«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет17/33
Дата20.11.2018
өлшемі1,14 Mb.
#21906
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33

64

65

1. Зерттеңіз. Лашын, қызғыш құс туралы не білесіңдер? 

Жәңгір хан кім? Ол туралы қандай дерек таптыңдар?

2.  Суреттеңіз.  Ақынның,  қызғыш  құстың  жай  күйін 

суреттеуде  қандай  түс  қолданар  едің?  Лашын  мен  Жәңгір 

хан бейнелерін суреттесеңдер қандай түс қолданар едіңдер, 

неліктен?



3.  Салыстырыңыз.  1-топ.  Махамбет  пен  Жәңгір  хан. 

2-топ. Қызғыш құс пен лашын құс.

4. Қолданыңыз. Өлең құрылысына талдау жасаңыз.

5. Пікірді қолдаңыз немесе қарсы шығыңыз. 

Өлеңде Махамбет – өмірден түңілген адам. Махамбет – 

болашаққа сенімі мол адам.

6.  Толғаныс.  1-топ.  Махамбет  атынан  сөйлеңіз.  2-топ.

Қызғыш құс атынан сөйлеңіз.



Ой қорыту стратегиясы.

Осы  өлең  арқылы  ақынның  айтпақ  ойы.  Махамбет  пен 

қызғыш құстың тағдырында ұқсастық бар ма? 

III. Ойтолғаныс. 

 Мұхтар Шахановтың «Жайықпен жүздескенде» өлеңінен 

үзінді оқу.



Байқаймысың? Байқаймысың?

Бір адамға байланысты бір адамның болашағы.

Байыппенен көз жіберсең асау жылдар өрісіне,

Бір адамға байланысты бір адамның жеңісі де.

Бұл замани қағиданың мүмкін бе екен көнермегі?

Қозы Көрпеш аман тұрса, Баян сұлу өлер ме еді?

Исатайды жеңбесе жау, Махамбетті жеңер ме еді?

Қайран ақын тағдырының соққысына көнер ме еді?

Қайран ақын – сұңқар қиял, наркескен ой,батыл арман,

Исатайдан айырылғанда жер бауырлап жатып алған.

Бұдан асқан қайғылы түн қонған емес басына оның,

Досы барда алшысынан тұрушы еді асығы оның.

О, сұмдық-ай,

Жаулық сезім парасатты паналапты,

Исатайдың өлімімен Махамбетті жаралапты...

- Дос, достық туралы не айтар едіңдер?

Ойтолғау.    «Дос  –  көңілдің  ажары»  деген  тақырыпта 

ойтолғау жазу.



Автор  орындығы  стратегиясы.  Орындыққа  келіп 

жазғандарын оқиды.



Сұхбаттасу  стратегиясы.  Бүгінгі  сабақтан  қандай  әсер 

алдыңдар?



Баян АБЫЛХАПОВА,

Алматы облысының

Балқаш ауданындағы

Н.Бозжанов атындағы орта 

мектептің мұғалімі.

ЖАМБЫЛ – АЙТЫС ШЕБЕРІ

(9-сынып)

Жалпы  мақсаттар:  айтыскер  ақын  Жамбылдың  өмір 

жолы,    айтыс  ақыны  ретінде  танылуы,  айтыстарындағы 

сол  кездегі  әлеуметтік  мәселенің  көтерілуі,  Жамбылдың 

айтыстағы  ақындық  шеберлігі  туралы  мағлұмат  беру; 

оқушылардың  сыни  тұрғыдан  ойлау  қабілеттерін  арттыру, 

топпен  жұмыс істеу арқылы  өзіндік пікір айту дағдыларын 

дамыту.

Оқыту  нәтижелері:  Жамбыл  өмірі,  шығармашылығы, 

ақындығы  туралы  жан-жақты  біледі;  өлеңді  құрылысына 

қарай  талдауға  машықтанады;  өз  беттерімен  жұмысқа 

дағдыланады;  Жамбылдың  айтыстағы  ақындық  шеберлігін 




66

67

таниды.



Негізгі  идеялар:  заман  талабына  сай  өз  білімін  өмірде 

қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, 

ойлау және сезіну қабілеті  бар адам дайындау.

