45
Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс
Хуралай АЛДАНЫШ,
Абай атындағы көпсалалы
мектеп-гимназияның мұғалімі.
Шығыс Қазақстан облысы,
Жарма ауданы,
«Қалбатау» ауылы.
ӘБДІЛДАНЫң «ТОЛАҒАЙ»
ӘДЕБИ ЕРТЕГІСІ
(5-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – әдеби ертегі туралы
түсінік беру, «Толағай» әдеби ертегісінің мазмұны, негізгі
идеясымен таныстыру;
дамытушылық – оқушылардың
тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту, әдеби ертегіні
халық ертегісінен ажырата білуге үйрету, өзіндік ойын
дәлелдеуге, тұжырымдама жасауға жетелеу;
тәрбиелік
– туған жерге, Отанға деген патриоттық сезімдеріне
әсер ету, сүйіспеншіліктерін арттыру, қайырымдылыққа,
жанашырлыққа,
рақымшылдыққа
тәрбиелеу.
Түрі:
жаңа білімді меңгерту.
Типі: дәстүрлі емес.
Әдіс-тәсілі:
топтастыру, талдау, салыстыру, ой қорыту, ЖБИМ (Қанипа
Бітібаева), сахналық қойылым.
Көрнекілігі: интербелсенді
тақта, слайдтар, «Толағай» тауының макеті, найзағай,
жаңбырдың дыбысы, жолбарыстың ырылы, карта, Әбділда
Тәжібаевтың 5 томдық жинағы.
Пәнаралық байланыс:
қазақ тілі, тарих, география, музыка, бейнелеу, орыс әдебиеті.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп, бағалау парақша-
ларын үлестіріп беру.
47
сапалы көркем бір ағым кіргізген ақын». Мұхтар Әуезов.
Әдеби ертегі туралы түсінік беремін.
Ертегілердің бір саласы – әдеби ертегілер. Әдеби ертегінің
жазған авторы белгілі болғандықтан оны
әдеби ертегі деп
атайды. Мысалға Әбділда Тәжібаевтың «Толағай» әдеби
ертегісіне Толағай атты батыр бала туралы және оның
атымен аталып кеткен Толағай тауы туралы халық аңызы
арқау болған. Мағжан Жұмабаевтың «Жүсіп хан» ертегісі,
орыс жазушысы В.Гришиннің атақты «Саяхатшы бақа»
ертегісі де әдеби ертегіге мысал бола алады.
Әбділда Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы
алдын ала тапсырма берілгендіктен өздері баяндайды: өскен
ортасы,
өлеңдері, поэмалары,
пьесалары, қызмет жолы.
Картадан көрсету
«Толағай» әдеби ертегісіне арқау болған Толағай тауының
орналасқан жерін картадан көрсету, «Толағай» тауы туралы
аңызға тоқталу.
«Толағай» тауы – Көкпекті ауылынан солтүстікке қарай
12 шақырым жерде орналасқан жеке шоқы. Қалбатауының
бір бөлігі, биіктігі шамамен 700 метрдей, «Толағай»
тауынан бастау алған бұлақтар Шегелек өзеніне қосылады.
Сыртқы келбетіне қарағанда табиғат ескерткіші тәрізді,
киіз үйге ұқсас. Аңызға сүйенетін болсақ, Тарбағатай
тауының бір шатқалын көтеріп келе жатқан Толағай дәл
осы тұсқа келгенде құлап, сол тауға бастырылып қалған
екен. Сондықтан «Толағай» тауы деп аталыпты. Бүгінде
Көкпекті ауданында «Толағай сазы» халық аспаптар
ансамблі, «Толағай тентектері» көңілді тапқырлар клубы
республикамызға танымал екен.
«Толағай» есіміне қатысты қандай бағдарламаларды
білесіңдер? («Толағай» отбасылық сайысы).
Топпен жұмыс. Әр топқа тапсырма беріледі.
48
І топ: Сюжеттік жоспарын құру.
ІІ топ: Ертегінің тақырыбы, идеясы, композициялық
құрылымы.
ІІІ топ:Толағайға мінездеме беру.
Сөздік жұмысын жүргізу («мерген, жолбарыс» туралы
қосымша түсініктеме беру слайд арқылы).
І топ.
Сюжеттік жоспар:
1. Дүниеге
«алып болар» баланың келуі. 2. Толағайдың
ержетуі. 3. Алғашқы ерлік. 4. Алыптың жан күйзелісі. 5. Тау
көтерген Толағай. 6. Ер есімі ел есінде.
Құрылған сюжеттік жоспар бойынша оқушылар ертегінің
мазмұнын қысқаша айтады.
ІІ топ.
Ертегінің тақырыбы – ерлік туралы, идеясы –
елі үшін, Отаны үшін сондай ерлер туса екен деген тілек,
ниет.
Ертегінің композициялық құрылымы
Басталуы Саржан
мергеннің ұл балалы болуы
Дамуы
Толағайдың ержетуі.
Шиеленісуі Халықтың күйзелуі, Толағайдың
жан күйзелісі.
Шарықтау Толағайдың
тауды көтеріп әкеліп
шегі жаңбыр жауғызуы,
халықты құтқаруы.
Шешімі
Отаны үшін өлді бала.
Ер есімі – ел есінде.
ІІІ топ.
Толағайға мінездеме беру. Топтастыру
стратегиясын пайдалану.