169
бүйрекүсті безі қыртысында ғана өндіріледі. Осыған сəйкес ер-
лер организмдерінде əйелдерге қарағанда андрогендер мөлшері
көп. Бұлшық ет массасының ұлғаюындағы андрогендердің рөлі
келесідей көрінеді. Бұлшық ет массасының жасқа байланысты да-
муы андрогендер гормондардың өндірілуінің ұлғаюымен қатар
жүреді. Бірінші елеулі көзге түсетіндей бұлшық ет талшықтарының
жуандауы андрогендердің түзілуі күшейетін 6-7 жаста байқалады.
Жыныстық жетілу басталуымен ұлдарда 11-15 жаста жəне одан
кейінгі кезеңдерде де жалғасатын бұлшық ет массасының қарқынды
өсуі басталады. Қыздарда бұлшық ет массасының дамуы негізінен
жыныстық жетілу кезеңінде тоқталады. Мектеп жасында бұлшық ет
күшінің өсуі де осыған сəйкес сипатта болады.
Тіпті, күш көрсеткіштерін дене өлшемімен коррекциялаудан
кейін де күштік көрсеткіштер ересек əйелдерде ерлерге қарағанда
төмен болады. Сонымен қатар егер əйелдерде кейбір сырқаттар
нəтижесінде бүйрекүсті бездердің андрогендер бөлуі күшейе түссе,
жақсы дамыған бұлшық ет рельефі пайда болады, бұлшық ет күші
артады.
Жануарларға жүргізілген тəжірибелерде андрогендік гормондар
(анаболик) препараттарын енгізу бұлшық ет белоктары синтезінің
айтарлықтай
интенсификациясын
тудыратыны
дəлелденген.
Нəтижесінде жаттықтырылған бұлшық ет массасы жəне олардың
күші артқан. Сонымен бірге қаңқа бұлшық ет жұмыс гипертрофиясы
андрогендік жəне басқа гормондардың (өсу гормондары, инсулин,
тиреоидты гормондар) қатысуынсыз да жүруі мүмкін.
Басқа жаттықтыру түрлері сияқты күштік жаттықтыру да
бұлшық еттердегі жылдам жəне баяу бұлшық ет талшықтарының
екі негізгі типтерінің арақатынасын өзгертпейді. Сонымен қатар
ол жылдам гликолиздік (ЖГ) талшықтар пайызын арттыра жəне
сəйкесінше жылдам тотығу-гликолиздік талшықтар (ЖТГ) пайы-
зын азайта отырып, екі жылдам талшықтар түрінің арақатынасын
өзгертуге қабілетті келеді. Мұнда күштік жаттықтыру нəтижесінде
баяу тотығатын талшықтарға (БТ) қарағанда жылдам бұлшық ет
талшықтарының гипертрофия дəрежесі айтарлықтай жоғары. Ал
төзімділікке жаттықтыру гипертрофияға бірінші кезекте баяу
талшықтарды əкеледі. Бұл айырмашылықтар бұлшық ет талшықтары
жұмыс гипертрофиясының дəрежесі олардың жаттықтыру
үдерісіне тартылу шамасымен қатар оның гипертрофияға ұшырау
қабілеттілігіне де тəуелді екенін көрсетеді.
170
Күштік жаттықтыру жылдам бұлшық ет талшықтары сияқты
баяу бұлшық ет талшықтары да қатысатын қайталана максималды
немесе оған жуық бұлшық ет жиырылуының салыстырмалы аз са-
нымен байланысты. Бірақ аз қайталаудың өзі жылдам талшықтардың
жұмыс гипертрофиясының дамуы үшін жеткілікті. Бұл жыл-
дам талшықтардың баяу талшықтармен салыстырғанда жұмыс
гипертрофиясының дамуына аса бейім екенін көрсетеді. Бұлшық
еттердегі жылдам талшықтардың жоғары пайызы бағытталған
күштік жаттықтыру кезіндегі бұлшық ет күшінің айтарлықтай өсуі
үшін маңызды алғышарты болып табылады. Сондықтан бұлшық
еттеріндегі жылдам талшықтардың пайызы жоғары болатын адамдар
күш пен қуаттылықты дамыту үшін неғұрлым жоғары потенциалдық
мүмкіндіктерге ие.
Төзімділікке жаттықтыру салыстырмалы аз күшті бұлшық
ет жиырылуының қайталануының көп болуымен байланысты.
Бұл негізінен баяу бұлшық ет талшықтарының белсенділігімен
қамтамасыз етіледі. Сондықтан жылдам, əсіресе, жылдам гликолиздік
талшықтардың гипертрофиясымен салыстырғанда осы жаттықтыру
түрінде баяу бұлшық ет талшықтарының жұмыс гипертрофиясының
неғұрлым айқын көрінуі түсінікті.
Жылдамдықты-күштік сапаның (қуаттылықтың)
физиологиялық негіздері
Максималды қуаттылық (кейде «жарылыс» қуаттылығы деп
те атайды) күш пен жылдамдықтың оптималды үйлесуі болып та-
былады. Қуаттылық лақтыру, секіру, қысқа қашықтыққа жүгіру,
күрес сияқты көптеген спорттық жаттығуларда көрінеді. Спортшы
неғұрлым қуаттылығын жоғары дамытса, соғұрлым оның снарядты
лақтыру немесе өзінің денесінің қозғалу жылдамдығы жоғары бо-
лады. Себебі снарядтың немесе дененің мəрелік жылдамдығы оған
берілген күшпен, жылдамдықпен анықталады.
Қуаттылық бұлшық ет күшінің немесе жылдамдығының неме-
се екеуінің де өсуі есебінен артуы мүмкін. Көбіне, қуаттылықтың
айтарлықтай өсуіне бұлшық ет күшінің артуы есебінен жетеді.
Қуаттылықтың күштік компоненті (динамикалық күш).
Бұлшық ет жұмысының динамикалық режимі жағдайында
171
(концентрлі немесе эксцентрлі жиырылу) өлшенетін бұлшық ет
күші динамикалық күш (Ғ) ретінде белгіленеді. Ол бұлшық еттің
концентрлі жиырылуы кезінде үдеумен (а), массамен (m) немесе
бұлшық еттердің эксцентрлі жиырылу кезінде масса қозғалысының
баяулауы бойынша (кері белгімен үдеу) анықталады. Бұл анықтама
физика заңына негізделген: Ғ= m х а. Мұнда көрінетін бұлшық ет
күші орын ауыстыратын масса көлеміне байланысты: орын ауысты-
ратын массаның артуымен күш көрсеткіштері кейбір шекте өседі,
əрі қарай массаның артуы динамикалық күштің артуымен қатар
жүрмейді.
Динамикалық күшті өлшеу кезінде зерттелуші күрделі бұлшық
еттен тыс жəне бұлшық ет ішілік координациялы қозғалысты
орындайды. Сондықтан динамикалық күш көрсеткіштерінің түрлі
адамдарда айтарлықтай айырмашылықтары бар жəне сол бір
адамды қайталап өлшеу кезінде изометриялық (статикалық) күш
көрсеткіштеріне қарағанда көбірек болады.
Бұлшық еттердің концентрлік жиырылуы кезінде өлшенетін
динамикалық күш статикалық күшке қарағанда аз. Əрине, мұндай
салыстырулар екі жағдайда да зерттелушінің максималды күш са-
луы жəне бірдей буындық бұрыштар кезінде жүргізіледі. Эксцентрлі
жиырылу режимінде бұлшық еттер максималды изометриялық
күштен айтарлықтай асатын динамикалық күшті көрсетуге қабілетті.
Бұлшық ет жиырылуының осы режимінде қозғалыс жылдамдығы
неғұрлым жоғары болған сайын соғұрлым көрінетін динамикалық
күш жоғарырақ болады.
Зерттелушілерде
статикалық
жəне
динамикалық
күш
көрсеткіштері арасында шамалы корреляция байқалады (корреляция
коэффиценті шамамен, 0,6-0,8).
Динамикалық жаттықтыру нəтижесінде динамикалық күштің
артуы статикалық күштің жоғарылауын тудырмауы мүмкін.
Изометриялық жаттығулар немесе динамикалық күшті арттырмай-
ды немесе статикалық күшке қарағанда айтарлықтай азырақ артты-
рады (48-сурет).
Мұның барлығы жаттықтыру əсерінің төтенше арнайылығын
көрсетеді: жаттығудың (статикалық немесе динамикалық) белгілі бір
түрін қолдану нəтиженің неғұрлым айтарлықтай жоғарылауын тап
сол жаттығу түрінде тудырады. Мұнымен бірге бұлшық ет күшінің
барынша өсуі сол жаттықтыру жүретін қозғалыс жылдамдығы
кезінде байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |