы, сөз, ер. Өлең, сөз, патша. Сөз,
қу, пәле, жолық. Сөз, сүйек, өт, таяқ, ет, өт.
2. «Кім жылдам?». Берілген сөздердегі қосымшаларды
өз орынына қой:
-
мемлекет- дей-гі-нде-і-тер; - қысыл-ғы-да-шаң;
- шешен-ге-дік-іңіз; - бауыр-да-ы-лар-ғы-нда;
- естелік-дің-іміз-тер.
3. «Моншақ тізу». Сынып оқушылары екі топқа бөлініп,
бір тобы жұрнақ арқылы жасалған, екінші тобы жалғау
арқылы жасалған сөздерден моншақ етіп тізіп, сөздер жазып
шығады.
4. Сен – маған, мен – саған. Бір оқушы түбір сөз айтады,
екінші оқушы оған қосымша жалғап айтуы керек.
Оқу,
оқушы, оқушылар, оқушыларды, т.б.
V. Сабақты бекіту.
1. Түбір дегеніміз не? Түбірдің қандай түрлері бар?
2. Қосымша дегеніміз не? Қосымшаның қандай түрлері бар?
3. Жалғаудың түрлерін ата. Жұрнаққа мысалдар келтір.
VІ. Сабақты қорыту.
Қосымша түбір сөзге жалғанады. Қосымша өзі жалғанған
сөзге мағына үстейді немесе сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен
байланыстырады. Қазақ тіліндегі қосымшалар белгілі бір
заңдылық бойынша бір-біріне жалғана береді, ал орыс
тілінде түбір сөзге бір ғана қосымша жалғанады.
VІІ. Оқушыларды бағалау. Сабаққа белсенді қатысып,
сұрақтарға жауап беріп отырған оқушылар мен араласпай
отырған оқушыларға тиісті бағаларын қою.
VІІІ. Үйге тапсырма.
1)
53-жаттығу. «Түбір мен қосымша» тақырыбында
шағын мәтін жазу.
2) 54-жаттығу. Алған білімдеріңді қорыту үшін түбір
сөзге он, туынды сөзге он мысал жазу.
43
4. Өткен тақырыпты қайталау.
а\ Морфологиялық диктант:
1. Жаңа мағыналы сөз тудырушы қосымша. 2. Жұрнақ
арқылы жасалған сөздердің жасалу тәсілі. 3. Жасалу
жолдарына қарай сын есімнің түрлері. 4. Түбір түрлері
5. Зат есімнің морфологиялық белгілері. 6. Сын есім
қай сұрақтарға жауап береді? 7. Құрамына қарай сан
есімнің түрлері. 8. Сан есімнің сұрақтары.
2-кезең
а\ Жаңа тақырыпты меңгерту.
Берілген
сөйлемдерді жазып, сан есімдердің жасалу
жолдарын анықтаңдар:
Ағайын – алтау, ана – біреу. Біреудің бойы аласа,
біреудің ойы аласа. Айла – алтау, ақыл – жетеу. Ердің
сөзі – біреу, ердің көзі – үшеу.
Қорытынды жасату. Жинақтық сан есімдер -ау, -еу
жұрнақтары арқылы жасалады. «Нешеу?» деген
сұраққа жауап береді. Заттың жинақталған санын
білдіреді. Көбінесе, заттың орынына қолданылады.
ә\ Түсіндірме диктанты. Сөйлемдерді жазып, сан
есімнің мағыналық түрін белгілеңдер:
Екеуінің де ойына Жамал, Сағынтай, тар кезең
елестеді. Еңгезердей біреу кіріп келеді екен. Мен
екеуінен де үлкенмін. 18 қарашада шыққан «Правда»
газетінде Панфиловтың гвардиялық дивизиясының
«Еңбек Қызыл Ту орденін алған хабары жарияланды.
Біреуге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле. Бірінші байлық
– денсаулық, екінші байлық – он саулық, үшінші байлық
– ақ жаулық.Тойған үйге тоғыз кел.
б\ Қосымша әдебиеттен
жинақтық сан есімдер тауып
жазыңдар. Жазу емлесіне назар аударыңдар.
в\ 168-жаттығуды орындау. Екеу, үшеу, төртеу боп
ойнайтын ойын түрлерін естеріңе түсіріп, түсіндіріңдер.
3-кезең
44
Өздік жұмысы. Кеспе қағаздармен жұмыс
№ 1 билет.
Көп нүктенің орынына сан есімдерді қойып жазыңдар.
Сан есімдерге морфологиялық талдау жасаңдар.
... атасын білмеген – жетімдіктің белгісі. Алпыс күн
атан болғанша, ... күн бура бол. ... сомың болғанша, ...
досың болсын.
Керек сөздер:бір, жеті, жүз, алпыс, алты.
№ 2 билет.
Көп нүктенің орынына сан есімдерді қойып жазыңдар.
Сан есімдерге морфологиялық талдау жасаңдар.
Мың досың болса да, ... жетпей тұрады. ... – ердің
жасы, ... – ел ағасы. Баланың ... тісі түседі, ... ісі
түседі.
Керек сөздер: біреуі, алпыс, сегізінде, елу, сексенінде.
№3 билет.
Берілген мақал-мәтелдерді жазып, сан есімдерге
морфологиялық талдау жасаңдар.
Ер бала – он үште отау иесі. Жеті жұрттың тілін біл,
жеті түрлі ілім біл. Ел құлағы –елу.
№4 билет.
Мақал-мәтелдерді аяқтап
жазыңдар Сан есімдерге
морфологиялық талдау жасаңдар.
Екі кісі ығысса, бір кісілік орын ... .
Ит – жеті қазынаның ... .
Айдағаны – бес ешкі, ... .
Мақтанған – тілге мың ... .
Бекіту.
Жеке парақтарда жазылған сан есімдерді үш топқа
бөлінген сынып оқушылары өздерінің тақырыптарына
сай таңдап алады.
1-топ есептік, 2-топ реттік, 3-топ жинақтық.
Мың тоғыз жүз тоқсан бірінші, қырық мың, жетеу,
отызыншы, жүз мың тоғыз, төртеу, он алты, мың
тоғыз жүз тоқсан екінші, екі мың он екінші, бірінші.
Үй тапсырмасы: а\ ережені жаттау; ә\ 167-жаттығу.
Құрамында сан есімі бар
мақал не нақыл сөз бойынша
ребус құраңдар.