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру.  Сәлемдесу,  түгелдеу,  сыныптағы 

психологиялық ахуалды бақылау.



«Жүректен жүрекке».

Осы  ізгі  тілектердің  ішінде  ең  бастысы  не  деп 

ойлайсыңдар?

«Мозаика»  әдісі  бойынша  топқа  бөлу.  Мозаиканың  әр 

бөлігін тарату. Бәрін қосқанда «Бақыт» сөзі шығады.

1.Отан.    2.Бейбітшілік.    3.Тәуелсіздік.    4.Білім. 



Сабақтың ережесімен таныстыру.

Белсенді  қатысу.  Тыныштық  сақтау.  Бірін-бірі  тыңдау. 

Ойын ашық айту. Ынтымақтастық.

Бағалау  парағы  таратылады.  Бағалау  өлшемдерімен 

таныстыру.

Постер құрастырады. «Домбыра». Әр  топ өз  постерлерін 

қорғайды.

I. Білім. «Миға шабуыл».  Бір-біріне сұрақтар қояды.

Жамбыл  кім?  Қай  қырынан  таныдыңдар?  Қашан,  қай 

жерде дүниеге келген? Қандай шығармаларын білесіңдер?

II.  Түсіну.  «Кубизм»  стратегиясы  бойынша  суреттеу, 

салыстыру,саралау, қолдану (Постер құру).



1-топ.  Суреттеңіз.  Ақын  мұрасының  өрнек  кестесін 

құрастырыңыз.  Ақын  мұрасының  өміршеңдігі  неде  деп 

ойлайсыз? Жыршы деп қандай өнерпазды айтады?

2-топ.  Саралаңыз.  Жамбылдың  сатиралық  өлеңдерінің 

ерекшелігін,  «Кәдірбайдың  төбеті»  өлеңінің  сатиралық 

сипатын  айтыңдар.  «Күлкі  –  қазақ  халқы  ұғымындағы  ең 

үлкен жаза» деген пікірдің мәнін қалай түсінесіңдер? 



3-топ. Салыстырыңыз. 1913 жылы Романовтар әулетінің 

үш  жүз  жылдық  мерейтойына  арнап  айтқан  «Өстепкеде» 

өлеңінен  үзінді  оқып,мағынасын  ашу.  Абайдың  «Өлең 

–  сөздің  патшасы,  сөз  сарасы»  өлеңінің  мазмұнымен 

салыстыру. Екі өлеңнің мазмұны несімен үйлесімді?

 Үйсін,Найман саңлағы,        Желді күнгі қамыстай

Өстепкеде жиылдың.           Жапырылып иілдің.

Елде жүрген егейлер,            Келтірдіңдер намысты,

Ұлық көрсең ұйлығып,           Бек қорланып күйіндім.

Бай-болыстардың  жағымпаздық  мінезін  сынау  мақса-

тында айтылған.

4-топ.  Қолданыңыз.  Сүйінбай  мен  Жамбылдың  қарым-

қатынасын  қалай  бағалауға  болады?  Ұстаз  бен  шәкірт 

арасындағы сыйластық неден байқалады?

Сергіту сәті. Таңғы гимнастика.

III.  Қолдану.  Оқулықты  қолданып,  Жамбылдың 

айтыскерлігіне зерттеу жүргізу.



1-топ:  Жамбыл – айтыс шебері.

2-топ:  Жамбыл мен Құлмамбеттің айтысы.

3-топ: Айтыстағы Жамбылдың артықшылығы.

4-топ: Жамбыл шығармаларындағы фольклорлық сарын.

1.    Материалмен  танысады.  Талқылайды,  мазмұнына 

талдау жасайды. Материалдың ұсыну формасын анықтайды. 

Сызба, кесте түрінде береді.

2.    Ақпаратпен  алмасу  үшін  топ  басқарушы  басқа   

топтарға ауысады, ойларын ортаға салады. Өз материалын 

баяндап, өзге жұмыстардан хабардар болады.  

3.    Басқарушы  өз  тобына  келіп,  жаңа  материалмен 

таныстырады.



Дайындаған  постерлері  бойынша  баяндайды.  Бірін-бірі 

толықтырады

Сергіту сәті. «Қара жорға» биі.


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау